«Арман» БЖШО әдістемелік кеңесі отырысының
№1 хаттамасы
2022 жылғы 22 қыркүйек
Қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович, Азербаев Даулет Нурболатович, Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ерёменко Татьяна Викторовна, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жетписбай Сымбат, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, Закрин Талгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарбаевич, Кузнецов Виталий Александрович, Матвеева Наталья Александровна, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Никитина Наталья Иосифовна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Васильева Ольга Васильевна, Слабунов Николай Максимович, Сухопарова Ирина Викторовна,Темиров Орынбай Амангельдинович, Токанов Толеби Сайранович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметулы, Бойко Алина Михайловна, Бутеев Сагат Карсыбаевич, Подгорнова Нина Владимировна, Газезова Назгуль Каирбековна, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна
Күн тәртібінде:
2. 2022-2023 оқу жылындағы «Аттестациялау мәселесі бойынша нормативтік-базалық және әдістемелік ұсыныстар». 2022-2023 оқу жылындағы педагогикалық қызметкерлердің аттестациядан өту кестесін құру.
3. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар.
4. Мұғалімдердің курстық қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру.
Бірінші сұрақ бойынша: «Әдістемелік кеңестің құрамы мен жаңа оқу жылына арналған ӘК жоспарын бекіту. «Арман» БЖШО бөлімдерінің онкүндігін өткізу кестесін бекіту» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады. Ол әдістемелік кеңес мүшелеріне әдістемелік кеңес құрамының тізімін, 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік кңестің жоспарын, 2022-2023 оқу жылындағы бөлімдердің онкүндігін өткізу кестесін ұсынды.
Қаулы етті:
- Әдістемелік кеңес құрамының тізімі, 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік кңестің жоспары, 2022-2023 оқу жылындағы бөлімдердің онкүндігін өткізу кестесі бекітілсін.
- Әдістемелік кеңес жоспарына педагогикалық идеялар фестивалі енгізілсін (2023 жылғы сәуір)
Екінші сұрақ бойынша: «2022-2023 оқу жылындағы «Аттестациялау мәселесі бойынша нормативтік-базалық және әдістемелік ұсыныстар». 2022-2023 оқу жылындағы педагогикалық қызметкерлердің аттестациядан өту кестесін құру» туралы әдіскер Е. Вотинованы тыңдады. Ол қатысушыларды аттестация мәселесі бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен таныстырды. Елена Владимировна мектепке дейінгі, қосымша білім беру педагогтерінің, орталық әдіскерлерінің, басшылардың, басшы орынбасарларының аттестациядан өту тәртібі мен шарттарын толық түсіндірді. Ол 2022-2023 оқу жылындағы «Арман» БЖШО педагогтерінің аттестаттау кестесіне әріптестердің назарын аударды.
Қаулы етті:
- Е. Вотинованың ақпараты назарға алынсын.
- «Арман» БЖШО үйірмелері мен клубтарының педагогтері кестеге сәйкес аттестацияға дайындалсын.
Үшінші сұрақ бойынша: «Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар» туралы Наталья Анатольевна Юрченконы тыңдады, ол оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсыныстармен таныстырды.
Қаулы етті:
- Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- Орталық педагогтері мектепке дейінгі ұйымдар, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес оқу-тәрбие процесін құрсын. Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыз күнгі №385 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2022 жылғы 31 тамыз күні №29329 тіркелген.
Төртінші сұрақ бойынша: «Мұғалімдердің курстық қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру» туралы «Арман» БЖШО директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады. Ол орталық педагогтерінің курстық қайта даярлаудан өтуін ұйымдастыру кестесін ұсынды.
Қаулы етті:
- Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- Педагог қызметкерлер 20222023 оқу жылында курстық қайта даярлаудан кестесін сақтасын.