БЕКІТЕМІН
«Арман» БЖШО директоры
__________________А. Тургужина
Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Щучинск қаласының «Арман» Балалар-жасөспірімдер
шығармашылық орталығы» МКҚК
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің ережесі
1. Жалпы ереже
3. Бұл ереженің мерзімі шектелмейді. Ереже жаңасы қабылданғанға дейін қолданылады.
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар негізінде жасалды. Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасы А. Ж. Шпекбаевпен 2020 жылғы 30 желтоқсанда бекітілген
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің мақсаттары,
міндеттері мен принциптері
4. Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы заңнамасына және квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарына (бұдан әрі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет)сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады.
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметінің негізгі мақсаты тиісті ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралардың іске асырылуына мониторинг жүргізу болып табылады.
6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеу талаптарының және үздік халықаралық практиканың сақталуын қамтамасыз ету;
2) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң)сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарының сақталуын қамтамасыз ету;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау;
4) Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
7. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыру кезінде мынадай қағидаттарды басшылыққа алу ұсынылады:
1) квазимемлекеттік сектор субъектісі басшылығының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс тиімділігіне мүдделілігі;
2) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің міндеттерін орындау үшін қажетті өкілеттіктер мен ресурстардың жеткіліктілігі;
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бағалаудың жүйелілігі;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет жұмысының ақпараттық ашықтығы;
5) квазимемлекеттік сектор субъектілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асырудың үздіксіздігі;
6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жетілдіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің
қызметін ұйымдастыру тәртібі
8. Квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшесіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс функцияларын жүктеу туралы шешімді басшы қабылдайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет туралы тиісті акт квазимемлекеттік сектор субъектісінің ресми интернет-ресурсында орналастырылады және ұйымның барлық қызметкерлерінің назарына жеткізіледі.
9. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті жүзеге асыруға тартылған квазимемлекеттік сектор субъектісі қызметкерлерінің санын ұйымның штат санына қарай және ұйымның барлық бөлімшелерінде, оның ішінде еншілес ұйымдарда, филиалдарда, өкілдіктерде және квазимемлекеттік сектор субъектісінің өзге де оқшауланған бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің функциялары мен міндеттерін тиімді орындау үшін қажетті мөлшерде айқындау қажет.
10. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің алқалы органға (бар болса) немесе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасы нормаларының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті өзге тұлғаға есептілігін қамтамасыз ету ұсынылады.
11. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет қызметкерінің функционалдық міндеттері, құқықтары мен жауапкершілігі оның лауазымдық нұсқаулығында не қызметкердің қызметтік құқықтары мен міндеттерін айқындайтын өзге де құжаттарда айқындалуға тиіс.
12. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке мынадай функциялар жүктелсін:
1) ұйымның ішкі құжаттарымен регламенттелген бекітілген рәсімдер шеңберінде квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылымдық бөлімшелерінен ақпарат пен материалдарды, оның ішінде коммерциялық және қызметтік құпияны құрайтын материалдарды сұрату және алу;
2) өз құзыретіне жататын мәселелерді квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет есеп беретін өзге тұлғаның (органның) қарауына шығаруға бастамашылық жасауөз құзыретіне жататын мәселелерді квазимемлекеттік сектор субъектісі басшысының немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет есеп беретін өзге тұлғаның (органның) қарауына шығаруға бастамашылық жасау;
3) ықтимал сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы заңнамасын бұзушылықтар туралы келіп түсетін хабарламалар бойынша қызметтік тексерулер жүргізуге бастамашылық жасау;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу өз құзыреті шегінде мемлекеттік бағдарламалардың, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және оларды іске асыруға қатысу;
5) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
6) квазимемлекеттік сектор субъектісі және оның үлестес тұлғалары туралы ақпараттың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын жүзеге асыру кезеңінде белгілі болған инсайдерлік ақпараттың құпиялылығын сақтау;
7) сыбайлас жемқорлықтың болжамды немесе нақты фактілері, корпоративтік Әдеп кодексін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс мәселелері бойынша өзге де ішкі саясат пен рәсімдерді бұзу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке жүгінген адамдардың құпиялылығын қамтамасыз ету;
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет есеп беретін квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысын және/немесе өзге тұлғаны (органды) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы бұзудың болуымен немесе ықтимал мүмкіндігімен байланысты кез келген жағдайлар туралы уақтылы хабардар ету;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әрекеттерді жүзеге асыру.
16. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет ұйым қызметкерлерін жұмысқа қабылдау сәтінен бастап, басқа лауазымға тағайындау кезінде, сондай-ақ біліктілігін арттыру кезінде (жылына кемінде 1 рет) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына жүйелі оқытуды қамтамасыз етуі тиіс.
Оқыту нысандарын жүргізу әдістерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет дербес айқындайды (дәрістер, семинарлар, тренингтер) Оқыту нысандарын жүргізу әдістерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет дербес айқындайды (дәрістер, семинарлар, тренингтер).
17. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-Қызметтердің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібі қолданыстағы заңнамаға сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектісінің ішкі құжаттарында белгіленеді.
18. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган және оның аумақтық бөлімшелері әдістемелік және ақпараттық қолдау көрсетеді.
19. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметке сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша өткізілген іс-шаралар бойынша есеп:
1) жыл сайын квазимемлекеттік сектор субъектісінің басшысына жіберілсін;
20. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы өзінің контрагенттерін, іскер әріптестерін, азаматтық қоғам институттарын тұрақты негізде хабардар ету ұсынылады.