«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс "Жаз - 2020"

 

«Арман» МТОТЖО «Күншуақ» онлайн-лагерінде жазғы демалыс пен бос уақытты ұйымдастыру туралы ақпарат.

Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалыс жүйесі – бұл баланың рухани-көркем, тиімді-танымдық, идеялық-өнегелі бастамалары үйлесімді бірігетін барлық тіршілік әрекетінің ажырамас бөлігі болып табылады. Елімізде және әлемде болып жатқан жағдайға байланысты, балалар арасында короновирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында іс-шаралар онлайн форматында өткізіледі.

Онлайн лагерь – бұл компьютер алдында өткізетін күндер емес, керісінше, әр күннің тапсырмасы оффлайн белсенділікті ойластырады, яғни физикалық белсенділік, өз қолымен бұйымдар жасау, сурет салу, өзін-өзі, жаңа бір нәсені тану. Лагерьдің чатында күн сайын қызықты видеолар, фото және музыкалық материалдар жарияланады. Электрлі құрылғылардың, бейне-трансляциялардың, әлеуметтік жүйелер мен заманауи балалар мен жасөспірімдердің өмірінің ажырамас бөлігін құрайтын барлық нәрсенің мүмкіндіктері лагерьде шығармашылық бағытына, жаңалықты тануға, мейірімділікпен араласуға және балалардың өмірлік ұстанымдарын шынайы өмірде жандандыруға, баланың жан-жақты дамуына әрі тұлға ретінде ашылуына бағытталған.

Онлайн-режимде қосымша білім беру жағдайында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысының бағдарламасы әзірленді, жазғы каникул кезінде балалардың дамуы мен апта сайынғы жаздағы бос уақыт іс-шараларының жоспары әзірленді (әр аптаның іс-шараларының өз тақырыбы мен бағыты бар).

Қызмет бағытының мазмұны.

Танымдық-зерттеу қызметі:

1. қала бойынша онлайн – экскурсиялар,  өлкетану музейлеріне бару, бурабай курортты аймағына саяхат (музейлерге, көрмелерге бару).

2. Онлайн – зияткерлік ойындар.

3. Онлайн-викториналар.

4.Фотокростар.

5. Поэзиялық бет.

6.Лингвистикалық алаң (ағылшын тілін үйрену)

Көркем-эстетикалық қызмет:

1. көркем шығармашылық пен қолөнердің алуан түрін меңгеру бойынша шеберханадағы қашықтан жұмыс. Шеберлік-сағаттар.

2. қолөнер мен суреттің Онлайн көрмесі. Онлайн-викториналар.

  Коммуникативтік қызмет:

1. күн қорытындысы бойынша рефлексия.

2. психолог парағы. Психологиялық ойындар, тренингтер.

Педагогтер бейнесабақтар, шеберлік-сағаттарын дайындады.

Іс-шаралар туралы ақпараттар әлеуметтік желілер мен «Арман» МТОТЖО сайтында жарияланады.

Жаңартылған күні: 01.06.2020 14:20
Құрылған күні: 07.07.2020 12:35

Текст