КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Бурабай ауданы «Арман»
білім бөлімінің басшысының м.а БЖШО директоры
__________ Р.Кунтуган _________ А.Тургужина
Мектеп парламентінің үздік Президентіне арналған "Көш көсемі 2023" аудандық байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕСІ
1. Максаты мен міндеттері
Максаты: өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштікті, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты, көшбасшылық қабілеті бар жасөспірімдерді аныктау және олардың көшбасшылық мүмкіндіктерін ашу.
Міндеттері:
- Шешендік өнер мен әртістікті меңгеру;
- балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық бастамаларын дамыту;
- балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру;
- достық, түсіністік, өзара көмек сезімін дамыту;
- дарынды жасөспірімдерді аныктау және колдау.
2. Байқауды ұйымдастырушылар
Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының "Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.
3. Өткізу уақыты мен орны
Байқау 2023 жылдың 12 қазанында сағ.15.00, Щучинск қаласы «Арман» БЖШО өткізіледі.
4. Өткізу тәртібі мен шарттары
Байқау келесі бағдарлама бойынша өткізіледі:
1 кезең. «Өзін-өзі таныстыру» (3 минутка дейін); сынып пен мектептің қоғамдық өміріндегі өз рөлін көрсете отырып, өзі туралы Презентация жасау. (Қосымша материалдар:бейнероликтерді, фотосуреттерді, шолуларды, өзін-өзі басқару органының жұмысы туралы мақалаларды пайдалануға рұқсат етіледі.)
2 кезең. "Мен - көшбасшымын" тренингі. Қатысушылар залда отырған аудиториямен тренинг өткізеді. Катысушы өз көшбасшылык, ұйымдастырушылық қабілеттерін көрсетуі тиіс. (Тренинг ұзақтығы 5 минуттан аспайды.)
5. Байқауға қатысу шарттары
Байқауға өз өңірінде 7-10 сынып көшбасшылар қатыса алады.
Қатысу туралы өтінімді 09.10.2023ж кешіктірмей e-mail-re armanshuch@mail.ru ұсыну қажет. Көрсетілген мерзімнен кеш жіберілген өтінімдер қарастырылмайды.
6. Марапаттау
Жеңімпаздар дипломдармен марапатталады. Байқаудың қатысушыларына қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
7. Байланыс телефондары
Байыздрахманова Қарлығаш Атымтайқызы – «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының бұқаралық бөлімінің меңгерушісі.
Телефоны: 4-32-49
Бал. телефоны: +7 778 358 73 32
E-mail: armanshuch@mail.ru
Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Аудан,қала |
Қатысушының аты-жөні |
Жетікшінің аты-жөні |
Байланыс телефоны(WhatsApp) |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|