КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Бурабай ауданы «Арман»
білім бөлімінің басшысы БЖШО директоры
__________А.Ахмеджанова _________ А.Тургужина
Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні
аясында «Айта ал – жоқ!» сырттай аудандық вайн-бейнероликтер байқауын өткізу туралы
ЕРЕЖЕСІ
Мақсаты: Оқушылардың темекі шегу және есірткі қолданудың зияны туралы білімдерін тереңдету. Электронды темекіні ерте қолдану мәселесіне назар аудару, темекі шегудің, нашақорлықтың жас ұрпақтың денсаулығына әсері.
Міндеттері:
- адамның өз денсаулығы үшін жеке жауапкершілігі туралы түсінік қалыптастыру;
- электрондық темекінің адам ағзасына әсер ету ерекшеліктерін анықтау;
- оқушылардың электрондық темекіге қатынасын анықтау;
- өз мінез-құлқына жауапкершілікпен қарау дағдыларын қалыптастыру.
Байқаудың ұйымдастырушылары: «Арман» БЖШО
Байқаудың қатысушылары мен шарттары:
Байқауға Ақмола облысының жалпы, қосымша білім беру мекемелерінің 8-11 сынып оқушылары. Бурабай ауданының мектептері қатыса алады.
Әр мектептен 1- 3 вайн-бейнероликке дейін қабылданады.
Байқауға тақырыпқа сәйкес келетін кез келген қолжетімді құралдармен түсірілген (жасалған) оқыту және ойын-сауық сипатындағы вайн-бейнероликтерін ұсыну қажет. Бейнеролик өзектілігімен, өзіндік қайталанбастығымен ерекшеленуі тиіс. Байқауға бұрын қандай да бір байқауларға қатыспаған немесе қандай да бір марапаттарға ие болмаған бейнероликтер ғана қабылданады.
Байқауға басқа адамдардың қадір-қасиетін және сезімдерін қорлайтын, байқау тақырыбына сай келмейтін жарнамалық сипаттағы роликтер, авторлық қатысушыға тиесілі болмаған, сондай-ақ анонимді бейнероликтер қабылданбайды.
Бейнеролик форматының міндеті – ойды жеткізу және мүмкіндігінше қысқа уақыт ішінде қызығушылықты ояту.
Қатысушылар ұзақтығы 1 минуттан аспайтын бейнероликті armanshuch@mail.ru. электрондық поштаға ұсынады Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Үздік вайндар облыстық байқауына қатысады.
Бейнероликке қойылатын талаптар:
- бейнеролик форматы: көлденең түсіру, DVD, MPEG4;
- бейнероликтің ең аз ажыратымдылығы – 720x480 (12: 8 см);
- бейнероликтің ұзақтығы – 1 минутқа дейін;
- бейнероликтер автордың атымен (бейнероликтің атауы, бейнероликтің жалпы ұзақтығымен) ақпараттық заставкамен рәсімделуі тиіс;
- бейнероликті монтаждау және түсіру кезінде арнайы бағдарламалар мен құралдарды қолдану – қатысушының өз қалауында; сюжеттің идеясы авторлық болуы қажет.
- қатысушылар бейнеролик жанрын өздері анықтайды (сұхбат, репортаж, бейнеклип, мультфильм және т. б.);
- роликте фотосуреттерді пайдалануға болады.
Өтінімдерді қабылдау тәртібі:
Байқау 2023 жылдың 24 қараша күні сырттай өткізіледі. Мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталған өтінімдер мен бейнелер 2023 жылдың 21 қарашасына дейін armanshuch@mail.ru. электрондық поштасына қабылданады. Байланыс телефондары: 4-32-49.
Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздар мадақтамалармен марапатталады. Байқаудың барлық қатысушыларына белсенді қатысқаны үшін мадақтамалар беріледі.
Бағалау критерийлері:
Байқауға қатысуға өтінімнің үлгісі
№ |
Қатысушының аты-жөні, байланыс телефоны (whatsapp) |
мектеп |
Мектебі/ сыныбы |
Бағыты |
Жетекшінің аты-жөні, байланыс телефоны (whatsapp) |
|
|
|
|
|
|