«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-ұйымдастырушының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК педагог-ұйымдастырушының бос лауазымына орналасуға ашық конкурс жариялайды

Лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 132763 теңгеден 175590 теңгеге дейін

Лауазымдық міндеттері:

      білім алушылардың, білім беру ұйымдары тәрбиеленушілерінің және олардың тұрғылықты жері бойынша жас және психологиялық ерекшеліктерін, мүдделері мен қажеттіліктерін зерделейді, оларды іске асыру үшін жағдай жасайды;

      дарындылықты, ақыл-ой және физикалық қабілеттерін дамытуға, жеке тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді;

      клубтардың, үйірмелердің, секциялардың, балалар бірлестіктерінің жұмысын, балалар мен ересектердің әртүрлі бірлескен қызметін, білім алушылармен, тәрбиеленушілермен жеке жұмысты, пікірсайыстарды, мектеп парламентін ұйымдастырады;

      ғылыми-техникалық, көркем-шығармашылық, спорттық-туристік және басқа бағыттардың бірін басқарады;

      қолданыстағы заңнамаға сәйкес баланың қауымдастықтарға, қоғамдық ұйымдарға қатысу құқықтарын іске асыруға ықпал етеді;

      оқушылардың, тәрбиеленушілердің кештерін, мерекелерін, жорықтарын, экскурсияларын, демалысканикулдағы демалысын ұйымдастырады, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдайды;

      балалардың мәдени-бұқаралық іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;

      іс-шараларды өткізу кезінде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау үшін жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді.

      Білуі тиіс:

      Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Педагог мәртебесі туралы», «Жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңдарын және басқа да білім беру мәселесі бойынша нормативтік құқықтық актілерді;

     педагогикалық этика нормаларын;

     педагогика және психология, физиология, гигиена, тәрбие жұмысының әдістемесі, үйірмелер, секциялар, студиялар, клубтық бірлестіктер сабақтарының бағдарламаларын;

балалар ұжымдары, ұйымдары мен қауымдастықтары, еңбек заңнамасы қызметінің негіздерін;

      еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері, санитарлық ережелер мен нормалар.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 (2022.03.31 № 121) бұйрығына сәйкес:

жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Конкурс «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 «Мемлекеттік орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшыларын конкурстық ауыстыру және мектепке дейінгі, орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, қосымша білім берудің білім беру бағдарламалары іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары лауазымына конкурстық тағайындау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының негізінде өткізіледі.  Нұр-сұлтан қаласы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 1) осы Қағидаларға 15 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекенжайын және байланыс телефондарын көрсете отырып-бар болса);

      4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);

      7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      10) ағылшын тілі педагогтары лауазымына орналасуға үміткерлер үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл;

      11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтар және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

      12) 16 қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      13) жұмыс өтілі жоқ кандидат үшін кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы 720 x 480 өлшемдегі бейне презентация (өзін – өзі таныстыру).

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттардың біреуінің болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады.

Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік Жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.

 Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттарды кандидат хабарландыру шыққан күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде білім беру ұйымының ресми сайтында мекенжайы бойынша ұсынуға тиіс: 021700, Щучинск қ.  Елемесов к-сі 50,телефон/факс 8 (71636) 4-32-49-E-mail: arman.shuch@mail.kz

Жаңартылған күні: 13.01.2025 10:36
Құрылған күні: 13.01.2025 10:36

Текст