«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы Бурабай ауданының білім бөлімі жанындағы «Арман» балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының ЖАРҒЫСЫ

1.     Жалпы ережелер

  1. «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығы» әрі қарай «кәсіпорны» оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыруға арналған  құқықтық ұйымдастыру түріндегі  заңды тұлға болып табылады.
  2.     Мемлекеттік кәсіпорын түрі – коммуналдық.
  3.     Кәсіпорын Щучье аудандық әкімдігінің 2005 жылдың 10 маусымындағы

        қаулысына сәйкес құрылған.

  1.     Мемлекеттік кәсіпорынның өкілетті органы (құрылтайшысы) Бурабай ауданының әкімдігі болып  табылады.
  1. Кәсіпорынды  басқаруды жүзеге асырушы орган әрі қарай «мемлекеттік басқару органы» Бурабай ауданының білім бөлімі болып табылады. 
  2. Кәсіпорын өз қызметін Қазақстан Республикасының Конститутциясына және Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің   нормативтік-құқықтық «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысына сәйкес, өкілетті органның қаулыларына, мемлекеттік басқару органының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес және осы Жарғы негізінде жүзеге асырады.
  3. Кәсіпорының атауы:

        қазақ  тілінде:

        Бурабай ауданының білім бөлімі жанындағы  Бурабай ауданы әкімдігінің «Арман» мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

        орыс тілінде:

        Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр внешкольной учебно - воспитательной работы «Арман» акимата Бурабайского района при отделе образования Бурабайского района.

  1. Мемлекеттік кәсіпорынның заңды мекенжайы:

        Қазақстан Республикасы

        Ақмола облысы

        Бурабай ауданы

        Щучинск қаласы

        Елемесов көшесі 50

        Индексі 021700

  1. Кәсіпорынның заңды мәртебесі

  9. Кәсіпорын мемлекеттік тіркелген сәттен бастап құрылды деп саналады және заңды тұлға құқығына ие болады.

10. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дербес теңгерімі, банктік шоттары бар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы қазақ және орыс тілінде жазылған бланкілері, мөрі бар.
 

  1. Кәсіпорын қызметінің мәні, мақсаттары және түрлері
  1.   Кәсіпорын оқу-тәрбие қызметін білім беру саласында жүзеге асырады.
  2.   Кәсіпорын қызметінің мәні балалардың тұлғалық және кәсіби тұрғыдан өзін-өзі айқындауын дамыту үшін, қабілеттерін жүзеге асыруға, қоғамдағы әлеуметтік өмірге бейімделуіне, өзінің азаматтық санасын қалыптастыруға, бос уақытын салауатты өмір салтына, жалпы мәдениетіне бағыттап мазмұнды өткізуіне жағдай жасау.
  1.   Кәсіпорын қызметінің мақсаты білім алушылардың, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі балалардың жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүддесіне сай мектепке дейінгі және қосымша білім алуын жүзеге асыру, тұлғаның танымдық және шығармашылық қызығушылығын дамыту болып табылады.
  1. Кәсіпорын мақсатқа жету үшін қызметтің келесі түрлерін жүзеге асырады:
  1.   қосымша білім беру саласындағы балалар мен жастар үшін мемлекеттік қызметтер ұсыну;
  2.   балаларға мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу саласында  мемлекеттік тапсырысты орындау;
  3.   қосымша білім беру бағдарламаларының келесі бағыттар бойынша жүзеге асуы: кәсіби-техникалық, спорттық, әлеуметтік-педагогикалық, оқушылардың ғылыми қоғамы, көркем-эстетикалық, мектепке дейінгі;
  4.   оқушылардың кәсіптік  курстарының ұйымдастырылуы арқылы бейіналды және кәсіптік даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларының жүзеге асырылуы;
  5.   жарты күн қатысатын мектепке дейінгі шағын орталық балалары үшін оқу-тәрбие қызметін жүзеге асыру;
  6.   көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу (концерт, көрме және т.б.);
  1.   балалар мен жасөспірімдердің жеке қасиеттерін қалыптастыру және дамыту үшін тұратын жерлері бойынша бос уақытын қамту мақсатында үйірмелер мен аула клубтары түрінде қажетті жағдай жасау.
  2.   басқа  білім беру мекемелерінде, балалар қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарында қосымша білім беру бағдарламаларын, балалалардың бос және сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруды жүзеге асыру;
  3.   мектептен тыс, сабақтан тыс білім беру мәселелері бойынша ауданның білім беру ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу;
  4.   балалар мен жастардың қызығушылықтарын, өзіндік және жас ерекшеліктеріне есепке ала отырып, бос уақыттарын мазмұнды өткізу істерін ұйымдастыру,  шығармашылық дағдыларын қалыптастыру және дамыту;
  1.   мұражай қызметі арқылы мемлекетіміздің мәдени-тарихи мұраларын зерттеуге жағдай жасау;
  2.   өскелең ұрпақты Қазақстан халықтарына, мәдениетіне, бейбітшілік пен толеранттық дәстүрлеріне сүйіспеншіліктері мен адалдықтарын, білімге, өзін өзі жетілдіруге ұмтылыстарын,  Отанының тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына өз үлесін қосу және оны жоғары жауапкершілік сезіммен үйлестіруін негізге ала отырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында аудан мектептерінің балалар қоғамдық ұйымдарымен бірлескен қызметін жүзеге асыру;
  3.   тұлғаның шығармашылық, рухани, физикалық мүмкіндіктерін  дамыту,  оның бойында рухани және салауатты өмір салтының мықты негіздерін қалыптастыру, әлеуметтену және өзін өзі шығармашылық жетілдіруінің табысты болуы үшін қажетті мүмкіндіктер мен жағдайлар жасау;
  4.   мектептегі ақпарат-орталықтарының қызметін іске асыру, ол үшін балалардың бойында азаматтық ұстанымын, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілік сезімін қалыптастыру мақсатында,  өздерінің баспасөз органын құру;
  5.   мектеп оқушыларын табиғатты қорғау ісіне тарту, оларды эколгиялық мәдениетке тәрбиелеу;
  6.   Балалардық қоғамдық қабылдау қызметі арқылы қиындықтарға ұшыраған балаларға, жасөспірімдерге және ата-аналарға кеңес беру көмегін көрсету
  1.   Кәсіпорынның осы Жарғының мәні мен мақсатына   қайшы келетін істерді жасауға, қызметті жүзеге асыруға құқығы жоқ
  1. Кәсіпорынды басқару     
  1. Мемлекеттік кәсіпорын өз қызметі барысында жоғары тұрған ұйымдарға, тікелей Бурабай ауданының білім бөліміне бағынады, мектепке дейінгі, мектептен тыс білім беру қызметі саласында мемлекеттік саясатты жүргізеді.
  2. Кәсіпорынды мемлекеттік басқаруды – Бурабай ауданының білім бөлімі мемлекеттік басқару органы атқарады.  
  3. Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органыны төмендегідей  құзыретке ие:
  1. мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын белгілеу;
  2. мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және алдағы жоспарларын, оның ішінде жоспарлық қаржылық көрсеткіштерді, оларды ұсынудың кезеңділігі мен тәртібін қарау және бекіту;
  3. мемлекеттік кәсіпорынның қаржы-шаруашылықтық қызметінің жоспарлық көрсеткіштерінің орындалуын өкілетті органға олардың белгілеген мерзімінде тиісті есеп беру арқылы бақылау  және талдау;
  4. жыл сайын Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін белгілеу;
  5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес директорды лауазымға тағайындау және лауазымынан босатуды, оны аттестациядан өткізуді жүзеге асыру;
  6. мемлекеттік кәсіпорындағы мүліктің сақталуын және тиісті бағытта қолданылуын  бақылау;
  7. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес оның құзырлығына жататын басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдау.
  8. Кәсіпорын құрылымы мен штаттық есеп санын бекіту;   
  9. қаржылық есеп беру мерзімінің бекіту;
  10. Кәсіпорынның филиалдар құруына келісім береді;
  1. Кәсіпорынның алқалық басқару түрлері - педагогикалық кеңес, қамқорлық кеңесі және әдістемелік кеңес болып табылады.
  2. Кәсіпорынның жоғарғы органы - кәсіпорынның    және ұжымның  негізгі мәселелерін шешетін педагогикалық кеңес  болып табылады.
  3. Кәсіпорынды тікелей басқару қызметін мемлекеттік басқару органы алдында жауапты болып табылатын, директор атқарады.
  4. Мемлекеттік басқару органы, кәсіпорын директорымен қарым-қатынасын Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбек келісім шартына отыру  арқылы ресімдейді.
  5. Кәсіпорын директоры мемлекеттік басқару органының алдында кәсіпорынның жұмыс жағдайына жеке жауапкершілікте болады, осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен белгіленген Кәсіпорын құзыреттілігіне сәйкес Кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін  өз бетінше және жеке дара принциптермен әрекет етіп шешеді.
  6. Кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер ұйымдастыруға Кәсіпорын директоры дербес жауапкершілікте болады.
  1. Кәсіпорын директоры кәсіпорын атынан сенімхатсыз әрекет етеді , барлық органдарда оның мүддесін қорғайды,  Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен белгіленген мөлшерде кәсіпорын мүліктеріне иелік етеді, келісімшарттарға отырады, сенімхат береді, банк есепшоттарын ашады және басқа да мәмілелер жасайды, бар қызметкерлерге міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді.     
  2. Өз құзырлығы шамасында және Еңбек заңнамасына сәйкес, жұмысқа қабылдап, Кәсіпорын қызметкерлерін жұмыстан шығара алады,  ынталандыру шараларын қоладанады және оларға сөгіс жариялайды.
  3. Кәсіпорын директорының орынбасарларын, бас есепшіні мемлекеттік басқару органымен келісе отырып, директор  лауазымға тағайындайды және орнынан босатады. Директордың  орынбасары мен Кәсіпорынның өзге басқарушы қызметкерлерінің құзырлықтарын директор  белгілейді.
  4. Кәсіпорын директоры Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған  өзге де функцияларды жүзеге асырады.
  5. Құрылтайшы құзырлығы (Бурабай ауданының әкімдігі):
  1. мемлекеттік тапсырысты қаржыландыруды іске асырады;
  2. Кәсіпорынның бюджетінен қаржыландырылатын қызметтің басым бағыттарын және міндетті жұмыс (қызмет көрсету) көлемін белгілейді;
  3. Кәсіпорынның қызметі үшін қажетті материалды-техникалық және басқа да жағдайларды қамтамасыз етеді;
  4. Кәсіпорынның даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;
    5) коммуналдық мүлікті Кәсіпорынға бекітеді;
  1. Кәсіпорынның филиалдар  құруына келісім береді;
  2. Кәсіпорынның мүлкін пайдалану туралы, оның ішінде оны кепілге, жалға беруге, өтеусіз пайдалануға және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешімдер қабылдайды;
  1. Кәсіпорынның мүлкін пайдалануға және сақтауға бақылауды қамтамасыз етеді;
  2. осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамасымен жүктелген өзге  өкілеттіктерді іске асырады.
  1. Кәсіпорынның білім беру үрдісін ұйымдастыру
  1. Кәсіпорындағы куәландырылған қызмет түрлері қолданыстағы заңнамада  бекітілген тәртіп пен жағдайлар негізінде жүзеге асырылады.
  2. Сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі;
  3. Кәсіпорын балалар мен жасөспірімдерді қанағаттандыруға бағытталған қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырады. Кәсіпорындағы білім беру үрдісіне қатысушылар, мектеп оқушылары, педагогтар, ата-аналар болып табылады.
  4. Кәсіпорында білім беру үрдісін ұйымдастыру педагогикалық кеңесте қарастырылып, әлеуметтік сұранысты есепке ала отырып білім бөлімінің әдістемелік орталығымен келісілген оқу жоспарына, білім беру бағдарламаларына сәйкес іске асырылады.
  1. Бір жасты немесе әр түрлі жастағы балалар, оның ішінде мүмкіндіктері шектеулі балалар, өздерінің қызығушылықтары бойынша үйірмелерде, клуб, студия, ансамбль, театр және т.б. бірлестіктерде (әрі қарай – бірлестіктер) бастарын қосады. Топтардың қалыптасуы балалардың өзінің ерікті таңдауына негізделген.
  2. Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс топтық  және жеке түрде өтеді.
  3. Қолда бар материалдық-техникалық қорының бағдарламасына сәйкес Кәсіпорын өндірістік іс-тәжірибе өткізеді.
  4. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың негізгі түрі – сабақ. Сабақтар, дайындық курстары оқу жылына да және одан қысқа мерзімге де  ұйымдастырылады.

        Сондай-ақ бағдарлама материалының орындалуының басқа түрлері мен әдістерінің қолданылуына (экскурсия, пленэрлер, серуендер, жарыстар және т.б.) жол беріледі.

  1. Оқу-тәрбие үрдісінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарларын Кәсіпорын директоры  бекітеді.
  2. Білім беру үрдісі білім алушылардың жас және өзіндік ерекшеліктерін есепке ала отырып еріктілік, ізгілік және вариативтік принципімен оларға өзіне қажетті саласын таңдау еркін бере отырып құрылады.
  3. Сабақтар қосымша білім берудің оқу бағдарламасына сәйкес топтар бойынша, жеке немесе бірлестіктің барлық құрамымен өткізіледі.

        Топтың бірінші оқу жылында әр топтағы балалар саны 10-нан 15-ке дейін, екінші және кейінгі жылдарда – 8-12-ге дейін, сараптау және зерттеу топтарында – 6-8 аралығында  болуы тиіс. Кәсіптік курстар топтарында – 20-25 оқушы.

  1. Кәсіпорын білім алушылармен оқу-тәрбие жұмысын күнтізбелік жыл бойына ұйымдастырады, сонымен қатар инклюзивтік білім алуы үшін жағдай жасайды.

       1-14 қыркүйек аралығында  бірлестіктерді іріктеп жинау жұмысы     жүргізіледі, 15 қыркүйектен бастап сабақ басталады.

       Кәсіпорындағы сабақ сенбі, жексенбі және каникул күндерін қоса, аптаның кез келген күнінде жүргізіледі.

        Сабақ тәртібі балалардың жас ерекшеліктері мен белгілі санитарлық-гигиеналық нормаларды, мектептегі негізгі сабақтардан бос уақыттарын есепке ала отырып құрылған және Кәсіпорын директоры бекіткен кестемен белгіленеді.

        Жазғы кезеңде үйірмелер мен клубтар білім алушылардың тұрақты және ауысатын құрамымен арнайы кесте бойынша жұмыс істейді. 

  1. Жазғы демалыс күндері үйірмелер мен клубтар қосымша кесте бойынша  өткізіледі. Бірлестіктер балалардың тұрақты немесе ауысатын құрамымен Кәсіпорында , сондай-ақ балалардың тұратын жері бойынша жұмыс істейді. Бірлестіктердің сабақтары концерттік сапарлар, серуендер, саяхаттар және жарыстар, экспедициялар және т.б. түрлерде өткізіледі.
  2. Бірінші жыл білім алатын топтың сабақтары үшін аптасына 4 академиялық сағат, екінші және кейінгі жылдарға – 6 академиялық сағат, сараптау және зерттеу топтарына – 8 академиялық сағат қарастырылған.
  3. Қызығушылықтары бойынша құрылған бірлестіктердің жұмысына балалармен бірге Кәсіпорын директорының келісімі болған жағдайда  ата-аналары және өзге заңды өкілдері қатыса алады, тек олар негізгі құрамға енбейді.
  4. Кәсіпорында оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге, білім берудің жаңа технологияларын әзірлеуге және енгізуге, педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін жетілдіруді қамтамасыз етуге бағытталған оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмыс жүзеге асырылады.
  5. Ара қашықтық білім беру технологияларын пайдалана отырып, білім беру технологияларының және білім беру үрдісінің әдістерін жетілдіру және қолдану.
  6. Білім беру үрдісін дамыту және жетілдіру мақсатында қызметкерлер қатарынан әдістемелік кеңес, әдістемелік шығармашылық бірлестіктер құрылады. Олардың қызметі Кәсіпорын директоры бекіткен ережеге сәйкес жүзеге асады.
  7. Кәсіпорын жергілікті деңгейде көпшілік іс-шаралар ұйымдастырып өткізеді, балалардың, ата-аналарының немесе олардың өзге заңды өкілдерінің бірлескен еңбегі мен демалысы үшін қажетті жағдай жасайды.
  8. Кәсіпорын саяси партиялар мен діни ұйымдардың (бірлестіктердің) ұйымдық құрылымдарының құрылуына және жұмыс істеуіне жол бермейді.
  9. Кәсіпорынның қызметкері мен әкімшілігінің өзара қатынасы Қазақстан Республикасының Еңбек Заңымен реттеледі. Педагогикалық қызметкерлер кемінде бес жылда бір реттен аттестациядан өтеді.
  10. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңымен белгіленген тәртіпте білім саласында, өзге ведомоствалардың, қоғамдық ұйымдардың өкілетті органдарының қатары бойынша халықаралық іс-әрекеттерге қатыса алады.
  11. Қосымша білім бағдарламаларын меңгеруде жеткен ерекше жетістіктері үшін, қосымша білім шығармашылық  бірлестіктерінің түлектеріне шығармашылық бірлестік бейіні бойынша куәлік беріледі.
  1. Кәсіпорын келісімшарт бойынша және мекемелермен, Кәсіпорындармен, ұйымдармен бірлесіп, балалар мен жастарды, егер ақылы түрде қызмет көрсетуге куәландырылған болса, ақылы түрде де, кәсіптік даярлықтан өткізе алады.

        Қорытынды аттестациядан өткен, біліктілік емтихандарын тапсырған  

       кәсіптік курстардың түлектеріне алған біліктілігі (дәрежесі, классы,   

       санаты) туралы куәлік беріледі.

  1. Кәсіпорынға білім алушылар мен тәрбиеленушілерді қабылдау тәртібі
  1. Білім алушыларды қосымша білім шығармашылық бірлестігіне қабылдау жыл бойы жүргізіледі.
  2. Білім алушыларды қабылдау ата-ананың біреуінің немесе өзге заңды өкілінің өтініші негізінде жүргізіледі.
  3. Өтініш бергенде баланың ата-анасы (заңды өкілі) «Балалар үшін қосымша білім беруді ұйымдастыру түрлері қызметінің типтік ережелеріне» және «Балаларға қосымша білім беру қызметін көрсету бойынша қосымша білім беруді ұйымдарына құжаттар қабылдау және тіркеу» Мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына» сәйкес құжаттар тапсыруы керек.
  4. Спорттық, хореографиялық, техникалық үйірмелерге қабылдағанда баланың денсаулығы жайлы медициналық қорытынды қажет.
  5. Мектепке дейінгі шағын орталыққа уақытша келетін балаларды қабылдау, бос орын болған жағдайда Бурабай ауданының білім бөлімі берген жолдама негізінде жыл бойы жүргізіледі.

Өтініш бергенде баланың ата-анасы (заңды өкілі) «Балалар үшін қосымша білім беруді ұйымдастыру түрлері қызметінің типтік ережелеріне» және «Балаларға қосымша білім беру қызметін көрсету бойынша қосымша білім беруді ұйымдарына құжаттар қабылдау және тіркеу» Мемлекеттік қызмет көрсету Стандартына» сәйкес құжаттар тапсыруы керек.

  1. Балаларды қабылдағанда педагогтар олардың ата-анасын (заңды өкілін) Кәсіпорын Жарғысымен және басқа білім беру үрдісін ұйымдастыруды реттейтін құжаттармен таныстыруы керек.
  2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер білім және тәрбие алу үшін Кәсіпорын директорының бұйрығымен қабылданады. Ақылы негізде оқытуға қабылдағанда Кәсіпорын мен баланың ата-анасы (заңды өкілі) келісімшартқа отырады.    

   Оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

  1. Кәсіпорын ұжымы білім алушылардан, тәрбиеленушілерден, ата-аналардан, қосымша білім беру педагогтарынан, басқа педагогикалық қызметкерлерден және техникалық қызметшілерден құралады.
  2. Білім алушылар мен тәрбиеленушілер төмендегі құқықтарға ие:
  1. Кәсіпорынның оқу жоспарына сәйкес сапалы білім алуға;
  2. қосымша білім шығармашылық бірлестігін өз қабілеттерін, бейімділігін есепке ала отырып таңдауға, сондай-ақ ақылы негізде білім алуға;
  3. оқушылардың өзін-өзі басқаруы арқылы Кәсіпорынды басқару ісіне қатысуға;
  4. ғаламторды, оқу кабинеттерін, кітапхананы, психолог көмегін тегін пайдалануға;
  5. өз ойымен және көзқарастарымен орынды, әдепті түрде еркін бөлісуге;
  6. өзінің және өзгелердің адамгершілік абыройын құрметтеуге;
  7. білім, тәрбие және шығармашылық әрекеттердегі табыстарына мадақтамалар мен сыйлықтар алуға;
  8. Кәсіпорынның шығармашылық және спорттық өміріне қатысуға;
  9. педагогикалық кеңеске оқу-тәрбие үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар жасауға;
  1. Білім алушылар міндетті:
  1. сабаққа қатысуға, қосымша білім беру бағдарламаларының    талаптарына сай   білімді, тәжірибелік дағдыларды, біліктілікті меңгеруге;
  2. ішкі тәртіп ережелерін сақтауға және Кәсіпорын Жарғысымен белгіленген талаптарды орындауға;
  3. өз денсаулығына сақ болу, санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауға, рухани және физикалық тұрғыдан өзін жетілдіруге ұмтылуға;
  4. оқу-тәрбие үрдісіндегі жеткен нәтижелері туралы ата-аналарын хабардар етіп отыруға;
  5. педагогикалық және өзге қызметкерлердің намысы мен абыройын, кәсіпорынның дәстүрлерін құрметтеуге, айналасындағыларға төзімділікпен қарауға;
  6. Кәсіпорын мүліктеріне ұқыптылықпен қарауға;
  7. нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік ымырасыздыққа және ерекшеліктерге, милитаристік және жалпы мойындалған халықаралық құқық пен ізгілік принциптеріне қайшы келетін  өзге идеяларға үгіт-насихат жасалуына жол бермеуге;
  8. сабақтардағы қауіпсіздік техникасының ережелерін, жолда жүру ережелерін, суда, мұзда жүру тәртібін және басқа ережелерді білуге және  сақтауға.
  1. Білім алушылар оқу жоспарының, Кәсіпорын Жарғысының талаптарын орындамаған жағдайда директордың бұйрығымен шығарылады.
  2. Ата-аналар (заңды өкілдер) құқылы:
  1. үйірмелер , бірлестіктерді баланың жеке бейімділігі мен ерекшеліктеріне қарай таңдауға;
  2. қамқорлық кеңесіне, кәсіпорынның ата-аналар комитетіне сайлауға және сайлануға, педагогикалық ұжыммен бірге Кәсіпорын істерін шешуге қатысуға. Балалар ұжымын басқару органдарының жұмысына ата-аналар комитеті арқылы ат салысуға;
  3. Кәсіпорын Жарғысымен және оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруды реттейтін басқа құжаттарымен танысуға;
  4. балалардың үлгерімі, тәртібі және оқу жағдайына қатысты ақпараттар, оқыту мен тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес алуға;
  1. Ата-аналар (заңды өкілдер) міндетті:
  1. балалардың өмірі және оқуы үшін саламатты және қауіпсіз жағдай жасау, олардың интеллектуалдық, шығармашылық және физикалық қабілеттерін дамытуды қамтамасыз етуге;
  2. педагогикалық ұжымға балалардың Кәсіпорынның Жарғысы мен ішкі еңбек тәртібі Ережелерін сақтауына көмек көрсетуге;
  3. балалардың сабақтарға қатысуын қамтамасыз етуге;
  4. балардың Кәсіпорын мүліктеріне ұқыптылықпен қарауын тәрбиелеу.
  1. Оқу-тәрбие үрдісі «Балалар үшін қосымша білім беруді ұйымдастыру түрлері қызметінің типтік ережелеріне», оқу жоспарларына сәйкес , білім алушылар мен тәрбиеленушілердің денсаулық жағдайын есепке ала отырып және еңбекті қорғау ережелері мен қауіпсіздік техникасы қатаң түрде сақталып жүзеге асырылады.
  2. Қазақстан Республикасының тиісті бейін бойынша арнайы педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес құжаттарын ұсынған кез келген азаматы Мемлекеттік кәсіпорынның педагогы бола алады.
  3. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері құқылы:
  1. лауазымына сәйкес мемлекеттік кәсіпорынның қызметіне араласуға;
  2. біліктілік санатына қарай тиісті жалақысын алуға;
  3. ағымдағы заңнамаға сәйкес еңбегін қорғауға;
  4. Қазақстан Республикасының Еңбек Заңына сәйкес ақылы еңбек демалысын алуға;
  1. Мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлері міндетті:
  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын және осы Жарғыны ұстануға, еңбек ұжымының, педагогикалық кеңестің , директор бұйрықтарының шешімдерін орындауға;
  2. өзінің лауазымдық міндеттерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін орындауға;
  3. өз міндеттерін орындауда қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғау ережелерін сақтауға.
  1. Білім алушылар мен тәрбиеленушілерге дене және рухани-психикалық зиян келтірген қызметкерлер Қазақстан Республикасының заңдары белгілеген тәртіпте жеке жауапкершілікке тартылады.
  1. Кәсіпорын мүліктері
  1. Кәсіпорынның Мүліктері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Кәсіпорынның өзіндік теңгерімінде құны көрінетін Кәсіпорынның барлық активін құрайды.
  2. Мемлекеттік кәсіпорын оперативтік басқару құқығында өздерінің қызметтерінің мақсаттары мен міндеттеріне қарай мүлікке ие болады және пайдаланады.
  3. Кәсіпорын өзіне берілген, жеке шаруашылық қызметтері нәтижесінде алған қаржы есебінен алынған мүлікті иесіздендіруге немесе басқа жолдармен иелік етуге Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңында қарастырылған жағдайлардан басқа кездерде,  тек Өкілетті органдардың жазбаша келісімі арқылы ғана құқылы.
  4. Кәсіпорынның мүліктері құрамына оның қызмет етуіне арналған, сондай-ақ жеке шаруашылық қызметтері нәтижесінде алған немесе басқа Қазақстан Республикасының заңдары тыйым салмаған көздерден алынған мүліктердің барлық түрлері енеді.
  5. Кәсіпорынның табысынан салық және басқа да бюджетке міндетті төлемдер төленеді, қалған табыс мемлекеттік басқару органы белгілеген нормативтер бойынша тағайындалып бөлінеді.
  6. Мемлекеттік басқару органы Кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын және тиісті бағытта қолданылуын бақылап отырады.
  7. Кәсіпорынның сатып алу-сату келісімшарттары негізінде негігі құрал-жабдыққа жататын мүлікті айырбастау, сыйлыққа алу түрінде, не басқа мәміле түрінде, мемлекеттік басқару органының жазбаша келісімінсіз алуға құқығы жоқ .
  8. Оперативтік басқару құқығындағы мүліктен айыру туралы шешімінде өкілетті орган Кәсіпорынға алынған мүлікті, кейін оның теңгерімін шығарып тастау арқылы, басқа тұлғаға берілгеніне дейін тұтыну және сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеуге құқылы.
  9. Кәсіпорын  ынталандыру түріндегі сыйақы, үстеме, мерзімсіз төлемдерді (директордан басқа қызметкерлерге) өз бетінше тағайындауға құқылы.
  1. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру
  1. Кәсіпорынның қызметі Қазақстан Республикасының бюджеттік заңымен белгіленген тәртіпте алынған бюджеттік қаржы және жеке табыс есебін дамыту жоспарына сәйкес қаржыланады.
  2. Кәсіпорын осы Жарғы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы»  Заңына сәйкес келісімшарт негізінде ақылы қосымша қызметтер көрсете алады.
  3. Кәсіпорынның жүргізетін қызметтері мен жұмыстарының бағасын мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша Кәсіпорын белгілейді.
  4. Кәсіпорын өздерінің өндіретін өнімдерін өз бетінше жүзеге асырады.
  1.  Кәсіпорынның Жарғылық капиталы
  1. Кәсіпорынның Жарғылық капиталы (оперативтік басқару құқығындағы)  жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін басқаруға жеке меншік тұлғадан алынған мүліктен қалыптасады.

 

  1.  Кәсіпорын жауапкершілігі
  1. Кәсіпорын Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген тәртіпте жауапкершілікте:
  1. Жарғымен белгіленген қызметтерді орындамағаны үшін;
  2. бекітілген оқу жоспарларына сәйкес білім беру бағдарламаларының сапасы мен жүзеге асырылуы үшін;
  3. білім беру үрдісін ұйымдастыру түрлерінің, әдістерінің және құралдарының  балалар жасына, мүддесіне және мұқтаждықтарына  сәйкес болуы үшін;
  4. білім беру үрдісінде Кәсіпорын қызметкерлері балалардың өмірі мен денсаулығы үшін;
  5. білім алушылардың және Кәсіпорын қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдарында қарастырылған құқықтары мен бостандығы бұзылғаны үшін.
  1.  Еңбек ұжымымен өзара қатынас
  1. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады
  2. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.
  1.  Кәсіпорын қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу
  1. Мемлекеттік басқару органымен жыл сайын еңбек ақы төлеу қоры жинақтық қаржы балансында белгіленеді.
  2. Кәсіпорын жұмысшыларына еңбек ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі және мемлекеттік басқару органдары арқылы жеткізіледі.
  1.  Есепке алу және есеп беру
  1. Қаржы шаруашылық қызметіне талдау, табыста мемлекеттік бақылау жүргізу үшін заңнамада белгіленген тәртіппен кәсіпорын өз қызметінің нәтижесіне есеп және есептік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізеді.
  2. Кәсіпорынның қаржылы-шаруашылық қызметіне мемлекеттік басқару органы, салық және қаржы органдары бақылау жасайды.
  3. Қаржы шаруашылық қызметінің тексерісі, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілімен жүзеге асырылады.
  1.  Кәсіпорынды қайта құру және тарату
  1. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асырады.
  2. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру және таратылуы мемлекеттік басқару органы мен  мемлекеттік кәсіпорынның өкілетті органының келісімі бойынша жүзеге асырады.
  3. Мемлекеттік кәсіпорынды тарату жергілікті атқарушы органның (құрылтайшысы) тарату комиссиясының шешімімен жүргізіледі.
  4. Тарату комиссиясы мемлекеттік кәсіпорын мүлкін бағалайды, берешектер мен несие алғандарды анықтайды, олармен есеп айырысады және тарату балансын құрады.
  5. Міндеттемелер бойынша төлемдер жүргізгеннен кейін қалған мемлекеттік кәсіпорынның мүліктері мен қаражаты құрылтайшының иелігіне түседі. Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне сәйкес, жұмыстан босатылған қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің сақталуына кепілдік беріледі.
  6. Мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру жергілікті атқарушы органның (құрылтайшысы) шешімімен жүргізіледі.
  7. Мемлекеттік кәсіпорынының таратылуы жағдайында, барлық құжаттар мұрағатқа тапсырылады.
  1.  Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі
  1.  Кәсіпорын Жарғысына толықтырулар мен өзгертулерді, өкілетті     орган (Бурабай ауданының әкімдігі) енгізеді.

 

Жаңартылған күні: 03.02.2020 11:20
Құрылған күні: 03.02.2023 16:38

Текст