«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған онкүндіктің ашылуына орай брифинг өтті

17.09.2020

Ақмола облысында Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне арналған онкүндіктің ашылуына орай брифинг өтті

Шара барысында тіл саясаты саласындағы жұмыстар туралы, сондай-ақ өңірде қандай іс-шаралар атқарылатындығы жайлы айтылды.

Жалпы, Ақмола облысы бойынша тіл онкүндігі аясында 1000-ға жуық онлайн іс-шаралар өткізіледі, оған 200 мыңға жуық адам қатысады деп жоспарланған. Мәселен, «Ұлы Даланың ұлы Тілі» атты Түркия, Англия, Франция, Венгрия елдерінің этникалық қазақ қоғамдықтарының қатысуымен халықаралық онлайн конференциясы, «Тіл - халықтың ұлы байлығы, бала тілі – бал бүлдіршіндер» атты онлайн фестивалі, Әбу Насыр әл Фарабидің 1150 жылдығына орай аудан жастары арасында «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактатынан» үзінділер жатқа айту сайысы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Абай тілі – ғасыр үні» атты мәнерлеп оқу, бейне байқаулар сайысы және басқа да шаралар ұйымдастырылады.

«16 қыркүйек күні Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен өткізілетін онкүндіктің жабылу рәсімінде мемлекеттік тілдің және басқа да тілдердің дамуына үлес қосқан азаматтарды және онлайн конкурстар мен байқаулардың жеңімпаздарын марапаттау ұйымдастырылмақ», - дейді ішкі саясат басқармасының басшысы Алтынай Әміренова.

 

 

Просмотров: 144


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст