«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласы "Арман" Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК жанындағы "Болашақ" шағын орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырған қызметінің перспективтік жоспары

Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласы "Арман" Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" МКҚК жанындағы "Болашақ" шағын орталығының 2022-2023 оқу жылына арналған ұйымдастырған қызметінің перспективтік жоспары

Топ/сынып «Балапан» тобы

Балалардың жасы 3 жас

Айы

Ұйымдастырылған іс-әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қыркүейек

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар. Көзбен бағдарлай отырып, ауызша нұсқаулармен ойын түріндегі жаттығуларды (жануарлардың қозғалысына еліктеу) педагогпен бірге орындауға үйрету.

Жүру. Белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы еркін жүру және жүгіру дағдыларын қалыптастыру: сапта бір-бірлеп, бірінің артынан бірі, тізені жоғары көтеріп жүру, аралықты сақтай отырып, бағытты өзгертіп қол мен аяқ қозғалыстарын үйлестіру, шеңбер бойлап, қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтай қалып, жүрелеп, бұрылып, "жыланша", заттарды айналып өтіп, төбешікке шығып және төбешіктен түсіп саппен жүру;

Шынықтыру шараларын жүргізу. Тыныс алу жаттығуларын жүргізу.

Жануарлардың қимылдарына еліктеп, дене жаттығуларын орындау;

Сөйлеуді дамыту

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.

-дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды айта білу;

Тілдің грамматикалық құрылымы 

-сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру,

Байланыстырып сөйлеу:

-суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде байланыстырып сөйлеу;

Көркем әдебиет

Ертегілердің мазмұнын түсінуге, тыңдауға, бейнелі сөздерді есте сақтауға

Математика негіздері

Біртекті заттардан топтар құрастыру және олардың біреуін бөліп көрсету

Қоршаған ортамен таныстыру

Шама бойынша заттардың әртүрлі болатыны туралы түсінік беру.

1) ұзындығы мен ені бойынша екі қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру;

Құрастыру

Әртүрлі түстегі және пішіндегі бөлшектерден қарапайым құрылыстар құрастыру

Сурет салу

Заттық сурет салу.

Түрлі бағытта тура сызықтарды, олардың қиылысуын жүргізе білуді қалыптастыру:

1)көкөністер мен жемістерді, ыдыстарды, ойыншықтарды, жануарларды бейнелеу, дөңгелек пішінді заттардың суретін салу (шарлар, бұлт, күн).

Мүсіндеу

Заттық мүсіндеу:

сазбалшықтың, ермексаздың қасиеттерімен танысу дағдыларын жетілдіру. Сазбалшық, қамыр, ермексаз кесектерінен бөліп алу, дөңгелектеу, ширату, созу тәсілдерін пайдалана отырып, көкөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Жапсыру

Дайын пішіндерден заттардың бейнесін жасауға үйрету;

Желімдеу техникасының бастапқы дағдыларын игеру.

Музыка

Музыка тыңдау.

түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдау;

Ән айту.

Дыбыстаудың бірыңғай күшімен бірдей қарқында ән салу, ересектермен бірге ән салу, аспаптың сүйемелдеуіндегі даусына бейімделу дағдыларын қалыптастыру.

Музыкалық-ырғақтық қозғалыстар.

бірінің артынан бірі жүру барысында би ырғағын, музыканың би сипатын игеру;

 

 

 

Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қараша

Дене шынықтыру

Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, сапта бір-бірден, екеуден (жұппен) жүру; әртүрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап, тапсырмаларды орындай отырып жүру: қол ұстасып, арқаннан ұстап, тоқтап, жартылай отырып, бұрылып, заттарды айналып жүру, еденге қойылған заттардан аттап жүру, жан-жаққа баяу айналу.

Сөйлеуді дамыту

. Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Дауысты (а, ә, е, о, ұ) және кейбір дауыссыз (п-б, к-қ, т-д, ж-ш, с-з) дыбыстарды анық айту, дыбыстардың артикуляциясын нақтылау және бекіту, артикуляциялық аппаратты дамыту, сөйлеу қарқынын өзгерту қабілетін дамыту: баяу сөйлеу, жаңылтпаштар айту.

Көркем әдебиет

Кітаптарға қызығушылықты ояту.
Таныс кітаптардағы суреттерді балалармен бірге қарастыру, оларға суреттердің мазмұны туралы эмоционалды түрде айту, балалардың пікірлерін тыңдау.

Қазақ тілі

Тілдік дамытушы орта.
Балалардың ересектермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасауына жағдай жасау: бір-бірімен күнделікті еркін ойында, дербес әрекеттерде ауызекі сөйлесуге, бірлескен әрекеттері туралы келісуге, ортақ тақырыпта әңгімелесуге, сұрақтарға жауап беруге, өз бетінше кітаптарды қарауға, өзінің алған әсері мен қалауын білдіруге, сәлемдесуде, өтінішін, ырзашылығын білдіруде сыпайы сөйлеу әдебін сақтауға, құрдастарын есімімен толық, дұрыс атауға баулу.

Математика негіздері

Сан.
«Көп», «бір» ұғымдары туралы түсініктерді қалыптастыру, заттардың санын ажыратуға үйрету: көп-біреу (біреу-көп), біртекті заттарды топтастыру
және олардың біреуін бөліп көрсету, қоршаған ортадан бір немесе бірнеше бірдей затты табу, «қанша? неше?» сұрағына жауап беру.

Құрастыру

Балалардың құрастыруға қызығушылығын арттыру, конструкторлардың түрлерімен таныстыру. Құрастыру дағдыларын дамыту, негізгі құрылыс бөлшектерін: текшелер, кірпіштер, цилиндрлер, үшбұрыштар, призмаларды ажырата білуге, атауға және қолдануға үйрету, бұрын алынған дағдыларды: төсеу, бекіту, қою қолдана отырып, жаңа ғимараттар салу.

Сурет салу

Көлденең және тік сызықтарды салу, олардың қиылысуын жүргізе білу, әр түрлі пішіндегі (көгөністер мен жемістер, ыдыс-аяқ, ойыншықтар, жануарлар), дөңгелек пішінді (шарлар, бұлттар, күн) заттарды бейнелеу, бірнеше көлденең
және тік сызықтардан тұратын заттарды бейнелеу.

Мүсіндеу

Сазбалшықтан, ермексаздан мүсіндеуге қызығушылыққа баулу. Сазбалшық, ермексаз кесектерінен бөліп алу, домалату, ширату, созу, жаю тәсілдерін пайдалана отырып, көгөністер мен жемістерді, кейбір заттарды, азық-түлік тағамдарын мүсіндеуге үйрету.

Жапсыру

Балалардың жапсыруға қызығушылығын арттыру. Қағаз бетінде көлемі,түсі, пішіні бойынша әртүрлі дайын пішіндерді белгілі реттілікпен орналастыра отырып, ойдан немесе берілген тапсырма бойынша заттардың бейнесін жасау, содан соң пайда болған бейнені қағазға жапсыру.

Музыка

Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.
Музыка тыңдау.

Қоршаған ортамен таныстыру

Бала, оның отбасы, үйі.
«Мен» бейнесін, құрдастарын, өзін балалар қоғамының бір мүшесі ретінде сезінуге, әртүрлі ойындарды өз бетінше ойнауға үйрету, өз іс-әрекеттерін оң бағалау және өзін-өзі бағалауын, ойында туындаған мәселелерді шешу тәсілдерін дамыту. Балаларды отбасы бейнеленген фотосуреттерді қарауға, отбасы
мүшелерін, олардың іс-әрекеттерін атауға, өзінің отбасы, отбасылық қарым-қатынас туралы әңгімелеп беруге, жақындарына қамқорлық танытуға баулу. Дербестікті қалыптастыру: киіну, жуыну, тісін тазалау.

 

 

Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

желтоқсан

Дене шынықтыру

Тепе-теңдікті сақтау. Тепе-теңдікті сақтай отырып, бір қырымен қосалқы қадаммен көлбеу тақтай (20-30 сантиметр), арқан бойымен жүру, тура жолмен, бір-бірінен 10 сантиметр қашықтықта орналасқан тақтайшалардың, қырлы тақтайдың бойымен жүру.

Сөйлеуді дамыту

Сөздік қор.
Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (ойыншықтар, киім, аяқ киім, ыдыс, жиһаз) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту, қарама-қарсы мағынадағы сөздерді - антонимдерді енгізу.

Көркем әдебиет

Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.

Қазақ тілі

Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті.
Артикуляциялық және дауыс аппаратын, сөйлеуде тыныс алуды, фонематикалық естуді, анық және қалыпты қарқынмен сөйлей білуді дамыту. Қазақ тіліне тән ө, қ, ү, ұ, і, ғ дыбыстарын жеке, сөз ішінде анық айтуға баулу.

Математика негіздері

Шама.
Екі затты өлшемі бойынша (ұзын-қысқа, биік-аласа, артық-кем) салыстыру. Өлшемдері қарама-қарсы және бірдей заттарды салыстыру, заттарды салыстыруда шаманың берілген белгісі бойынша (ұзындығы, ені, биіктігі, жалпы шамасы бойынша) бір затты екінші затпен беттестіру және жанына қою тәсілдері
арқылы салыстыру, салыстыру нәтижелерін ұзындығы бойынша ұзын-қысқа, бірдей, тең, ені бойынша кең-тар, бірдей, тең, биіктігі бойынша биік-аласа, бірдей, тең, жалпы шамасы бойынша үлкен-кіші сөздерімен белгілеу.

Құрастыру

Қағаздан құрастыру.
Қағаздан құрастыруға үйрету: қағаздың парағын ортасынан бүктеп, шиыршықтап, көлемді пішіндерге, орамдарға, ілмекке айналдыра білу,
бұрыштарын және қырларын біріктіру, желімдеу, бөлшектерді өзара желімдеп,
композиция құрастыру, «оригами» үлгісі бойынша қарапайым пішіндер
құрастыру.

Сурет салу

Сурет салу кезінде қарындашты, қылқаламды қатты қыспай, дұрыс ұстауды үйрету. Қылқаламмен бояуда оны бояуға ақырын батыруды, алынған артық бояуды құтының шетіне қылқаламды ақырын басынан басып, ағызып жіберіп бояуды, бояудың келесі түсін қолдану үшін қылқаламды басқа түске
салмас бұрын жақсылап суға шайып алып қолдануды, жуылған қылқаламды жұмсақ матамен немесе қағаз майлықпен сүртіп кептіруді үйрету.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерден заттарды мүсіндеу, оларды орналастыру,
пропорцияларды сақтау, бөліктерді біріктіру. Балалардың көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды
мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.

Жапсыру

Желімдеудің техникасын үйрету: желімді қылқаламға, мұқият жағып алу, жаймадағы дайын үлгіге жағу, желімнің қалдықтарын сүртуге майлықты қолдану.

Музыка

Түрлі сипаттағы әндердің мазмұны мен көңіл күйін қабылдай білуді қалыптастыру; әннің мазмұнын түсіну. Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауға және
білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету. Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді
қалыптастыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

Заттық әлем.
Заттардың айырмашылықтары мен атауларын, олардың көлемін, түсін, пішінін қарастыру мен зерттеу дағдыларын қалыптастыру, заттардың сапалары
мен қасиеттерін: сипап сезу, дәмін көру, есту арқылы тануды қалыптастыру.

 

 

 

Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

қаңтар

Дене шынықтыру

Жүгіру. Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, сапта бір-бірден, алаңның бір жағынан екінші жағына, әр түрлі бағытта: тура, шеңбер бойымен, «жыланша», шашырап жүгіру; белгілі бір тапсырмаларды орындау арқылы: тоқтап жүгіру,
белгі бойынша көрсетілген жерге жүгіру; қарқынды өзгертіп, жылдам (10-20 метрге дейін), тоқтамай баяу қарқынмен (50-60 секунд ішінде) жүгіру. Домалату, лақтыру, қағып алу. Заттарды оң және сол қолмен қашықтыққа лақтыру (2,5-5 метр қашықтық), төменнен екі қолмен көлденең нысанаға, оң
және сол қолмен (1,5–2 метр қашықтықтан) допты кеуде тұсынан лақтыру, оң және сол қолмен тік нысанаға (нысана биіктігі-1,2 метр) лақтыру (1-1,5 метр қашықтық), аяқтарын алшақ қойып, отырып, 1,5–2 метр қашықтықтан допты бір-
біріне, заттардың арасымен, қақпаға домалату. Допты жоғары лақтыру, төмен - еденге (жерге) соғу, қағып алу.

Сөйлеуді дамыту

Балаларға тұсау кесу дәстүрімен таныстыру арқылы олардың алғашқы қадамы ересектерді қуанышқа бөлейтінін жеткізу және оларды ересектердің жақсы көретінін білдіру, дәстүрге байланысты балалармен ән айту, би билету, жұмбақ шешкізу, жаңылтпаш, санамақ айтқызу, сөздік қорларын жаңа сөздермен
байыту.

Көркем әдебиет

Жаңа ертегілерді, әңгімелерді, өлеңдерді тыңдай білуге, олардың мазмұнындағы әрекеттердің дамуын бақылауға, шығарманың кейіпкерлеріне жанашырлық танытуға тәрбиелеу. Балалармен кейіпкерлердің әрекеттері мен олардың әрекеттерінің салдарын талқылау.

Қазақ тілі

Сөздік қор.
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.
Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас»), тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және
түсіну дағдыларын қалыптастыру.

 

Математика негіздері

Геометриялық фигуралар.
Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге
мүмкіндік беру.

Құрастыру

Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату.

Сурет салу

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.

Мүсіндеу

Кесектерді алақандарының арасында домалату, есу, жаю тәсілдері арқылы заттарды мүсіндеу (ыдыстар, ойыншықтар).

Жапсыру

Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді
бекіту.

Музыка

Әртүрлі аспапта орындалған әндерді тыңдауға, оларды есте сақтауға және білуге; шығарманы соңына дейін тыңдауға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

 Көлік, байланыс құралдары.
Көлік құралдарының түрлерімен және ауада ұшатын қозғалыс құралдарымен таныстыру. Жаяу жүргіншілерге және жолаушыларға арналған қарапайым ережелермен таныстыру.

 

 

 

Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

ақпан 

Дене шынықтыру

Еңбектеу, өрмелеу. 4-6 метр қашықтыққа тура бағытта, заттарды айналып және заттардың арасымен еңбектеу, еденге қойылған тақтай бойымен, арқанның, доғаның астымен (биіктігі 40 сантиметр), көлбеу модуль бойымен, туннель
арқылы еңбектеу; саты бойымен өрмелеу, гимнастикалық қабырғаға өрмелеу және одан түсу (биіктігі 1,5 метр).
Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, 15-20 сантиметр биіктіктен секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, тұрған орнынан жоғары секіру, сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40
сантиметр қашықтыққа секіру.

Сөйлеуді дамыту

Тілдің грамматикалық құрылымы.
Сөздерді жіктелуіне, септелуіне қарай байланыстыру, зат есімдерді үстінде, астында, артында, жанында тәрізді көмекші сөздермен бірге қолдану, зат есімдерді жекеше, көпше түрде, етістіктерді келер және өткен шақта қолдану.

Көркем әдебиет

Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.

Қазақ тілі

Сөздік қор.
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру. Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас»), тұрмыстық
заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды
жаттауға баулу.

Математика негіздері

Кеңістікті бағдарлау.
Өзінің дене мүшелерін бағдарлау және осыған байланысты өзіне қатысты кеңістік бағыттарын анықтау: үстінде-астында, алдында-артында, оң-сол.

Құрастыру

Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау,
пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.

Сурет салу

Бір заттың немесе түрлі заттардың суретін салуды қайталай отырып, қарапайым сюжеттік композициялар жасауға үйрету, тұтас қағаз парағына бейнені орналастыру, қызыл, сары, жасыл, көк, қара, ақ негізгі түстер мен олардың реңктерін (қызғылт, көгілдір, сұр) қолдану.

Мүсіндеу

Бірнеше бөліктерді қосу, қысу, біріктіру арқылы өсімдіктерді және жануарларды мүсіндеу дағдыларын қалыптастыру.

Жапсыру

Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді
бекіту.

Музыка

Балалар аспаптарының, музыкалық ойыншықтардың дыбысталуын ажыратуға үйрету; оларды атай білу. Ересектердің орындауындағы және аудио-бейнежазбадан музыка тыңдауға үйрету. Музыкалық шығарманың көркем құралдарын: дауысы (ақырын-қатты),
қарқыны (жылдам-баяу), көңіл-күйі (мұңды, көңілді ) байқауға үйрету.

Қоршаған ортамен таныстыру

Еңбекке баулу.
Таныс мамандық иелеріне құрметпен қарау, олардың еңбек нәтижелеріне қамқорлық таныту. Балаларды ересектердің еңбегін бақылау негізінде ойын
әрекетіне ынталандыру. Мүмкіндіктеріне қарай күтушіге, аула сыпырушыға көмек көрсетуді ұйымдастыру. Өзгенің еңбегінің нәтижесіне құрметпен қарауға тәрбиелеу, көмек көрсету ниеттерін қолдау. Қарапайым тапсырмаларды өздігінен орындауға, түрлі балалар әрекетіне қажетті материалдарды, құрал-жабдықтарды дайындауға, қолданып болған соң ойыншықтарды, кітаптарды, заттарды орнына жинауға баулу. Өзінің, құрдастарының шығармашылық жұмыстарының нәтижелеріне, суреттеріне, бұйымдарға құрметпен қарауға, оларға ұқыптылықпен қарауға
баулу.

 

 

Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

наурыз

Дене шынықтыру

Секіру. Тұрған орнында қос аяқпен, 2-3 метр қашықтыққа алға қарай жылжып, құрсаудан құрсауға, заттарды айналып және заттардың арасымен секіру, 15-20 сантиметр биіктіктен секіру, ілініп тұрған затқа қолды тигізіп, тұрған орнынан жоғары секіру, сызықтан секіру, тұрған орнынан ұзындыққа 40
сантиметр қашықтыққа секіру. Сапқа тұру, қайта сапқа тұру. Бірінің артынан бірі сапқа тұру, бір-бірінің жанына сапқа тұру, шеңберге тұру (көзбен бағдарлау бойынша). Саптағы,шеңбердегі өз орнын табуға үйрету.

Сөйлеуді дамыту

Байланыстырып сөйлеу.
Суреттерді, заттарды қарастыруда, тірі және өлі табиғат нысандарын бақылау кезінде, шығармаларды тыңдағаннан, мультфильмдер, ертегілер көргеннен кейін балаларды алған әсерлерімен бөлісуге, өз ойын айтуға үйрету.

Көркем әдебиет

Оқылған шығармадан ең қызықты, мәнерлі үзінділерді қайталау, балаларға сөздер мен қарапайым сөз тіркестерін қайталап айтуға мүмкіндік беру.

Қазақ тілі

Тілдің грамматикалық құрылымы.
Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық райлы етістіктерді жекелейқолдануға баулу (бар, кел, айт). Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын
есім, зат есім және етістік) үйрету.

Математика негіздері

Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.  Балалардың шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту

Құрастыру

Құрастырған құрылыспен сюжетті ойыншықтарды қолданып ойнату. Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.

Сурет салу

Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу.

Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру.

Жапсыру

Балаларды ересектер дайындаған ірі және ұсақ элементтерді қағаз бетіне орналастыру және жапсыру арқылы ұжымдық композиция құрастыруға баулу.

Музыка

Би қимылдарын орындау сапасын жақсарту: кезек-кезек екі аяқпен және бір аяқпен секіру. Заттармен және заттарсыз музыкалық шығарманың қарқыны мен сипатына сәйкес бір-бірден, жұппен ырғақты қимылдар орындау. Музыкалық шығармалар мен ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын мәнерлі
және эмоционалды жеткізу дағдыларын дамыту: аю қорбаңдап жүреді, қоян секіреді, құстар ұшады.

Қоршаған ортамен таныстыру

 Адамгершілік және патриоттық тәрбие.
Балаларда «дұрыс» немесе «дұрыс емес», «жақсы» немесе «жаман» әрекеттер (қылықтар) туралы қарапайым түсініктерді дамыту, әлеуметтік және эмоционалды зиятты тәрбиелеу: балалардың назарын адамның жеке қасиеттеріне (мейірімді, жанашыр, қамқор, сезімтал және іскер, еңбекқор,
ұқыпты) аудару, жақсы және жаман әрекеттерді дұрыс бағалау тәжірибесін
қалыптастыру.

 

 

Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

сәуір

Дене шынықтыру

Жалпы дамытушы жаттығулар.
Қол және иық белдеуіне арналған жаттығулар:
қолды жоғары, алға, жан-жаққа көтеру және түсіру (бірге немесе кезекпен); заттарды бір қолынан екінші қолына салу, алдына, артқа апару, басынан жоғары көтеру;
қолдарын алдына немесе басынан жоғары, артына апарып шапалақтау; қолды алға, жан-жаққа созу, алақандарын жоғары қарату, қолды көтеру, түсіру, саусақтарды қозғалту, қол саусақтарын жұму және ашу. Кеудеге арналған жаттығулар:
допты бір-біріне басынан жоғары (артқа және алға) беру, жан-жаққа (солға- оңға) бұрылу; солға, оңға бұрылу (отырған қалыпта); аяқты көтеру және түсіру, аяқтарды қозғалту (шалқасынан жатқан қалыпта);
аяқты бүгу және созу (бірге және кезекпен), шалқасынан жатқан қалыптан бұрылып, етпетінен жату және керісінше; иықтарды жоғары көтеріп, қолды жан-жаққа созып еңкею (етпетінен жатқан қалыпта).

Сөйлеуді дамыту

 Ересектердің сөзін тыңдау және түсіну, сөйлеу әдебінің тиісті формаларын дұрыс қолдану, ересектермен диалог құру, берілген сұрақтарды тыңдау және толық жауап беру.

Көркем әдебиет

Ересектермен бірге ертегілерді, қарапайым көріністерді ойнауға, бірлескен ойындарға қатысуға ықпал ету, онда жеке репликаларды, кейіпкерлердің эмоционалды образын беруге баулу.

Қазақ тілі

Байланыстырып сөйлеу.
Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге баулу.

Математика негіздері

Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

Құрастыру

Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау,
пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру.

Сурет салу

Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу.

Мүсіндеу

Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру.

Жапсыру

Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау.

Музыка

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру.

Қоршаған ортамен таныстыру

 Менің Отаным – Қазақстан.
Балалар тұратын қала мен ауыл, еліміздің астанасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін қалыптастыру. Қазақ халқының дәстүрлі киіз үйімен таныстыру. Балаларды айналасындағы ересектердің жақсы көретінін, оған әрқашан қамқорлық танытатынын білдіре
отырып, өзінің туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. Балалардың жалпы қабылданған ережелер мен нормаларды меңгеруіне ықпал ету.

Балабақшада, үйде, көшеде тәртіп сақтауға баулу. Балаларды әдепті қарым-қатынасқа үйретуді жалғастыру (амандасуға, қоштасуға, көмек
көрсеткені үшін алғыс айтуға үйрету). Балабақшаның үй-жайлары мен ауласында тәртіп пен тазалық сақтауға үйрету.

Тірі және өлі табиғат заттары мен құбылыстарына қызығушылықтарын
қалыптастыру.

 

Айы

Ұйымдастырылған іс әрекет

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің міндеттері

мамыр

Дене шынықтыру

Сауықтыру-шынықтыру шаралары.
Балалардың денсаулығын және жергілікті жағдайларды ескере отырып, табиғи факторлар: ауа, күн, суды пайдалана отырып, шынықтыру шараларының кешенін жүзеге асыру. Балаларды үй-жайда жеңіл киіммен жүруге үйрету. Күн тәртібіне сәйкес
олардың таза ауада болу ұзақтығын қамтамасыз ету. Серуенде қимылды ойындар мен дене жаттығуларына қатысуға
қызығушылықты арттыру. Шынықтыру шараларын жүргізуде балалардың денсаулық жағдайын ескере отырып, жеке тәсілді жүзеге асыру. Шынықтыру шараларын жүргізу, жаттығулар мен массаж жасау. Күн тәртібіне сәйкес балалардың күнделікті таза ауада болуын қамтамасыз ету. Ересектің көмегімен шынықтыру тәсілдерін орындау дағдыларын қалыптастыру. Тыныс алу жаттығуларын жасау.

Сөйлеуді дамыту

Кейіпкерлерді сипаттау үшін дауыс ырғағының мәнерлі қарапайым тәсілдерін қолдану, таныс ертегілерді ойнауға және сахналауға ынталандыру, қызығушылығын ояту.

Көркем әдебиет

Балаларды тақпақтар мен шағын өлеңдерді жатқа айтуға үйрету.

Қазақ тілі

Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу. Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу.

Математика негіздері

Уақытты бағдарлау.
Қарама-қарсы тәулік бөліктерін бағдарлау: күндіз-түнде, таңертең-кешке.

Құрастыру

Құрастыруда бөлшектерді орналастыру және кірпіштерді қалау,
пластиналарды тік бағытта және көлденең орналастыру тәсілдерін қолдану, ірі және ұсақ құрылыс материалдарынан, үлгі бойынша, ойдан құрастыру. Ойнап болғаннан кейін бөлшектерді жинауға, қауіпсіздік техникасы
ережелерін сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Сурет салу

Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу. Құмға таяқшалармен, асфальтқа бормен, өз бетінше ойдан сурет салуға мүмкіндік беру. Сурет салуда қауіпсіздікті сақтауға, ұқыптылыққа баулу.

Мүсіндеу

Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру. Жеке жұмыстарын ұжымдық композицияларға біріктіру дағдыларын қалыптастыру. Мүсіндеу барысында қауіпсіздікті сақтауға, ұқыпты болуға баулу.

Жапсыру

Геометриялық фигуралардың (дөңгелек, шаршы, үшбұрыш) ортасына, бұрыштарына дайын ою-өрнектерді жапсыру арқылы киіз, кілем, көрпе, алаша орамал жасау. Жапсыру барысында қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтауға, ұқыпты
болуға баулу.

Музыка

Балалар музыкалық аспаптарында ойнау.
Балаларды музыкалық аспаптармен: сыбызғы, металлафон, қоңырау, сылдырмақ, маракас және барабанмен, сондай-ақ олардың дыбысталуымен таныстыру. Балаларға арналған музыкалық аспаптарда және металлофонда (бір пластинада) ырғақпен қағып ойнаудың қарапайым дағдыларын меңгеруге ықпал
ету.

Қоршаған ортамен таныстыру

 Жануарлар әлемі.
Үй жануарлары мен олардың төлдері туралы білімдерін бекіту. Қазақстанды мекендейтін жабайы жануарлар жайлы түсініктерін қалыптастыру, табиғат бұрышын мекендеушілерді бақылау дағдыларын қалыптастыру.

Табиғаттағы маусымдық өзгерістер.
Ауа-райының жағдайын анықтау (суық, жылы, ыстық), табиғат құбылыстарын бақылау (маусымдық), бақылау күнтізбесінде жылдың қысқы, көктемгі, жазғы және күзгі мезгілдеріндегі ауа-райының жай-күйін белгілеу. Табиғатта қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау (саңырауқұлақтар
мен жидектерді жемеу, жануарларға тиіспеу, қоқыс қалдырмау, қоқысты жинау, бұтақтарды сындырмау), топта (терезенің алдына шықпау, розеткаларды ұстамау, баспалдақпен көтерілгенде және түскенде таяныштан ұстау), серуенде
(отпен ойнамау, жолға шықпау) ойын алаңында және құммен, сумен, қармен, ұсақ заттармен ойындарда қауіпсіз әрекет ету дағдыларын қалыптастыру (оларды ауызға алмау, құмды шашпау, ұсақ заттарды құлаққа, мұрынға тықпау).

 

Жаңартылған күні: 12.06.2023 16:03
Құрылған күні: 11.01.2023 15:31

Текст