Жайма шуақ жаз келді. Балалар көптен күткен жазғы демалыстарына шығып мәз-мейрам болуда. Балалардың бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында «Арман» МТОТЖО базасында «Күншуақ» спорттық-ойын сауық орталығы құрылды.
Орталықта балалар түрлі үйірме жұмыстарына қатысып, танымдық-қызығушылық ойындар ойнап, жаңа достар тауып, уақыттарын көңілді өткізеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Атамекен» кіші бағдарламасының негізінде оқушыларды туған өлкенің табиғатымен, тарихымен және ұлттық дәстүрімізбен таныстыру мақсатында Бурабай өлкесіне саяхат ұйымдастырылды. «Арман» МТОТЖО «Спорттық туризм» секциясының қосымша білім беру педагогы Н.А.Матвеева саяхатты ұйымдастыруға және өткізуге жауапты болды. Балалар әсем табиғаттың сұлулығымен үндесіп жатқан аңыз-әңгімелерді, тарихи оқиғаларды тыңдап, Абылай хан ордасын тіккен алаңға барды. Құсбегілік, саятшылық өнерлерімен танысып, қазақ халқының салт-дәстүріне қанықты.
Саяхат балаларға қатты ұнады. Танымдық көкжиегі артып, туған жердің қасиетіне қанықты.
Л.Егембердиева,
«Арман» МТОТЖО
Щучинск қ.