«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бурабай ауданының жүлдегерлері!

Бурабай ауданының жүлдегерлері!

 

12-13 сәуір күндері «Жоғары техникалық колледж» МКҚК базасында «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақалысының аясында іске асырылатын «Менің бастамаларым – менің Отаныма» атты шығармашылық жобалардың облыстық байқауы өтті. Бұл іс-шараға Ақмола облысынан 17 делегация қатысты, әрбір қатысушы делегация мына номинациялар бойынша жобаларын ұсынды:  

  1. «Менің бастамам – менің ауылыма»
  2. «Мен – Қазақстан азаматымын»
  3. «Медиа – жобалар»
  4. «Қазақстанның жеті ғаламаты».

Бурабай ауданын қала мен ауыл мектептерінің оқушылары абыроймен қорғап шықты. Шығармашылық жобалар жобаларының нәтижесі бойынша біздің аудан өкілдері бес жүлделі орынға ие болды.

Оқжетпес орта мектебінің 9 сынып оқушысы Кайруллаева Ақнұр «Менің бастамам – менің ауылыма» номинациясы бойынша жүлделі 3 орынға ие болды. «Мен – Қазақстан азаматымын» номинациясында Щучинск қаласының №4 ОМ оқушылары Нилова Каролина мен Луговская Василиса қатысып, ауданның жүлде қорын 2 және 3 орындармен толықтырды.

Ақылбай ауылы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жетписова Шынар «Қазақстанның жеті ғаламаты» номинациясы бойынша жобасын абыроймен қорғап, құрметті 1 орынға ие болды. Сондай-ақ, «Арман» МТОТЖО жас тілшісі Сердюк Регина «Медиа - жобалар» номинациясы бойынша өз жобасын жоғары дәрежеде қорғап, 1 дәрежелі дипломмен мараптталды.

         Біздің байқауға қатысушыларымыздың барлық жобалық жұмыстарын аталған іс-шараның қазылар алқасы аса қызығушылықпен талқылап, жоғары бағалады.

         Байқауға қатысушыларды дайындаған жоба жетекшілерінің де еңбектерін атап өткен жөн. Ұстаздарының сауатты дайындағандарының арқасында шәкірттер өздеріне сенімді болды. Балалардың жобалық жұмыстарында жетекшілерінің кәсіпқойлығы және қатысушылардың жобаларының бағытын нақты таңдағандары көрініп тұрды.

Барлық байқауға қатысушыларды жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы уақытта да жобаларының табысты болуына тілектеспіз!

 

 

Трофимова Л.С.,

Ақылбай а. ОМ аға тәлімгері 

  

Жаңартылған күні: 22.04.2019 15:28
Құрылған күні: 22.04.2019 15:28

Текст