«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Біздің спорттағы жетістіктеріміз!

08.04.2024

Арман балалар-жасөспірімдер шығармашылығының орталығында еркін күрестен Қазақстан Республикасы Чемпионатының күміс жүлдегері, тәрбиеші Кабашкин Ярославпен салтанатты кездесу өтті.
Айта кету керек, Ярослав бірінші сыныптан бастап біздің "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығына қатыса бастады. Алғашқы педагогтар Жапаров Беким Сүлейменұлы, Сухопарова Ирина Викторовна (гимнастика) . Одан әрі Ярослав 2-сыныпта Мұхамеджанов Қуаныш Мақсұтұлымен айналыса бастады. Қазіргі уақытта БЖСМ-де айналысады.
Ярославты барлық педагогтар, оның ішінде педагогикалық еңбек ардагері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Бурабай ауданының Құрметті азаматы Б. К. Жапаров құттықтады.
Барлық жас спортшыларға педагогикалық еңбек ардагері, спорт ардагері, ҚР Білім беру ісінің үздігі , Бурабай ауданының Құрметті азаматы Ж. Б. Абілқасов құттықтау сөз сөйледі.
Сондай-ақ " қазақ күресі "секциясының тәрбиеленушілері Әділбек Ержанатқа және Сағат Даниалға қазақ күресінен спорт шеберіне кандидаттар куәліктері салтанатты түрде табысталды!!!
Педагог Тоқанов Төлеби Сайранұлы.

Балалар, Біз Сіздерді мақтан тұтамыз!
Алға, Қазақстан!

https://www.instagram.com/reel/C5ZQFpjrhFS/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Просмотров: 54


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст