«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ХАТТАМА № 1 ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласы «Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» 05.10.2022 ж.

ХАТТАМА № 1

ДИРЕКТОР ЖАНЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС

Ақмола облысы білім басқармасының

Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы

Щучинск қаласы «Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы»

 05.10.2022 ж.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

  1. "SMART цели" Исламов Ильдар 
  2.  Қатаң есептегі құжаттармен жұмыс (Электронды журнал "Кунделик кз"). Егембердиева Л.К., Юрченко Н.А.
  3.  2022-2023 оқу жылына арналған КТЖ тексеру қорытындысы. Юрченко Н.А.
  4.  Шығармашылық бірлестіктерді жинақтау қорытындысы. Юрченко Н.А.
  5.  Техника қауіпсіздігін сақтау, кабинеттердің дайындығы. Тургужина А.А., Юрченко Н.А.
  6. Әртүрлі

Қатысқандар: 46 адам (пән мұғалімдері, шағын орталықтың тәрбиешілері, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер)

Бірінші сұрақ бойынша көшбасшы, №8 МГ оқушысы Исламов Ильдарды тыңдады, ол орталықтың педагогикалық ұжымына өзінің «SMART мақсаттарын» таныстырды. 

Қаулы етті: Исламов Ильдардың ақпараты назарға алынсын.

Екінші сұрақ бойынша Қатаң есептегі құжаттармен жұмыс (Электронды журнал "Кунделик кз") Н.А.Юрченконы тыңдады, ол педагогикалық ұжымды жылдың басында күнделік.кз электронды журналын толтыру мониторингімен таныстырды.  

Бөлім меңгерушісі Егембердиева Л.К. өз сөзінде педагогикалық ұжымды журналды толтыру нұсқаулығымен таныстырды.

Қаулы етті: Ақпарат назарға алынсын. Журналды толтыру бойынша қосымша білім беру педагогтері жұмысты жалғастырсын.

  Үшінші сұрақ бойынша «2022-2023 оқу жылына арналған КТЖ тексеру қорытындысы» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол бөлімдер бойынша 2022-2023 оқу жылының басында «Арман» БЖШО педагогтерінің КТЖ тексеру нәтижесін жариялады.  Қазіргі кезде мына педагогтердің күнтізбелік-тақырыптық жоспарлары тексеруге берілген жоқ:

Спорт бөлімі – Мухамеджанов К.М., Абылкасов Ж.Б., Рублевский С.С., Темиров О.А., Азербаев Д.Н., Токанов Т.С., Горлукович К.Н., Жуков А.В.

Әлеуметтік-педагогикалық бөлім - Корниенко И.Э., Бардащук К.Н. Көркем-эстетикалық бөлім - Алишев Б.Д.

Кәсіптік-техникалық бөлім –Горлукович К.Н.

Сондай-ақ, КТЖ аяқталып жатқан мұғалімдер қатары бар: Ауенова Б.Д., Сухопарова И.В., Байздрахманова К.А., Головкин А.С.

Қаулы етті: «Арман» БЖШО директорының орынбасары Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын. КТЖ дер кезінде тапсырмаған педагогтер 10.10.2022ж. дейін аяқтасын және жоспарларын тексеру мен келісімге тапсырсын.

Төртінші сұрақ бойынша «Шығармашылық бірлестіктерді жинақтау қорытындысы» туралыдиректордың орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол топтарды қалыптастыру дер кезінде жүргізілгенін айтты.  Бос орындар болған жағдайда күнтізбелік жыл ішінде қосымша қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 219 бұйрығы «Балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету үшін құжаттарды қабылдау және оларға қосымша білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларының 5-тармағында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

 Қаулы етті: 2022-2023 оқу жылына топтарды жинақтау жұмысы қанағаттанарлық деп танылссын.  Бос орын болған жағдайда қосымша қабылдау күнтізбелік жыл бойына жүргізілсін.

Бесінші сұрақ бойынша «Техника қауіпсіздігін сақтау, кабинеттердің дайындығы» туралы орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол орталықтың жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтты. Қабырғалар ақталып, едендер сырланды. Барлық кабинеттер оқу жылының басталуына дайын. Орталықтың қабылдау актісіне қол қойылған. Орталық әкімшілігінің кезекшілік кестесі құрылған.

Қаулы етті: Орталық директоры А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын. Педагогтер мен тәрбиешілер сыныптарды жинау кезінде барлық санитарлық-гигиеналық нормаларды сақтауды, қауіпсіздік және өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтауды ұйымдастыруы керек.

Жаңартылған күні: 13.01.2023 09:59
Құрылған күні: 13.01.2023 09:59

Текст