«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп.

Мемлекеттік қызметтер бойынша 2023 жылғы есеп.

  1. Жалпы ереже

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: Ақмола білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы " МКҚК. Заңды мекен-жайы Щучинск қаласы, Ғалым Елемесов көшесі 50.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы 2 мемлекеттік қызмет көрсетеді:

  1. Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және алу -43
  2. Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау-948

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер

тегін негізде көрсетіледі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 793 құрады, оның ішінде: 

-  қағаз жүзінде — 746

 - «электронды үкімет» веб-портал арқылы — 47 

 - мемлекеттік корпорация арқылы—  0

  1. неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

 «Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою»;

2.Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат орталықтың ресми интернет ресурсында орналастырылған http://vs0002.burabay.aqmoedu.kz/ "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары жұмыс істейді.

  1. мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. «Арман» БЖШО нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер және басқалар).

2023 жылы «Арман» БЖШО БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілді.

3.Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және «Арман» БЖШО жанындағы «Болашақ» шағын орталығында мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Аkmola.kz. бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады

  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

«Арман» БЖШО-да қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 4 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді, 2022 жылы 3 қызметкер мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өтті.

4.Мемлекеттік қызметтерді сапасын қадағалау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

  1. 2023 жыл бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.
  2. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингінің нәтижелері.

Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінде бұзушылықтар анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтердің бұзылуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5.Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс шараларының жоспары бекітілді.

2024 жылы «Арман» БЖШО жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

 

 

 

 

 


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 18:12
Құрылған күні: 01.03.2024 15:39

Текст