«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Жүрегін шырақ етіп жандырған қазақтың бас ақыны - Абай»

«Жүрегін шырақ етіп жандырған қазақтың бас ақыны - Абай»

 

Щучинск қаласында орналасқан «Арман» Мектептен тыс оқу-тәрбиелеу жұмыс орталығында «Жүрегін шырақ етіп жандырған қазақтың бас ақыны - Абай» атты Әдеби-сазды қонақжай кеш өтті. Іс-шараның мақсаты Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы қарсаңында оқушыларды Абай шығармаларымен, елімізде атқарылып жатқан игі істермен таныстырып, балалардың рухани дүниетанымын кеңейту болып табылады.

Хамзина Гауһар Орынгалиевна – Бурабай ауданының құрметті азаматшасы, Бурабай аудандық мәслихатының депутаты, «Мерей» ОВП директоры.  Касенова Багила Батыргалиевна – Бурабай ауданының құрметті азаматшасы, ардагер ұстаз, Қалиева Салтанат Сағынайқызы  – «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, Айсұлу Кабиденқызы Абдугожина – аудандық орталық кітапхана жүйесінің кітапханашысы кештің құрметті қонақтары болды.

         Сонымен қатар, Абайдың шығармаларын жанына серік еткен, тереңінен сусындап өсіп келе жатқан қала мектептерінің оқушылары Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін жатқа мәнерлеп оқыды. Абайдың өмірі мен шығармаларына қатысты сұрақтарға жауап беріп, сыйлықтарға ие болды. Бурабай ауданы «Жасыл» негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Көпеева Мерей өзінің Абайға арнаған авторлық өлеңін көпшілік алдында оқыды.

         Айта кетерлігі, кешке қатысушы құрметті қонақтар Абайдың өлеңдерін жатқа оқудан челленджге қатысқан болатын. Балалардың алдында сол өлеңдерін тағы бір еске алып, жатқа оқып қана қоймай, өздерінің әсерлерімен, көптеген жаңа мағлұматтармен  бөлісті. Мысалы, Абайдың азан шақырып қойған аты Ибраһим екені барша жұртқа мәлім. Салтанат Сағынайқызының Абайды жеңгелері еркелетіп Телқара деп атағанын, ал әкесі Құнанбай тіл-көзден сақтау үшін баласын Жаманқара деп атағаны туралы ақпараттары балаларға өте қызықты болды. Әлеуметтік желіде жүрген, Францияда тұратын қазақ отбасының   француз тілінде орындаған Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін баршасы ұйып тыңдады. 

         Кештің соңында Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін Орталықтың музыкалық жетекшілері Б. Алишев пен С. Жетпісбай нақышына келтіре орындады. Ал, «Көзімнің қарасы» әнін залдағы тыңдармандар қосыла шырқады. Іс-шара қонақтар мен тыңдармандардың көңілінен шықты.

         Абайдың шығармаларын оқитын, оны танып-білуге құштр өскелең ұрпақ бар кезде Абай бейнесі мәңгі жадымызда, ол өшпек емес.

 

Ләззат Егембердиева,

Щучинск қаласы

«Арман» МТОТЖО

    

Жаңартылған күні: 13.02.2020 11:40
Құрылған күні: 13.02.2020 11:40

Текст