КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН
Бурабай ауданы бойынша «Арман» БЖШО
білім бөлімі басшысының м.а. директоры
__________ А. Ахмеджанова _________ А. Тургужина
Қазақстан Республикасы күніне арналған
«Барлығы туралы әзілдейміз!» тақырыбында «Жайдарлы Жас ұлан» КВН аудандық фестивалінің іріктеу турының
Ережесі
МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ:
1. Жастарға шығармашылық қабілеттерін ашуға, өзін-өзі көрсетуге мүмкіндік беру.
2. Жастар аудиториясы үшін жарқын, әсерлі мерекелер құру.
3. Жастардың бос уақытын ұйымдастыру.
4. Аудан жастарының шығармашылық байланыстарын нығайту.
5. Аудан жастарының шығармашылық әлеуетін іске асыру. Бурабай ауданының ең жарқын командасын анықтау.
Назар аудар!
2023-2024 ж.ж. арналған КВН фестивалін өткізу КЕЗЕҢДЕРІ:
I. Кезең – Іріктеу туры («Күзгі старт» – 16 қараша 2023 ж.) іріктеу туры аяқталған соң қазылар алқасы финалдық ойынға жолдама береді.
II. Кезең – Финал КВН («Көктемгі финал» - сәуір 2024 ж.). финалға өткен КВН командалары қатысады. Ұйымдастырушылар финал ойындарына дайындыққа қатыспаған команданы шығарып тастауға құқылы.
Өтетін күні мен орны:
11:00сағ. Ауыл мектептері (өтетін орны: №8 МГ)
15:00сағ. Қала мектептері (өтетін орны: №8 МГ)
Қатысу шарттары: КВН фестиваліне ауданның қалалық және ауылдық мектептерінің 5-11 сыныптардан құралған құрама командалары қатыса алады, қатысушылардың жас шектеулері ескерілмей бағаланады.
Команда құрамы 10 қатысушымен шектеледі (фонограммаға жауапты ассистентті қосқанда).
Қатысушылар үшін жалпы ереже:
1. Команда капитаны сөз сөйлеудің эстетикалық мазмұнына жауапты болады.
2. Командаларға тыйым салынады:
- бөтен әзілдерді, сценарий материалдарын пайдалануға;
- ішімдікті, нашақорлықты, зорлықты насихаттауға;
- этикалық нормаларға сәйкес келмейтін әзілдерді қолдануға;
- ҚР Президентінің, оның отбасы мүшелерінің, басқа да мемлекеттік тұлғалардың, құрылымдардың, мемлекеттер мен халықтардың ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын.
3. Белгіленген уақыт шегінен асып кеткені үшін қазылар алқасы команданың жалпы есебінен әр 30 секунд сайын 0,1 ұпай алады.
4. Сахнадағы және залдағы әдепсіз мінез-құлық үшін жаза ретінде қазылар алқасы команданың жалпы есебінен ұпай алуға немесе команданы дисквалификациялауға құқылы.
КОНКУРСТЫҚ БАҒДАРЛАМА
ҚАЗЫЛАР ҚҰРАМЫ
Ұйымдастырушылар құзыретті қазылар алқасын құрады, оның құрамына өткен жылдардағы КВН қатысушылары, қоғамдық ұйымдар пен баспасөз өкілдері шақырылады.
МАРАПАТТАУ
Барлық қатысушылар грамоталармен, ал үздік командалар финалдық ойынға жолдамамен марапатталады.
Ұйымдастырушылар байқау қорытындысы бойынша арнайы сыйлықтар тағайындауға құқылы.
Байқауға өтінім беру тәртібі:
Бағыттаушы ұйымның мөрімен бекітілген өтінімдер ағымдағы жылдың 9 қарашасына дейін armanshuch@mail.ru электронды почтасына қабылданады. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен өтінімдер қарастырылмайды.
Осы ереже КВН ойындарына ресми шақырту болып табылады.
Анықтама үшін телефон: 4-32-49
Қосымша 1)
ӨТІНІМ – САУАЛНАМА
КВН ойынына қатысуға
МЕКТЕПТІҢ № _____________________________________________
Команданың атауы_______________________________________________
Команда капитанының тегі, аты, әкесінің аты
Сіздің команданың өнер көрсетуі үшін қандай техникалық құралдар қажет
__________________________________________________
Команданың толық құрамы (Ф.И.ОТ.А.Ә. жұмыс орны, жасы)
1.__________________________________________________
2.__________________________________________________
3.__________________________________________________
4.__________________________________________________
5.__________________________________________________
6.__________________________________________________
7.__________________________________________________
8.__________________________________________________
9.__________________________________________________
10.__________________________________________________
Команда жетекшісінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс орны, лауазымы, телефон
____________________________________________________
Команда капитанының қолы _____________
Өтінім берген күн______________
Орындаған: Байздрахманова К.А