Қорқыту – бір адамға бағытталған тұрақты агрессияның көрінісі. Негізінде – қорлау, жарақат салу. Бұл зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерін қамтитын жеткілікті кең ұғым: физикалық, эмоционалдық, экономикалық, сондай-ақ кибербуллинг. Кикілжің мен жанжалдан айырмашылығы, айлар бойы созылуы мүмкін.
Республикамызда буллинг бойынша жағдай ауыр. Статистикаға сүйенсек, Қазақстанда әрбір бесінші оқушы қорқытуға ұшырайды. Қорлау дәрежесі әрбір нақты жағдайда әртүрлі болуы мүмкін, бірақ одан жәбірленушіге жеңіл емес. Уайымдаулар, эмоциялық жарақаттар әр балада әртүрлі өтеді: соматикалық бұзылулардан (ұйқының, тәбеттің бұзылуы, бас ауруы т.б.) суицид жасау әрекетіне дейін Психологтар мектептегі қорлауды отбасылық зорлық-зомбылықпен психикаға тигізетін салдарлардың ауырлығы жағынан салыстыруға болатынын атап өтті.
2022 жылғы қазан айында «Арман» БЖШО қала мектеп оқушыларының арасында қорлау сияқты әрекеттің алдын алу ьуралы онкүндік өтті. «Арман» Орталығында әзірленген кестеге сәйкес «Буллинг. Себептері. Алдын алу» тақырыбында интерактивті сұхбат алаңдары өткізілді. Іс-шараға қаланың барлық мектептері қатысты. Балаларға «Қазақстандағы әрбір бесінші бала қорлаудан зардап шегеді» атты бейнеролик және «Мектептегі бұзақылық. Себептері мен салдары» презентациясы көрсетілді. Оқушылар іс-шара тақырыбын белсенді талқылады және өмірден өз мысалдарын келтірді. Балалар бейнематериалдарды үлкен қызығушылықпен қарады және сұрақтарын қойды. Кездесулер оқушылардың өздері үшін де, олармен бірге келген ұстаздар үшін де нәтижелі болды.
Іс-шараға барлығы қаланың 345 оқушысы қатысты.
«Мектептегі буллинг» қорқытудың алдын алу бойынша
дөңгелек үстелдердің кестесі
Мектептің № |
күні |
Оқушылар саны |
1 |
14.10.2022 |
43 адам |
2 |
17.10.2022 |
45 адам |
3-4 |
18.10.2022 |
47 адам |
5-6 |
20.10.2022 |
44 адам |
7-9 |
21.10.2022 |
39 адам |
8; мектеп-интернат |
27.10.2022 |
37 адам |
«Арман» БЖШО |
Ай бойына |
95 адам |
31 қазан 2022 жыл Г.А. Анисимова, «Арман» БЖШО психологі.