«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «ДАРЫН – 2020» аудандық онлайн-байқаудың ережесі

«Келісілді»                                                                                             «Бекітемін»

Бурабай ауданы                                                                   «Арман» МТОТЖО

білім бөлімінің басшысы                                                   директоры

__________ Ж.М Тулегенов                                        _________ А. Тургужина

 

ҚР Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «ДАРЫН – 2020»

аудандық онлайн-байқаудың ережесі

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ:

«ДАРЫН – 2020» таланттар байқауы төменде сипатталған жанрлар бойынша бейнеклип жазу арқылы онлайн өткізіледі, видео сапалы түсірілуі тиіс, себебі іріктеу турының қорытындысы бойынша Бурабай ауданы білім бөлімінің, «Арман» МТОТЖО ресми сайтында, «Инстаграмм», «Фейсбук» әлеуметтік желілерінде орналастыратын, финалистермен бірге жалпы бір видео-концерт құрылатын болады.

       Байқауды ұйымдастырушылар «Арман» МТОТЖО.

       Осы ереже байқаудың мақсаты мен міндеттерін, байқауды өткізу талаптары мен тәртібін анықтайды.

БАЙҚААУДЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ       :

- өнегелі-патриоттық, азаматтық, мәдени-эстетикалық тәрбие беру;

- Бурабай ауданының талантты балаларын анықтау және қолдау көрсету;

- аудан мектеп оқушыларының шығармашылық қызметінің алуан түрлері мен бағыттарын кеңінен тарату;

ҚАТЫСУШЫЛАР ЖӘНЕ БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ШАРТТАРЫ:

Байқауға 10 жас пен 16 жас аралығындағы Бурабай ауданы мектеп оқушыларының барлық тілек білдірген балалар қатыса алады.

Қатысушыларды жас ерекшелігіне қарай бөлу қаралмаған.

Байқауға келесі жанрлар бойынша номерлер жіберілуі мүмкін: вокал (соло, ансамбльдер,), хореография, акробатикалық және цирк өнері, аспапта ойнау (баян,  домбра,  фортепиано,  гитара және т.б.).

Время выступления не более 3-х минут. 

ӨТКІЗУ МЕРЗІМІ:

2020  жылғы 10 желтоқсан  – байқаудың 1 туры, іріктеу.

2020 жылғы  16  желтоқсан  – байқау финалы, онлайн гала - концерт

БАЙҚАУДЫ БАҒАЛАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ:

- артистизм;

- орындау шеберлігінің деңгейі;

- талантының шынайылығы, тапқырлығы, көрерменді тартуы;

- номерді безендіру, спецэффектілер, декорациялар, костюм;

- даралық;

- репертуардың қатысушының жасына сай келуі;

БАЙҚАУДЫ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ:

Байқауды ұйымдастыру комитетіне қатысушы және оның концерттік бағдарламасы туралы толық ақпарат жазылған өтінім беріледі.

Өтінім 2020 жылғы 7 желтоқсанға дейін қабылданады.

ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ МАРАПАТТАУ:

Қатысушыларды марпаттау 2020 жылғы 16 желтоқсан күні «Арман» Орталығының «Инстаграмм» парақшасында жүзеге асырылады.

Жеңімпаздар байқау дипломдарымен марапатталады.                                 Өтінім формасы

Қатысушының ТА

Мектебі

Жанр

Байланыс  номері

Байланыс үшін:
Елемесов к-сі 50 «Арман» МТОТЖО
тел.: 4 – 32 – 49
е-mail: armanshuch@mail.ru

орынд. Ербатыров А.Б

Жаңартылған күні: 25.11.2020 11:07
Құрылған күні: 25.11.2020 11:07

Текст