«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2022 жылғы көпшілік талқылауға арналған Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы Есеп

2022 жылғы көпшілік талқылауға арналған

Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша

білім бөлімінің жанындағы «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» МКҚК мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметі туралы

Есеп

         Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы «Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мемлекеттік қызмет көрсету реестріне сәйкес 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді. 

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызмет саны 793 құрады, оның ішінде:   

-  қағаз түрінде — 746

 - «электронды үкімет» веб-порталы арқылы — 47 

 - Мемлекеттік корпорация арқылы —  0

«Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

1)   Мектепке дейінгі білім беру ұйымына құжаттарды қабылдау және есепке алу - 47;

2)  Балаларды қосымша біліммен қамтамасыз ету үшін құжаттарды қабылдау және оларға қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау -746 ;

Халықты ақпараттандыру мақсатында «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының сайтында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде білім беру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы бұйрықтары қабылданған және осы қызметтерді көрсету бойынша нұсқаулар орналастырылған. Сонымен қатар, қолжетімділік және халықты мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша ақпараттандыру мақсатында көрнекі ақпараттар (стандарттар, өтінім үлгілері және т.б.) стендтер орналастырылды. «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының ресми интернет-ресурсында стандарттарды, ережелерді, шағымдану тәртібін, байланыс ақпаратын қамтитын «мемлекеттік қызметтер» бөлімі бар.

Ай сайын «Бурабай ауданының білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызмет көрсету бойынша ішкі мониторинг бойынша жұмыс туралы есеп береді. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу фактілері жоқ.

«Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары  және оларды көрсету тәртібі туралы стенд рәсімделген.  

Жауапты тұлғалар Н. Газезова, Г. Тулегенова 2022 жылы, Н. Юрченко 2021 жылы «Білім беру саласында сапалы мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында біліктілігін арттырудан өтті.

Тиімділікті одан әрі арттыру және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру мақсатында «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 2023 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары және тұтынушыларға «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының 2023 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсетуі туралы халықты насихаттау және ақпараттандыру бойынша Медиа-жоспар бекітілді. «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығында мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне, үрдісіне күнделікті мониторинг жүргізіледі. Қызмет көрсету бойынша шағымдар түскен жоқ.

 2022 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызметтерді тұтынушылардан мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға шағымдар түскен жоқ.

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 21.02.2023 15:19
Құрылған күні: 21.02.2023 15:19

Текст