«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

№ 281 от 11.12.2025

  «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ»

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ «МИНИСТЕРСТВО ПРОСВЕЩЕНИЯ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

 

 

 

 

 

 

 

                     БҰЙРЫҚ

ПРИКАЗ

                              

             

              ____________________                                                                                  №  __________________

 

                 Астана қаласы                                                                                                     город Астана                                                                                                             

               

 

 

«Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің

2024 жылғы 30 шілдедегі  № 194 бұйрығына

өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

 

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 шілдедегі № 194 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Білім беру ұйымдарында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бекітілсін.»;

1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

2-қосымша алып тасталсын;

2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры (Е.Б. Қалмақов):

  1. осы бұйрықты мүдделі мемлекеттік органдардың (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына  жеткізсін; 
  2. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын 2024-2025 оқу жылынан бастап республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына енгізуді бастасын;
  3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының республикалық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында іске асырылуын қамтамасыз етсін.».
  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры (Е.Б. Қалмақов) осы бұйрықты

мүдделі мемлекеттік органдардың (келісу бойынша), облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларының, республикалық орта білім беру ұйымдарының назарына  жеткізсін. 

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту бірінші вице-министрі М. Мелдебековаға жүктелсін.

4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Оқу-ағарту министрінің

міндетін атқарушы                                                                      М. Мелдебекова

 

 

Согласовано

10.12.2025 14:52 Сейтимбетова Акмарал Байдуллақызы

10.12.2025 15:05 Калмаков Ерлан Болатович

10.12.2025 15:10 Муханбетов Асет Гарифуллейович

10.12.2025 15:19 Дюсембиева Бекзат Болатовна

10.12.2025 15:20 Баймурзаева Динара Конакбаевна

10.12.2025 15:21 Адамова Манара Елекеновна

10.12.2025 15:24 Ибраева Стэлла Амангельдиевна

10.12.2025 15:53 Жумашев Каныбек Бекболатович

10.12.2025 16:11 Оспанова Насымжан Жамбековна

10.12.2025 16:19 Дуйсенбаева Фариза Сансызбаевна

11.12.2025 14:48 Акитаева Гульден Бериковна

Подписано

11.12.2025 19:47 Мелдебекова М.Т. ((и.о Сулейменова Ж. Д.))

 


Текст