«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары және Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы негізінде 2022 - 2023 оқу жылына арналған ұйымдастырылған іс-әрекеттің перспективалық жоспары Білім беру ұйымы «Болашақ» шағын орталығы Топ: «Балапан» тобы Балалардың жасы 4 жас

Топ: «Балапан» тобы

Балалардың жасы 4 жас

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қыркүйек айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру, тұрған қалыпта қолдарын арқасына апару; саусақтарын бүгіп, қолдарын айналдыра қимылдауды орындау. Екі қол белде, кезекпен екі жаққа бұрылғанда екі қолды екі жаққа жіберу. Оңға, солға иілу, еңкею, шалқаю; алға еңкею, қолдың ұшын аяқтың ұшына жеткізу. Екі қолды белге қойып, екі жаққа иілу. Отырған және тізерлеп тұрған күйі допты өз айналасында домалату. Аяқтың ұшымен көтерілу; екі аяқты кезекпен алға өкшемен, содан кейін ұшымен қою, топылдату. Қатарынан (4–5 рет) жүрелеп, екі қол белде, екі қолды алдыңғы жақ пен екі тұсқа көтеріп, отыру; аяқтың ұшын созу, табанды бүгу.

Негізгі қимылдар:

жүру. Сапта бір-бірлеп жүру, жүруді жүгірумен, секірумен, басқа қимылдармен кезектестіру, қол мен аяқ қимылын үйлестіру, бой түзулігін дұрыс сақтау;

Музыкалық-ырғақтық жаттығулар.

Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын орындау.

Спорттық ойын элементтері:

1) кегль ойындарына үйрету. Бастапқы қалыпта дұрыс тұрып, допты лақтыру. 1,5-2 метр арақашықтықтан кегльдерді қағып түсіру.

Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

      Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, үнді және ызың дыбыстарды анық айтуды үйрету.

      Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.

      Сөздік қор.

      Балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың бөліктерімен, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту.

Тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну дағдыларын қалыптастыру

байланыстырып сөйлеу;

Көркем әдебиет

  Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру. Кейіпкерлердің жағымды және жағымсыз қасиеттерін көруге, олардың әрекеттерін бағалауға, әңгіме, ертегілердің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету; әдеби шығармаларда бейнеленген қоғамдық өмір, табиғат, қоршаған орта оқиғалары, Қазақстан халқының өмірі мен тұрмысының ерекшеліктері туралы түсініктерін қалыптастыру

Математика негіздері

    Жиын:

   1) әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиыны туралы түсініктерді қалыптастыру;

   2) заттарды салыстырып қою арқылы оларды санамай-ақ жұптарын салыстыру салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуді үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі:

       1) баланың өзі және өзінің жағдайы туралы түсініктерін кеңейту. Өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау. Баланың туыстық қатынастарды түсінуіне ықпал ету;

       2) балалардың отбасы мүшелері бейнеленген суреттерді қарастыру, отбасы мүшелерін, олардың әрекеттері мен өзара қарым-қатынастарын атау дағдыларын қалыптастыру.

Құрастыру

    Қағаздан құрастыру.

  Қағаздан құрастыруға үйрету: қағазды тікбұрышты парағын жартысынан бүктеп, бұрыштарды және қырларды біріктіру, детальдің негізгі түріне желімдеу. Қағаз парағын көлемді пішіндерге қайта келтіру, қағазды кесекке, орамдарға, ілмекке айналдыра білу дағдыларын бекіту.

Сурет салу

Заттық сурет салу.

Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауын дамыту. Бояулармен, қарындаштармен, борлармен дәстүрлі және дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салудың техникасын жетілдіру.

Әртүрлі бағыттағы тура сызықтар мен олардың қиылысуын жүргізе білуді үйрету.

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу.   Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеудің келесі дағдыларын қалыптастыру:

  • түрлі тәсілдерді қолданып бейнелеу.

Жапсыру

    Заттық жапсыру:

   1) қайшыны дұрыс ұстау және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызықпен алдымен қысқа содан соң ұзын жолақтарды қиюды үйрету.

Музыка

  Музыка тыңдау.

  1. әртүрлі сипаттағы, қарқындағы музыканы қабылдау, музыкаға деген өзіндік қатынасын, ол туралы пікірін айту;

Ән айту.

-әртүрлі сипаттағы әндерді қабылдау, әуенді дұрыс, нақты интонациялау, сөздерді дәл айту дағдыларын қалыптастыру;

Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

-би қимылдары, ойындық музыкалық қимылдарды орындау дағдыларын қалыптастыру;

Билер.       Ойындар, хороводтар.

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қазан айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Бірқалыпты, аяқтың ұшымен,тізені жоғары көтеріп жүгіру, кіші және үлкен қадаммен жүгіру, сапта бір-бірлеп, түрлі бағытта жүгіру. Түрлі тапсырмалармен жүгіру: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшімен ауыса отырып жүгіру. 1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен үздіксіз жүгіру; орта жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру; Музыкалық-ырғақтық жаттығулар.

Музыкалық сүйемелдеуге сәйкес түрлі қарқында таныс дене жаттығуларын орындау.

Спорттық ойын элементтері:

Сөйлеуді дамыту

      Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

      Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, үнді және ызың дыбыстарды анық айтуды үйрету.

      Фонематикалық қабылдау дағдыларын қалыптастыру. Сөзді дыбыстау мәдениетін тәрбиелеуге арналған дидактикалық ойындарды қолдану.

      Сөздік қор.

Жануарлар және олардың төлдерінің атауларын білдіретін сөздерді, сөздердің түрлі тәсілдермен жасалуын, зат есімдерді жекеше және көпше түрде қолдану;

 Балалардың сөздік қорын адамдардың мамандықтарының атауларымен, заттардың бөліктерімен, заттардың сапалары мен қасиеттерін білдіретін зат есімдермен байыту.

сөздік қорын жалпылаушы мағыналы сөздермен байыту;

Көркем әдебиет

  Көркем шығармаларды эмоционалды қабылдай білуді дамыту. Балаларды түрлі тақырыптағы көркем шығармалармен таныстыру.

Мәнерлеп оқу. Балаларды тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға, өлеңнің мазмұнына өз көзқарасын білдіруге үйрету.

Математика негіздері

  Сан, санау: 5 көлемінде санау, заттарды үлгісі бойынша және аталған саны бойынша санау дағдысын қалыптастыру. Сандарды реті бойынша атауға және қорытынды санды атауға, "Барлығы қанша?" сұрағына жауап беруге үйрету. Бірінің астына бірі 2 қатарда орналасқан заттардың екі тобын салыстыруды үйрету;

Қоршаған ортамен таныстыру

 Заттық әлем.

  Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білу біліктерін жетілдіру.

  Келесі білімдерді қалыптастыру

1) таныс емес заттарды қолдану туралы;

 2) қоршаған ортадағы заттардың қолданысы, құрылысы, материалы арасындағы байланысы туралы;

Құрастыру

 Табиғи, қалдық материалдардан құрастыр.

 Балаларды табиғи материалдардан түрлі заттар даярлауға баулу.

Сурет салу

Сюжеттік сурет салу:

1) қоршаған ортаның әсемдігіне, өнер туындыларына, тұрмыстық заттарға, қазақ және басқа халықтардың ойыншықтарына эмоционалды-эстетикалық талғам дағдыларын қалыптастыру.

2) қарапайым табиғат құбылыстарын, ертегі кейіпкерлерін бейнелеуге машықтандыру.

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу.   Ермексаздың, сазбалшықтың, қамырдың кесектерінен мүсіндеудің келесі дағдыларын қалыптастыру:

түрлі пішіндегі таныс заттарды және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, үлгісі мен елестетуі бойынша көлемін;

Жапсыру

Заттық жапсыру: текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақ пішін қиюға, ересектердің көмегімен бөліктерді желімдеуге, желімді, сүлгіні қолдануды үйрету.

Музыка

 Әуендерді немесе музыкалық шығармаларды орындау кезінде пьесаларды тану және атау;

дауыс пен есту қабілетін дамытуға арналған жаттығуларды қысқа әндер айту арқылы дағдыны жетілдіру, дауыстап және төмен дауыспен ән салу, қол қозғалысымен көрсету; Музыкалық-ырғақтық қимылдар.

марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың қимылдық сипатын жеңіл, ырғақты жүгірумен беру;

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қараша айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Негізгі қимылдар.
Жүру: өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап, жан-жаққа қосалқы қадаммен (оңға және солға), сапта бір-бірден жүру, жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып, бағытты және қарқынды өзгертіп жүру, қол мен аяқ қимылдарын
үйлестіру.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық аппаратты жетілдіру.

Көркем әдебиет

Балалардың түрлі әрекеттерінде ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдауға, көркем сөзге, кітапқа қызығушылыққа баулу. Тыңдалған шығарманың мазмұнын қайталап айтуға, қысқа өлеңдерді, санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық
екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру.
Ұжымдық әңгімеге қатысуға, әңгімелесушінің сөзін бөлмей, кезекпен сөйлеуге, бейнелеу құралдарын қолдана отырып, еркін ойындарда және сахналық қойылымдарда адамдар мен жануарлардың эмоционалды көңіл-күйін
жеткізуге, сөйлесу барысында әңгімелесушінің назарын өзіне аудару үшін интонациямен сөйлеу мәнерін өз бетінше қолдануға, түрлі балалар әрекеттерінде өзінің және құрдастарының әрекетін түсіндіруге және дәлелдеуге баулу.

Математика негіздері

Жиын.
Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған
құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.

Сурет салу

Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын беру.

Мүсіндеу

Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу,
майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.

Жапсыру

Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту.
Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызық бойымен алдымен қысқа, кейін ұзын жолақтарды қиюды үйрету. Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану. Тар жолақтарды көлденеңінен қиюды, шаршының бұрыштарын қиюды үйрету.

Музыка

Балалардың музыкаға деген қызығушылығын тудыру, оны тыңдауға ынталандыру, музыкалық шығармаларды эмоционалды қабылдауды дамыту.
Музыка тыңдау.
Музыканы тыңдау мәдениетін сақтау (музыкалық шығармаларды алаңдамай соңына дейін тыңдау). Музыканың сипатын сезінуге үйрету, таныс шығармаларды білу, тыңдалған музыкадан алған әсерлері туралы әңгімелеу, музыкалық шығарманың мәнерлі құралдарын байқауға үйрету (ақырын, қатты, баяу, жылдам), жоғары дыбыстарды ажырату (секста, септима шегінде жоғары, төмен), әндерді иллюстрацияларды көрсетумен және қимылдармен сүйемелдеу, қазақтың ұлттық аспабы домбырамен орындалған әндер мен күйлерді тыңдату.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үй.
Баланың «Мен» бейнесін қалыптастыру. Баланы өсіп, жетілген ересек бала ретінде қабылдау, оның ойын ашық білдіруге мүмкіндік беру, келісім білдіру, жеке басын құрметтеу. Оның өсуі мен дамуы, өткені, бүгіні және болашағы туралы түсініктерді қалыптастыру («Мен кішкентай болдым, мен өсіп келемін, мен ересек боламын»). Мектеп туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру (мектепке баруға ынтасын, қызығушылығын арттыру). Өзінің атын, тегін, жасын, жынысын атай білуге үйрету, өзін құрметтеуге, өз қадір-қасиетін сезінуге, өзіне деген сенімділікке тәрбиелеу.

 

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы желтоқсан айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Тепе-теңдікті сақтау: сызықтардың арасымен (арақашықтығы 15 сантиметр) жүру, сызықтардың, арқанның, тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен жүру, қолды екі жаққа созып, басқа қапшық қойып, заттардан аттап өту, бұрылу; қырлы, көлбеу тақтай бойымен (ені 2 сантиметр, биіктігі 30-35 сантиметр) жүру; қолдарды әртүрлі қалыпта ұстап, еденнен 20 – 25 сантиметр жоғары қойылған сатының таяқшаларынан, үрленген доптардан (бір-бірінен қашық қойылған 5–6 доп арқылы кезекпен) аттап өту.

Сөйлеуді дамыту

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды дұрыс айту дағдыларын бекіту, ызың және үнді (р, л) дыбыстарды анық айтуға жаттықтыру. Артикуляциялық
аппаратты жетілдіру.

Көркем әдебиет

Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру.

Қазақ тілі

Айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстар, оқиғалар туралы ақпараттарды алуға және оларды талқылауға мүмкіндік беру.

Математика негіздері

Жиын.
Балаларға жиын, оның әртүрлі түстегі, пішіндегі, өлшемдегі заттардан тұратындығы туралы түсінік беру, заттарды жұппен қою арқылы оларды
санамай-ақ салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білу.

Құрастыру

Құрылыс материалдарынан, «лего» конструкторлардан құрастыру
Орналастыру тәсілдерін қолдана отырып, пластиналарды тігінен және кірпіштерді, бөлшектерді көлденеңінен орналастыру, құрастыруға қолданған
құрылыс бөлшектерін ажырату (текше, пластина, кірпіш, блок) және атау, оларды сапасы, көлемі мен пішіні бойынша таңдау, өз бетінше ойдан құрастыруға мүмкіндік беру, құрастырылған құрылыс бөлшектерінің кеңістікте орналасуын айқындау. Дайын құрылыспен түрлі ойындар ойнауға ынталандыру.

Сурет салу

Жеке заттарды және бірдей заттарды қайталап салу және олардың қасына басқа заттарды бейнелеу арқылы сюжеттік композицияларды салу. Сюжетті композицияларды салу кезінде әрбір затқа тән ерекшеліктерді, олардың бір-біріне арақатынасын беру.

Мүсіндеу

Ермексаз, сазбалшық, пластикалық кесектерден әртүрлі тәсілдерді қолданып, бейнелерді мүсіндеу, әртүрлі пішіндегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, заттардың толық пішіні пайда болғанға дейін немесе жайылған пішіннің жиектерін ию, жеке бөліктерді тұтас бөліктен созу,
майда бөлшектерді қысу сияқты тәсілдермен мүсіндеу. Мүсінделген заттың, фигуралардың бетін тегістеуге үйрету.

Жапсыру

Жапсыру мен шығармашылық әрекетке қызығушылықты, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту.
Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Түзу сызық бойымен алдымен қысқа, кейін ұзын жолақтарды қиюды үйрету. Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану.

Музыка

Ән айту.
Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың
сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен).

Қоршаған ортамен таныстыру

Заттық әлем.
Балаларды заттық әлеммен таныстыру және онымен әрекет жасау дағдыларын қалыптастыру. Жақын маңайдағы заттарды ажыратып, атай білуді
жетілдіру.

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы қаңтар  айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жүгіру: аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап жүгіру, сапта бір-бірден, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру; түрлі тапсырмаларды орындай отырып: шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіру,
1–1,5 минут ішінде баяу қарқынмен жүгіру, орташа жылдамдықпен жүруді кезектестіре отырып, 40–50 метрге жүгіру. Кеудеге арналған жаттығулар.
Екі қолды белге қойып, оңға-солға бұрылу (жылдам және бір қалыпты). Оңға, солға еңкею, шалқаю. Тұрған қалыпта екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкейіп,
қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізіп, заттарды қою және жоғары көтеру.
Тізерлеп отырып, допты өзінен айналдыра домалату. Бір аяқты жоғары көтеріп,
жоғары көтерілген аяқтың астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған қалыпта екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею және артқа шалқаю,
екі аяқты кезек бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Қолына зат ұстап, шалқасынан жатып, қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын, басын, қолдарын алға созып көтеру.

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеу қарқынын өзгертуді бекіту: ақырын, жылдам сөйлеуді меңгерту үшін тақпақтар мен жаңылтпаштар айтқызу. Дикция бойынша жұмысты жалғастыру: сөздер мен сөз тіркестерінің дұрыс айтылуын жақсарту. Фонематикалық естуді дамыту: белгілі бір дыбыстан басталатын сөздерді есту арқылы ажырата білуге және атауға үйрету.

Көркем әдебиет

санамақтарды жатқа айтуға, шығарма мазмұны мен сипатына сәйкес тақпақтарды, өлеңдерді жаттауда түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, оларды есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға баулу.

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.

Математика негіздері

Сан, санау.
5-ке дейін реттік санау дағдыларын дамыту, реттік сан есімдерді атау, сандарды реті бойынша атауға «нешінші?» сұрағына жауап беруге және қорытынды санды атауға, «барлығы қанша?» сұрағына жауап беруге үйрету. Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және
теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, «қанша болды?», «қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге үйрету.

Құрастыру

Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу, бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп, композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер құрастыру.

Сурет салу

Қоршаған ортаның әсемдігіне, қазақ халқының және басқа халықтардың өнер туындыларына, киіз үйге, оның жабдықтарына, тұрмыстық заттарға, ойыншықтарға, сәндік-қолданбалы өнерге қызығушылықты дамыту. Заттардың пішіні: дөңгелек, сопақ, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, көлемі
бөліктерінің орналасуы туралы түсініктерді бекіту. Заттардың көлемі бойынша арақатынасын беруге үйрету: ағаш биік, бұта ағаштан аласа, гүл бұтадан аласа.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру,
пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру. Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды
мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.

Жапсыру

Текшеден дөңгелек пішін, тікбұрыштан бұрыштарын бүктеу арқылы сопақша пішіндерді қиып алуға, бұл тәсілді жемістерді, көгөністерді, гүлдерді, оюларды қиюда қолдану.

Музыка

Ән айту.
Балаларды мәнерлеп ән айтуға үйрету, әнді созып, қимылдармен үйлестіріп айтуды қалыптастыру (ре-си бірінші октава шегінде). Қысқа музыкалық фразалар арасында тыныс алуды дамыту. Әуенді таза және сөздерді анық айтуға, музыканың сипатын жеткізе білуге үйрету. Аспаптың
сүйемелдеуімен және сүйемелдеуінсіз ән айтуға баулу (тәрбиешіні көмегімен).

Қоршаған ортамен таныстыру

Байланыс және қозғалыс құралдары.
Қозғалыс ортасын ескере отырып, көлік құралдарын танып және атай білу дағдыларын қалыптастыру. Әртүрлі көлік құралдары мен оларды басқаратын
адамдар туралы білімдерін жетілдіру. Көлікте жұмыс істейтін адамдарға сыйластық танытуға тәрбиелеу.

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы ақпан  айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар.
Қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру (бір уақытта, кезекпен), төмен түсіру, қолдарын арқасына апару: қолдарды төмен түсіру; белге қою, кеуде тұсына қою; қолдарын алға-артқа сермеу; қолды иыққа қойып, шынтақтарын бүгіп, қолдарын айналдыру. Қолды алға созып, саусақтарды жұму және ашу, қолдың білектерін айналдыру. Қолды кеуденің алдына қою, желкеге қою, иықтарды түзеп, екі жаққа бұрылу. Жаттығуларды заттармен және заттарсыз
орындау.

Сөйлеуді дамыту

Айналасындағы заттармен сөздік қорды кеңейту: тұрмыстық заттар және қоршаған орта заттарының қолданылу маңыздылығын түсіну, заттардың атауларын, олардың бөліктері мен бөлшектерін, олар жасалған материалдарды,
материалдардың белгілі және белгісіз қасиеттерін сөйлеуде қолдану.

Көркем әдебиет

Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін
айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға
баулу.

Қазақ тілі

Сөздік қор.
Қоршаған ортадағы заттар мен өсімдіктердің, жануарлардың, құстардың, табиғат құбылыстарының, тұрмыстық заттардың атауларын білдіретін сөздерді
түсіну және атау дағдыларын қалыптастыру.

Математика негіздері

Екі қатарда орналасқан заттар тобын салыстыруды үйрету, теңдік және теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастыру. Тең ұғымын екі тәсілмен саны бойынша кем топқа бір затты қосу немесе артық топтан алып тастау арқылы қалыптастыру, «қанша болды?», «қаншасы қалды?» сұрақтарына жауап беруге
үйрету.

Құрастыру

Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу,
бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп,
композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер
құрастыру.

Сурет салу

Дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының
элементтерін: «құс қанаты», «бүршік», «қызғалдақ», «қошқар мүйіз», «қой ізі», «құс тұмсық», «бота мойын», «ботакөз», «ирек», «су» суретін салу, элементтердің орналасу ретін, олардың арасындағы қашықтықты сақтау.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру,
пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру. Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды
мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.

Жапсыру

Дайын пішіндерден жануарлар, құстар, гүлдердің пішінін қию және ол
заттарды қағаз бетіне орналастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны
құрастыру кезінде заттар мен нысандардың көлемі бойынша арақатынасын
ескеру. Ұсақ элементтерді ересектердің көмегімен желімдеу, алдымен қағаз
бетінде заттың бейнелерін құрастырып, содан кейін оны желімдеу.

Музыка

Музыкалық-ырғақты қимылдар.
Би қимылдарын, ойындағы музыкалық қимылдарды орындауға қызығушылық тудыру, марш сипатын ырғақты жүріспен беру, музыканың
қимылдық сипатына қарай жеңіл, ырғақты жүгіру; музыканың ырғағын нақты
бере отырып, қос аяқпен еркін және жеңіл секіру, қимылдарды музыкамен
сәйкестендіре отырып, жүрелеп отыру, музыканың екінші бөлігінде қимылдарды
өзгерту, музыканың көңілді, ойнақы сипатын қабылдау, мазмұны бойынша
таныс әндерді сахналауға баулу, музыканың ырғағына сәйкес әртүрлі қарқынмен секіру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.
Балалардың еңбек етуге деген оң көзқарасын тәрбиелеу, берілген тапсырмаға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру: бастаған істі аяғына дейін
жеткізе білу, оны жақсы орындау. Топты және ойын алаңын таза ұстауға,
ойыншықтарды жинауда тәрбиешіге көмектесуге баулу.

Топта кезекшілердің міндеттерін өз бетінше орындауға үйрету: нан
салғыштарды, кружкаларды, тәрелкелер мен майлықтарды, ас құралдарын
(қасықтар, шанышқылар) ретімен қою. Шамасы келетін жұмысты орындау
кезінде балалардың бастамасын қолдау: бөлме өсімдіктеріне күтім жасау,
оларды суару, жапырақтарды жинау, ауладағы гулдерді суару, қыстайтын
құстарды қоректендіру.

Жақындарының мамандықтарымен таныстыру, олардың атқаратын
қызметінің маңызын түсіну, ата-анасының мамандықтарына қызығушылықты
қалыптастыру. Айналаны қоршаған заттар, ойыншықтар – адамдардың
еңбегімен жасалғаны туралы түсінік беру, оған ұқыпты қарауға баулу.

Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің еңбегі, (қаламен ауылдың
байланысы), диқанның еңбегі туралы білімді қалыптастыру. Нанға және азық-
түлік өнімдеріне ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне
құрметпен қарауға тәрбиелеу, ересектерге көмек көрсету ниеттерін қолдау.

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы наурыз  айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Кеудеге арналған жаттығулар.
Екі қолды белге қойып, оңға-солға бұрылу (жылдам және бір қалыпты). Оңға, солға еңкею, шалқаю. Тұрған қалыпта екі аяқ бірге (алшақ), алға еңкейіп, қолдың саусақтарын аяқтың ұшына жеткізіп, заттарды қою және жоғары көтеру. Тізерлеп отырып, допты өзінен айналдыра домалату. Бір аяқты жоғары көтеріп,
жоғары көтерілген аяқтың астынан затты бір қолдан екінші қолға беру. Отырған қалыпта екі аяқты жоғары көтеру, бүгу және жазу, төмен түсіру. Екі аяқты айқастырып, отыру және тұру. Тізерлеп тұрып, алға еңкею және артқа шалқаю,
екі аяқты кезек бүгу және жазу, көтеру және түсіру. Қолына зат ұстап, шалқасынан жатып, қолды созу және осы қалыпта етпетінен бұрылып жату. Етпетінен жатқан қалыпта иықтарын, басын, қолдарын алға созып көтеру.

Сөйлеуді дамыту

Баланың сөздік қорын айналасындағы өзін қоршаған ортадан тыс заттар мен құбылыстардың атауларымен кеңейту, аталған заттардың қолданылу аясы туралы балалармен талқылау. Сөздік қорды ересектердің мамандықтарын білдіретін зат есімдермен,
еңбек әрекетін білдіретін етістіктермен толықтыру.

Көркем әдебиет

Әдеби шығармаларды мұқият тыңдау, кейіпкерлерге жанашырлық таныту, ондағы әрекеттердің дамуын қадағалау, мазмұнын түсінуге және олардың мазмұнын қайталап айтуда сюжет желісінің реттілігін сақтауға, автор сөздерін
айту, кейіпкерлердің мінезін беру, шығарма мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге, ересектермен бірге ертегі мен әңгіменің басын, соңын ойдан құрастыруға
баулу.

 

Қазақ тілі

Туыстық қарым-қатынасты («сіңлі», «жеңге», «жезде», «нағашы», «жиен», «бөле») білдіретін сөздерді үйрету. Өзінің отбасы, отбасылық мерекелер, отбасындағы қызықты оқиғалар, салт-дәстүрлер туралы айтуға баулу.

Математика негіздері

5 көлемінде тура және кері санауға жаттықтыру.

Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Сурет салу

Балалардың гүлдер, қоршаған заттар мен табиғат объектілерінің түстері мен реңктері туралы ұғымдарын байыту. Қоңыр, қызғылт сары, ашық жасыл реңктермен таныстыру және ол түстерді өз бетінше жасауға ынталандыру (қажетті түсті шығару үшін бояуларды араластыру).

Мүсіндеу

Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.

Жапсыру

Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнерімен, киіз үй оның
жабдықтарымен, сандық, кебежемен, қоржынмен таныстыру.

Музыка

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Таныс әндерді орындауда балаларға арналған әртүрлі шулы музыкалық аспаптарды қолдану. Ағаш қасықтармен, сылдырмақтармен, асатаяқ, домбыра, сазсырнайда, барабан және металлофонмен қарапайым әуендерді ойнау.

Қоршаған ортамен таныстыру

 Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
Балаларды адамгершілікке, өзара көмек беруге, ренжіген балаға жанашырлық танытуға және ренжіткен баланың әрекеттерінің әділдігіне көз жеткізіп себебін анықтауға, әділ болған жағдайда әрекет еткен баланың әрекеттерін қолдауға, бірге, келісіп ойнауға, құрдастарының өтініші бойынша ойыншықтарымен бөлісуге, айналасында болып жатқан жағдайларды ой елегінен өткізіп, өзінің әділ пікірін білдіруге баулу. Қарапайымдылыққа,
мейірімділікке және әділдікке, ересектерге құрмет көрсетуге, кішілерге көмектесуге тәрбиелеу. Жағымсыз қылықтары үшін ұятты сезіне білуге, ренжіткені үшін құрдасынан кешірім сұрауға баулу.

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы сәуір  айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Спорттық жаттығулар.
Шанамен сырғанау: төбешіктен сырғанау; бір-бірін сырғанату, шанамен төбешікке көтерілу, төбешіктен түскенде тежеу. Мұз жолмен өз бетінше сырғанау. Шаңғымен жүру: шаңғымен бірінің артынан бірі жүру; ересектердің
көмегімен шаңғыны киіп, шешу. Қимылды ойындар.
Қимылды ойындарға қызығушылықты дамыту. Таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытуға баулу. Ойындарда физикалық қасиеттерді (жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік) дамыту. Қимылды ойындарда жетекші рөлді орындауға үйрету, ойын ережелерін саналы түрде сақтауға баулу. Доптармен, секіргіштермен, құрсаулармен ойындарда балалардың белсенділігін дамыту. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Балаларға адамның дене және сезім мүшелері, олардың ағзадағы рөлі және оларды қалай қорғауға, күтуге болатыны туралы түсінік беру. Тамақтану тәртібін сақтаудың және көгөністер мен жемістердің, дәрумендердің адам ағзасына пайдасы туралы түсінік беру. «Денсаулық - зор байлық» сөзінің мәнін түсіну, өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсіну. Салауатты өмір салты туралы ұғымдарды кеңейту. Дене белсенділігі (таңертеңгі жаттығу, шынықтыру, спорттық және
қимылды ойындар) мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы түсінікті кеңейту. Құлап қалған кезде өзіне қарапайым көмек көрсетуге, науқастанған
кезде ересектерге жүгінуге баулу.

Сөйлеуді дамыту

Балаларды қазақ халқының қонақжайлылық дәстүрімен таныстыру, қонақты күтіп алу, төрге отырғызу, «қонақ кәде», «сыбаға», ас қайыру, бата беру, қонақты шығарып салу дәстүрлерін үйрету арқылы үлкендерді сыйлауға, дастархан басында әдептілікті сақтауға баулу.

 Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөйлемдегі сөздерді байланыстыруға, көмекші сөздерді дұрыс қолдануға үйрету, зат есімдерді жекеше және көпше түрде, сан есімдерді ретімен атауға, оларды зат есімдермен септіктерде, жекеше және көпше түрде, зат есімдерді сын есімдермен байланыстыруға, етістіктерді бұйрық райымен қолдана білуге үйрету (отыр, жүр, жүгір).

Көркем әдебиет

Балалардың кітаптағы иллюстрацияларды өз бетінше қарастырып, ертегі, әңгіме құрастыруына мүмкіндік беру. Шешендікке, сөз өнеріне баулу, халық ауыз әдебиеті шығармаларымен таныстыру, санамақ, жаңылтпаш айту, жұмбақ шешу, айтыс өнеріне баулу.

Қазақ тілі

Төрт түлікті бағатын адамдардың кәсіпшілік атауларын таныстыру: «қойшы», «жылқышы», «түйеші», «сиыршы» аталған атаулардың олардың еңбегімен байланыстылығын түсіндіру. Төрт түлік иелерінің төлдерді қалай шақыратынын балалардың өздеріне айтқызу. Шағын өлеңдер, санамақтар, жаңылтпаштар, тақпақтар жаттату, жұмбақтар шешкізу. Шығарманы жеткізуде оның мазмұны мен сипатына сәйкес
түрлі интонацияларды, үзілістерді, логикалық екпінді қолданып, мәнерлеп айтуға баулу. Кітаптан ертегілер, көркем шығармалар оқып беруде олардың мазмұнын
дұрыс қабылдауға, кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға, кейіпкердің іс-әрекетіне өз ойын білдіруге баулу. Тыңдалған шығарма кейіпкерлерінің бейнесін сахналық қойылымдарда
жеткізе білуге, еркін ойындарда кейіпкерлердің бейнесін басқа қырынан көрсете
білуге мүмкіндік беру.

Математика негіздері

Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигураларды (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш) және денелерді (куб, шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету, геометриялық пішіндерді көру және сипап сезу арқылы зерттеу, сөйлеуде сын есімдерді қолданып, салыстыру нәтижелерін атау (ұзындау-қысқалау, кеңдеу-тарлау,
жоғары-төмен, қалың-жұқа немесе ұзындығы, ені, биіктігі, қалыңдығы бойынша
тең).

Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру. Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай материалдан жасалғанын зерттеу.

Сурет салу

Пішінін ескере отырып, ою-өрнекті орналастыру, элементтер бірізділігін, олардың арасындағы арақашықтықтарды сақтау, 2-3 элементтерді түсі мен пішіні бойынша ұлттық оюларды ашық түстермен кезектестіру дағдыларын қалыптастыру. Қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері туралы білімдерін
кеңейту.

Мүсіндеу

Ертегілер мен қоршаған өмір тақырыптарына сюжеттік композициялар құру, ұжымдық жұмыстарды орындауда міндеттемелерді өзара бөлісу.

Жапсыру

Элементтердің ретін, олардың арасындағы арақашықтықты сақтауды, пішінін ескере отырып, ұлттық ою-өрнекті қолданып, тұрмыстық заттарды, ыдыстарды безендіру дағдыларын дамыту.

Музыка

Билер.
Әуеннің көңілді сипатын қабылдауға үйрету, музыканың кіріспесін ажырату, кіріспеден кейін қимылдарды бастау, музыканың сипатына сәйкес қимылдарды ауыстыру, би қимылдарының, билердің атауларын есте сақтау. Жеңіл, ырғақпен қозғалу; жұппен би қимылдарын орындау; билерде
ойындағы музыкалық қимылдарды қолдану.

Қоршаған ортамен таныстыру

 Менің Отаным – Қазақстан.
Отанымыз – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікті және мақтаныш сезімін ояту. Балаларды мемлекеттік мерекелерге қатысуға баулу. Мемлекеттік рәміздерге (ту, елтаңба, әнұран) құрметпен қарауға тәрбиелеу. Отан қорғаушылар, Қазақстан Республикасының әскері туралы ұғымдарын кеңейту. Отанды сүюге, патриотизмге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының бас қаласы – Астана қаласы, республикадағы қалалар мен ауылдардың атаулары, олардың көрікті жерлері, ауыл мен қала өмірінің ерекшеліктері туралы ұғымдарын дамыту.

 

 

Жоспардың құрылу кезеңі 2022-2023 оқу жылы мамыр  айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

Дене шынықтыру

Жүзу: суға түсу, суда ойнау; суда отырып, аяқтарын жоғары және төмен көтеріп қимылдар орындау; иекке дейін суда отыру, судан шығу; бетін суға малу; еркін әдіспен жүзуге талпыну. Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Шынықтырудың барлық түрлерін, жалпы және жергілікті су шараларын жүргізу: дымқыл шүберекпен сүртіну, аяқтарды, денені шаю, әрбір тамақтанғаннан кейін ауызды шаю. Жалпақ табандылықтың алдын-алу үшін түрлі жолдармен, жылы күндері шөптің, құмның үстімен жалаң аяқ жүру. Қимылдауға ыңғайлы, жеңіл киіммен желдетілген бөлмеде дене жаттығуларын орындау. Тыныс алу жолдарын шынықтыру.

Сөйлеуді дамыту

Байланыстырып сөйлеу.
Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу. Балаларды әңгіме айтуға үйрету: затты, суретті өз бетінше қарап, сипаттауға, түрлі балалар әрекеттерінде бейнелеген суреттері, бұйымдары бойынша әңгімелер құрастыруға, шығармалардың, ертегілердің қызықты үзінділерін қайталап айтуға, бейтаныс заттар, құбылыстар, оқиғалар туралы
ақпаратты талқылауға баулу. Ұсынылған сюжеттер бойынша қойылымдарды сахналауға үйрету.

Көркем әдебиет

Сахналық қойылымдарға қатысуға, таныс әдеби шығармалар, ертегілер бойынша қарапайым қойылымдарды ойнауға, образды бейнелеу үшін мәнерлілік құралдарын (интонация, ым-ишара, қимыл) қолдануға, еркін ойындарда таныс кейіпкерлердің образын өздігінен сомдауға, оларды басқа қырынан көрсетуге
(қатыгез-мейірімді, ақкөңіл-салмақты) ынталандыру.

Қазақ тілі

Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету. Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сөздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге үйрету, үлгі бойынша жай, жайылма сөйлемдер құра білуге үйрету. Өз ойын жай және жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.  Байланыстырып сөйлеу.
Қарым-қатынас барысында балаларды қойылған сұрақтардың сипатына сәйкес хабарлы, лепті, бұйрықты сөйлемдермен жауап беруге, өзі мен құрдастарының жауабындағы қателіктерді және жауаптың дұрыстығын ажырата
білуге және дұрыс жауабын ұсынуға, бір-біріне неге, не үшін деген зерттеу сипатындағы сұрақтарды қоюға, бір-бірімен еркін диалог құруға, еркін талқылауға мүмкіндік беру. Бұрыннан таныс немесе бейтаныс ертегілер мен шағын көркем
шығармалардың мазмұнын иллюстрациялар бойынша қайталап айтуға, өз бетінше ретімен қайталап айтуға, өзінің тәжірибесіне сүйеніп, суреттер бойынша әңгіме құрастыруға, ойыншықтар мен заттарды 4-5 сөйлеммен сипаттауға, берілген сурет бойынша оған дейінгі және одан кейінгі оқиғаны ойлап табуға
баулу.

Математика негіздері

Кеңістікті бағдарлау.
Кеңістік бағыттарын өзіне қатысты анықтау, берілген бағытта қозғалу (алға-артқа, оңға-солға, жоғары-төмен), заттарды оң қолмен солдан оңға қарай
орналастыру, заттардың өзіне қатысты орналасуын сөздермен белгілеу (менің алдымда үстел, сол жағымда орындық тұр). Уақытты бағдарлау.
Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн) олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктері, «бүгін», «кеше», «ертең» туралы ұғымдарын
кеңейту.

Құрастыру

Табиғи, қалдық материалдардан құрастыру.
Қазақ халқының табиғи материалдардан жасалған бұйымдарымен (ер-тұрман, киіз үйдің жабдықтары, әшекей бұйымдары), тұрмыстық заттарымен (күбі, мес, келі, тостаған, ожау, астау, диірмен) таныстыру, олардың қандай
материалдан жасалғанын зерттеу. Табиғи (мақта, жүн, жіп, асық, қағаз, тері, кенеп, мата, дәннің түрлері) және қалдық (қақпақтың түрлері, пластик, қораптар, кір қыстырғыштар) заттардан құрастыру. Табиғи материалдардан түрлі композиция жасауға ынталандыру. Шығармашылық қиялды дамыту,
көрнекілікке сүйене отырып және құрастыратын материалдарды өз бетінше таңдап, ойдан құрастыруға мүмкіндік беру.

Сурет салу

Балаларды суреттерді қылқаламмен, қаламмен бояуға үйрету, заттарды бояуда сызбалар мен жақпаларды бір бағытта жоғарыдан төменге немесе солдан оңға пішіннің шеткі сызығынан шықпай ырғақты түрде бояу. Қылқаламды
үстінен баса отырып, жуан сызықтарды ал қылқаламның ұшымен жіңішке сызықтарды жүргізу. Сурет салуда еңкеймей, арқаны тік ұстап, дұрыс еркін отыруға, жұмыс
орнын таза ұстауға, ұқыпты болуға, қауіпсіздікті сақтауға баулу.

Мүсіндеу

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен таныстыру, оларды мүсіндеуге баулу. Дайын мүсінді дөңгелек, сопақ, шаршы, үшбұрыш пішіндегі қазақ оюларының элементтерімен безендіру. Мүсіндеуде қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жапсыру

Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру. Композицияны құрастыруда дайын пішіндердің көмегімен заттарды қиюға немесе өз бетінше ойдан қиып жапсыруға мүмкіндік беру. Шығармашылық қиялды дамыту. Жапсыруда қауіпсіздік ережелерін сақтау, жұмысты ұқыптылықпен орындау.

Музыка

Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту, музыканың
көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау. Қазақтың ұлттық би өнерімен таныстыру. «Қамажай» биін үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

 Жолда жүру ережелері.
Көлік түрлері, жол бөліктері (тротуар, жолдың жүру бөлігі мен жаяу жүргіншілер өтетін жол және жерасты жолдары, велосипедке арналған жол),
бағдаршам белгілері, жолда жүру ережелері туралы білімдерін қалыптастыру. Бағдаршам түстерінің белгілеріне сәйкес көшеден өту дағдыларын  жетілдіру. Жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, «Жаяу жүргінші өткелі»,
«Қоғамдық көлік аялдамасы» жол белгілері туралы ұғымдарын кеңейту. Балаларды жол қозғалысы ережелерін саналы түрде сақтауға үйрету.
Сюжетті-рөлдік ойындар барысында жол қозғалысы ережелері туралы білімді
бекіту. Өз өмірінің қауіпсіздігінің қарапайым дағдыларын қалыптастыру: ойын, ойын жабдықтарын пайдалану, бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау.
Балалардың өз есімін, тегін, жасын, ата-аналарының атын білуді бекіту, кездейсоқ жағдайларда (адасып қалу, құлау) өзін дұрыс ұстауға үйрету.

 

 

 

Жаңартылған күні: 12.06.2023 18:36
Құрылған күні: 09.06.2023 17:00

Текст