«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Арман» БЖШО педагогикалық кеңесі отырысының №5 хаттамасы

02 маусым 2023 жыл

Қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович, Азербаев Даулет Нурболатович , Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ерёменко Татьяна Викторовна, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жетписбай Сымбат, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, ЗакринТалгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарович, Кузнецов Виталий Александрович, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Никитина Наталья Иосифовна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Васильева Ольга Васильевна, Слабунов Николай Максимович, Сухопарова Ирина Викторовна, Темиров Орынбай Амангельдинович, Токанов Толеби Сайранович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметулы, Блялов Сагат Карсыбаевич, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна, Вотинова Елена Владимировна, Алдабергенова Клара Арынгазиевна, Досмагамбетов Арман Карибаевич, Легкодымова Татьяна Сергеевна

Қатыспаған: Матвеева Наталья Александровна (еңбек демалысы)

Күн тәртібінде:

1. Алдыңғы педкеңес шешімдерінің іске асырылуы.

2. 2022-2023 оқу жылы бойынша педагогикалық ұжымның жұмысына талдау жасау, жаңа оқу жылына қойылатын мәселелер мен міндеттер.

3. 2022-2023 оқу жылы бойынша оқу бағдарламасының орындалуы. Шәкірттерді қорытынды аттестаттау.

  1. . Мекеме қызметінің нәтижелілігі. Даму перспективасы, негізгі міндеттерді іске асыру шарттары.

5. Материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы.

6. Педагог-психологтің жазғы уақыттағы қызметі.

 Бірінші сұрақ бойынша: «Алдыңғы педкеңес шешімдерінің іске асырылуы» туралы орталықтың директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол ұжымды алдыңғы педкеңес шешімдерінің іске асырылу қорытындысымен таныстырды.

Қаулы етті: А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.

   Екінші сұрақ бойынша: «2022-2023 оқу жылы бойынша педагогикалық ұжымның жұмысына талдау жасау, жаңа оқу жылына қойылатын мәселелер мен міндеттер» жөнінде директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол 2022-2023 оқу жылында алға қойған міндеттердің орындалуы туралы хабарлады.  Педагогикалық ұжымды орталық ұжымының жұмысына талдаумен, «Болашақ» шағын орталығының жұмысына талдаумен таныстырды. Жүргізілген талдау жұмысы «Арман» БЖШО жұмысын, «Болашақ» шағын орталығының жұмысын қанағаттанарлық деп санауға мүмкіндік береді. Алайда кейбір бағыттар нақтылауды қажет етеді.

2023-2024 оқу жылында орталықтың педагогикалық ұжымы өзінің алдына келесі мақсаттар мен міндеттерді қояды:

  • Нормативтік-құқықтық құжаттаманың тұрақты жұмыс істейтін ақпараттық банкін жаңарту жөніндегі жұмысты жалғастыру, оны педагогикалық ұжым мүшелерінің зерделеуін ұйымдастыру
  • Орталық оқушыларында білім беру процесінің белсенді қатысушысы ретінде оқу сабақтарында әрбір оқушыны қоса алғанда, тұрақты танымдық қызығушылықтарды қалыптастыру
  • Орталықтың табысты дамуы үшін қажетті педагог кадрлардың біліктілігінің оңтайлы деңгейін қамтамасыз ету
  • Оқыту мен тәрбиелеудің инновациялық педагогикалық технологияларын игеруге педагогтердің уәждемесін күшейту.

- Әр түрлі қызмет түрлерінде мектеп жасына дейінгі балалардың қарым-қатынас құзыреттілігін қалыптастыру.

- Шағын орталықтың тәрбиешілері мен қызметкерлерінің кәсіби конкурстарға, әртүрлі деңгейдегі семинарлар мен вебинарларға қатысуы бойынша жұмысты жандандыру.

Сөз сөйледі:

1.Закрин Т.М. – кәсіптік-техникалық бөлім меңгерушісі оқу жылы бойынша бөлімнің қызметіне талдау жасады, жұмыстың қорытындысын шығарды, өз сөзінде оқушылар контингентін сақтау міндетінің орындалуына тоқталды.  Талгат Мухтарович жүлдегерлер туралы, байқауларға қатысу жөнінде мәліметтер келтірді.

2. Газезова Н.К.- көркем-эстетикалық және әлеуметтік-педагогикалық бөлім меңгерушісі, өз баяндамасында 2022-2023 оқу жылында педагогикалық ұжым жұмысының тиімділігін атап көрсетті. Назгуль Каирбековна  қосымша білім беру жүйесіндегі тәрбиеленушілердің сабақпен айналысуды қамту деңгейі, шығармашылық конкурстарға, жарыстарға қатысуы туралы айтты. Баяндамасының соңында Назгуль Каирбековна 2023-2024 оқу жылындағы жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қойды.

3. Алимбекова Ю.А.- спорт бөлімінің меңгерушісі өзінің баяндамасында оқу жылы бойындағы спорт бөлімінің жұмысы туралы баяндады. Оқу жылы бойындағы жарыстарға қатысуға назар аударды.  

4.Никитина Н.И. және Васильева О.В.- аула клубтарының ұйымдастырушы-мамандары, өз баяндамаларында оқу жылы бойындағы атқарылған жұмыстар туралы баяндады.

5.Байздрахманова К.А.- бұқаралық бөлім меңгерушісі оқу жылы бойына балалар-жасөспірімдер қозғалысының қызметі мен дамуы туралы әңгімеледі.

6.Анисимова Г.А. орталық психологі 2022-2023 оқу жылы бойынша «Арман» БЖШО психологиялық қызметінің жұмысы туралы толық есеп берді. Сонымен қатар психологиялық қызметтің оқу жылы бойына жүргізген жоспардан тыс іс-шараларының күнделігін ұсынды.

Қаулы етті:

  2023-2024 оқу жылында орталықтың міндеттері деп саналсын:

1. Жоғары ынталы оқушылармен жұмыс жүйесін жетілдіру, конкурстарға, спорттық турнирлерге, көрмелерге, түрлі деңгейдегі концерттерге қатысудың нәтижелілігін арттыру.

2. Педагогикалық кадрлардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.

3. Бірыңғай кеңістік құру арқылы отбасы мен орталықтың өзара әрекет ету жағдайын жетілдіру.

4. Білім алушылардың дене және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту, салауатты өмір салтына деген ұмтылысты қалыптастыру.

5. Өскелең ұрпақтың рухани адамгершілік әлеуетін қалыптастыру. Балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен санасын арттыру.

6. Орталық тәрбиеленушілерінің контингентін сақтау бойынша жұмысты күшейту.

Үшінші сұрақ бойынша: «2022-2023 оқу жылы бойынша оқу бағдарламасының орындалуы. Шәкірттерді қорытынды аттестаттау» туралы орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол орталық педагогтерінің оқу бағдарламасын  100% орындағанын хабарлады. Сонымен қатар кәсіптік техникалық курстардың оқушыларын қорытынды аттестаттау туралы айтты.

Қаулы етті: А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.

Төртінші сұрақ бойынша: «Мекеме қызметінің нәтижелілігі. Даму перспективасы, негізгі міндеттерді іске асыру шарттары» бойынша орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол 2022-2023 оқу жылы бойынша Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» БЖШО МКҚК мен «Арман» БЖШО МКҚК жанындағы «Болашақ» шағын орталығы жұмысының өзін-өзі бағалау қорытындысын ұсынды.

Қаулы етті: - Орталық әкімшілігі 2023-2024 оқу жылында шағын орталықтың тәрбие-білім беру процесін материалдық - техникалық қамтамасыз етуді жақсарту бойынша жұмыс істесін, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етсін;

  • Тәрбиешілерге, шағын орталықтың педагог қызметкерлері қызметтің барлық бағыттары бойынша сапаны қамтамасыз етсін.

Әртүрлі деңгейдегі вебинар мен тақырыптық семинарларға қатыссын.

- Директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. А. Юрченко жалпылау үшін шағын орталық тәрбиешілерінің жұмыс тәжірибесін зерделесін.

Бесінші сұрақ бойынша: «Материалдық-техникалық базаны нығайту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы» орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол ұзақ мерзімді активтердің тізімін ұсынды.  

Қаулы етті: - А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.

  • 2023-2024 оқу жылында материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстарын жалғастырсын.

Алтыншы сұрақ бойынша: «Педагог-психологтің жазғы уақыттағы қызметі» жөнінде орталықтың психологі Г. Анисимованы тыңдады, ол 2023 жылғы жаз уақытындағы психологиялық қызметтің жұмыс жоспарымен таныстырды.  

Қаулы етті: 2023 жылғы жазғы уақытқа психологиялық қызметтің жұмыс жоспары бекітілсін.

 

Төрайым А. Тургужина

Хатшы Н. Юрченко

Жаңартылған күні: 18.07.2023 12:48
Құрылған күні: 18.07.2023 12:48

Текст