Тургужина Айгуль Айтжановна
Ақмола облысы білім басқармасының
Бурабай ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы
Щучинск қаласы
"Арман" Балалар-жасөспірімдер
шығармашылық орталығы» МКҚК директоры
Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың құрдастары мен ересектер қоғамдастығында қосымша білім алуы олардың заң жүзінде бекітілген ажырамас құқығы және табысты әлеуметтенудің негізгі қалаушы шарты болып табылады. Қосымша білім беру бағдарламасы ерекше біім беру қажеттілігі бар балалардың қоғамға бейімделуін, шығармашылық қабілеттерін, өмірлік әрі әлеуметтік құзыреттерін дамыту міндеттерін шешеді..
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс жасай отырып, біз келесі қорытындыға келдік: қосымша білім беру мекемесі, басқалар сияқты, балаға өзінің шығармашылық әлеуетін ашуға, қызығушылықтарына, қабілеттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес дамуға, қоғамда сәтті бейімделу үшін қажетті қасиеттерді қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Біздің ұжым ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс тәжірибесін тірнектеп жинады. Соңғы 10 жыл бойына «Арман» орталығы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс жүргізіп келеді. Бізде инклюзивті білім беруді іске асыру тәжірибесі қосымша білім берудің барлық бағыттарында, бірақ соның ішінде дене шынықтыру-спорттық және көркем бағытта басым.
Қазіргі таңда «Надежда» клубы тұрақты негізде дамуында түрлі ауытқулары бар 18 тәрбиеленушіні біріктіреді. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар сауықтандыру дене шынықтыру үйірмесіне, ағаш өңдеу үйірмесіне, бейнелеу өнері үйірмесіне қатысады.
Біздің негізгі міндетіміз – ерекше балаға уақытылы жан-жақты көмек көрсету, ол толыққанды өмір сүруге, әр сәтте қуануға, болашақ туралы армандауға, жоспар құруға және оларды құрбыларымен бірге мақсатты түрде іске асыруға мүмкіндік береді.
«Арман» орталығында өзін балалармен жұмыс істеуге толықтай беретін, шығармашыл және ұтқыр, өзінің педагогикалық шеберлік деңгейін үнемі арттыратын пікірлес педагогтардың тамаша ұжымы қалыптасты.
Клубтың тәрбиеленушілері түрлі науқаспен ауырады. Мұндай оқушылардың негізгі психофизиологиялық ерекшеліктері: шаршау, қозғалыс гиперактивтілігі және қысылу; алаңдаушылық және тұрақсыздық; эмоционалды жағдайлардың өзгеруіндегі сәйкессіздік; сөйлеу бұзылыстары, этикалық мінез-құлық нормаларының тұрақсыздығы, дербестіктің жеткіліксіздігі және басқалар.
Қажетті жағдайлар жасау мақсатында орталықта соңғы жылдары техникалық жабдықтау жаңартылды. Орталық ұстаздары ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен жұмыс бойынша біліктіліктерін арттырады.
Балалар шығармашылығы орталығында жеке-бағытталған қосымша білім беру бағдарламалары әзірленіп, іске асырылуда. Бағдарламаның басты мақсатын анықтай отырып, ұстаздар оның бала үшін шынайы орындалатындай болуын ескереді.
Біздің практикалық жұмыс тәжірибеміз инклюзияны алғашқы кезеңдерде табысты енгізуге оқушының іс-әрекет қарқыны мен мүмкіндіктеріне сәйкес сабақтарда тапсырмалар беру ықпал еткенін көрсетті;
- бірден бір тапсырмадан артық орындауға бермейді,
- белсенді демалыс үзілістерін жасайды;
- оқушының кез-келген бастамасы мен дербестігіне қолдау көрсетеді және мадақтайды.
Сабақта жайлы психологиялық климат – өте маңызды құрамдас бөлігі. Біз әрдайым ұстаздарға шыдамдылық танытып, түсіністікпен қарауға шақырамыз, себебі бұл ұзақ мерзімді жұмыс әрі нәтижесі бірден бола қоймайды. ЕБҚБ балалардың бойында нәтижені жинақтау әсері бар.
«Сәттілік жағдайында» өмір сүру балаға өзіне деген сенімділікті, оның мүмкіндіктері мен қоғамдағы қажеттілігін сезінуге мүмкіндік береді. Біз мақтау мен мадақтаудан тарынбаймыз. Бұл өте маңызды, бала шағын ортада, яғни жақын ортада, ұжымда да рөлдік модельдерді көруі керек.
Біз Ашық есік күндерін, түрлі сайыстар мен сұхбат кештерін өткіземіз. Әрине, егер ЕБҚБ бала ұжыммен бірге оқыса, бұл баланың өзі үшін жақсы. Ол балалармен араласу мүмкіндігіне ие болады, басқа балаларға қарап алға ұмтылады. Бұдан өзге, бала өзінің керек екенін сезінеді. Басақа балалар, денсаулығында шектеу бар құрдастарын көріп, төзімдірек болады.
Біздің міндетіміз осы бағыттағы жұмысты жетілдіру әрі басқа аудандардағы, облыстардағы, республикадағы ұйымдармен өзара тәжірибе алмасу.
Тек соңғы жылдары ғана біз Қазақстанның әр аймағынан әріптестерімізді шақыра отырып семинар өткіздік, орталық ұстаздары қосымша білім беру педагогтерінің облыстық тамыз кеңесінде инклюзивті білім беруді іске асыру тәжірибесімен бөлісті. «Балдәурен» РОСО конференциясының жұмысына қатысты.
Ұстаздардың мақалалары қосымша білім беру орталығында инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша мақалалар жинағына енді. Жүйелі түрде педагогтар өздерінің авторлық әзірлемелерін интернет журналдар беттерінде жариялайды.
Ата-аналардың қатысуы ерекше білім беру қажеттілігі бар балалармен сабақ үрдісінің міндетті шарты болып табылады. Баланың ата-анасы үрдістің белсенді қатысушысы болуы шарт. Біз әрдайым байланыстамыз, «Арман» орталығы шәкірттерінің ата-аналары мұны біледі және бізге сенім артады. Олармен жұмыс абсолютті сенім мен түсінікке негізделген, ата-аналар бүкіл оқу процесінің тең қатысушылары болады, балалармен бірге ән айтады, билейді, үйде үйренген материалды көрсетеді және бекітеді. Бұл біздің балалардың жетістігінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Жасөспірімдер үшін, әсіресе ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар үшін ең маңызды сәттердің бірі құрдастармымен араласу. Сондықтан біз қонақтар мен құрдастарын, ересектерді шақырумен іс-шаралар өткіземіз.
Мәдени-демалыс қызметін ұйымдастыру мерекелерге, ойын бағдарламаларына, конкурстарға қатысуды көздейді.
«Арман» орталығында бірлескен туған күндерді өткізу, табиғат аясына шығу, мәдени орындар мен іс-шараларға қатысу сияқты тұрақты дәстүр қалыптасты.
Сондай-ақ орталық ұжымының жұмысында әлеуметтік серіктестермен өзара әрекеттесуді дамыту мәселелері маңызды орын алады. Бізде халықты әлеуметтік қорғау орталығымен шарт жасалған.
Орталықтың қызметкерлері сонымен бірге біздің іс-шаралардың тең құқылы қатысушылары болып табылады. Осы жылы біз Щучинск қаласындағы «Мейірім-Бурабай» оңалту орталығымен серіктестікті бастадық. «Арман» орталығының ұстаздары балалармен және ата-аналармен бірлескен іс-шаралар өткізуде.
Шығармашылық жұмыс өнімдері балалардың дамуына оң әсер етеді. Шығармашылықпен айналыса отырып, бала өз қажеттіліктерін жүзеге асырады және басқа балалармен араласуға мүмкіндік алады.
Көпқырлы, шығармашылық жұмыс нәтижелілігінің көрсеткіші оқушылардың түрлі деңгейдегі конкурстар мен фестивальдердің қатысушылары мен жүлдегерлері атануы болып табылады.
Вокал, бейнелеу шығармашылығында, көркем оқуда өздерінің таланттарын көрсетуде.
Шығармашылық жұмыстарымен байқауларға қатысқан кезде, балалар өздерінің жұмыстарының басқалардан ешқандай кем емесін байқайды. Сол кезде олардың көздерінде – ұшқын, жүздерінде күлкі пайда болады.
Біздің түлектер – ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар өмірде өз орнын табатыны, әлеуметтенгені және табысты болғаны қандай ғанибет.
Орталықты біздің оқушылардың топтық және жеке жұмыстарының көрмесі тұрақты ұйымдастырылады. Бұл жерде осы балалармен айналысатын, өз жұмысын кәсіби және жан-жүрегімен орындайтын мұғалімдер маңызды рөл атқарады.
Әрбір бала өзінше бірегей, «Арман» орталығының миссиясы – әрбір білім алушы түрлі қызмет түрлері арқылы адами қатынастардың байлығын игере алуы үшін қажетті психологиялық-педагогикалық жағдайлар жасау.
Тәжірибе көрсеткендей, қазіргі уақытта логопед-мұғалім, дефектолог, тьютор лауазымдарын қосымша білім беру мекемелеріне енгізу қажет. Именно учреждения дополнительного образования имеют уникальную возможность помочь детям с особыми образовательными проблемами успешно социализироваться
Біздің мекемеде жинақталған тәжірибенің негізінде, аталған жұмыс заманауи білім беруге өте қажет, ол сұраныста бар және біздің ұстаздар ойдағыдай іске асырып жатыр деп батыл айта аламыз.
Инклюзивті білім беру бойынша жұмыс жалғасын табады. Білім беру қызметтерінің түрлерін одан әрі кеңейту және Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қамтуды ұлғайту мақсатында Орталықтың даму бағдарламасына сәйкес жаңа оқу жылында би студиясын ашуды жоспарлап отырмыз. .
Әдебиет тізімі
1.Закон Республики Казахстан «Об образовании» от 27 июля 2007 года № 319-III «Об образовании» (с изменениями и дополнениями)
2.Абдулхаликова, И. В. Что необходимо для инклюзивного образования. Открытая школа - 2009. - №2 (83). - С. 46-47.
3.Анисимова Е. Н. Инклюзивное образование: первые шаги .Открытая школа - 2012. - №8 (119). - С. 24-25.
4.Бакиева, М. Инклюзивное образование: в центре внимания – ребенок. Открытая школа.- Алматы, 2014.- №4(135).- 12С.