«Арман» БЖШО Педагогикалық кеңесінің
№1 хаттамасы
2022 жылғы 07 қыркүйек
Қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович, Азербаев Даулет Нурболатович, Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ерёменко Татьяна Викторовна, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жетписбай Сымбат, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, Закрин Талгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарбаевич, Кузнецов Виталий Александрович, Матвеева Наталья Александровна, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Никитина Наталья Иосифовна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Васильева Ольга Васильевна, Слабунов Николай Максимович, Сухопарова Ирина Викторовна,Темиров Орынбай Амангельдинович, Токанов Толеби Сайранович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметулы, Бойко Алина Михайловна, Бутеев Сагат Карсыбаевич, Подгорнова Нина Владимировна, Газезова Назгуль Каирбековна, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна
Күн тәртібінде:
1. «Жаз – 2022» балаларды сауықтандыру бойынша жұмыстың талдауы.
2. 2022-2023 оқу жылындағы қосымша білім берудің өзекті мәселелері. Орталықтың нормативтік-құқықтық базасы.
3. 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту.
4. 2022-2023 оқу жылына арналған қосымша білім берудің бағдарламаларын бекіту.
5. Ішкі еңбек тәртібінің ережесі. Орталықтың жұмыс режимі.
Бірінші сұрақ: «Жаз – 2022» балаларды сауықтандыру бойынша жұмыстың талдауы бойынша бұқаралық бөлім меңгерушісі К. Байздрахманованы тыңдады, ол ұжымды жазғы кезеңдегі жұмыстың талдауымен таныстырды.
Аула клубтарының ұйымдастырушы-мамандары Н. Никитина, О. Васильева сөз сөйледі, олар аула клубтарындағы сауықтандыру демалыстарын ұйымдастыру бойынша есепті ұсынды.
Қаулы етті:
- К. Байздрахманованың мәліметі ескерілсін.
- Жазғы кезеңдегі орталықтың жұмысы «өте жақсы» деп бағалансын.
Екінші сұрақ бойынша: 2022-2023 оқу жылындағы қосымша білім берудің өзекті мәселелері. Орталықтың нормативтік-құқықтық базасы» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол қатысушыларды республиканың қосымша білім беру ұйымдарының қызметін реттейтін заңнамалық және нормативтік құқықтық актілермен таныстырды. Наталья Анатольевна орталықтың жұмыс бағытын толыққанды түсіндірді. Ол жалпы орта және қосымша білім берудің анағұрлым тығыз интеграциясына әріптестердің назарын аударды.
Қаулы етті:
- Н.А. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- «Арман» БЖШО үйірмелері мен клубтарының педагогтері тұрғылықты жеріне, отбасының материалдық жағдайына және денсаулық жағдайына қарамастан, олардың әр түрлі қызмет түрлеріндегі жеке қажеттіліктерін, қабілеттері мен мүдделерін қанағаттандыру мақсатында балалардың барлық санаттары үшін қосымша білімге қолжетімділікті қамтамасыз етсін.
Үшінші сұрақ: 2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын бекіту» бойынша педагогтерге «Арман» БЖШО тәрбие-білім беру жұмыс жоспарын бекітуге ұсынған директор Айгуль Айтжановна Тургужинаны тыңдады.
Қаулы етті:
- А.А.Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
- 2022-2023 оқу жылына арналған тәрбие-білім беру жұмыс жоспары бекітілсін.
- «Арман» БЖШО педагогтері 2022-2023 оқу жылында жоспарға сәйкес жұмыс жүргізсін.
Төртінші сұрақ: 2022-2023 оқу жылына арналған қосымша білім берудің бағдарламаларын бекіту» бойынша директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол қосымша білім беру педагогтеріне бекіту үшін келесі жұмыстық бағдарламаларды ұсынды:
1. «Гитара» үйірмесінің балаларына қосымша білім беру бағдарламасы, Головкин А.С.
2. «Үрмелі оркестр» үйірмесінің балаларына қосымша білім беру бағдарламасы, Головкин А.С.
3. Волонтерлер клубының балаларына қосымша білім беру бағдарламасы, Байздрахманова К.А.
4. «Арт дәнекерлеу» үйірмесінің балаларына қосымша білім беру бағдарламасы, Квачёв В.М.
5. «Өнертапқыштар» үйірмесінің балаларына қосымша білім беру бағдарламасы, Блялов С.К.
6. «Картинг клуб» үйірмесінің балаларына қосымша білім беру бағдарламасы, Блялов С.К.
7. «Теннис» секциясының балаларына қосымша білім беру бағдарламасы, Алимбеков Ю.А.
Қаулы етті:
-Жоғарыда аталған бағдарламалар бекітілсін.
- Бағдарламаларға сәйкес КТЖ рәсімделсін.
Бесінші сұрақ бойынша: Ішкі еңбек тәртібінің ережесі. Орталықтың жұмыс режимі» туралы «Арман» БЖШО директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол педагогикалық ұжымды ішкі еңбек тәртібімен, 2022-2023 оқу жылына арналған орталықтың жұмыс режимімен таныстырды.
Қаулы етті:
- 2022-2023 оқу жылына арналған ішкі еңбек тәртібінің ережесі бекітілсін. 2022-2023 оқу жылына арналған орталықтың жұмыс тәртібі.
- Педагог қызметкерлер 2022-2023 оқу жылына арналған ішкі еңбек тәртібін, жұмыс режимін сақтасын.
Төрайым :А.А.Тургужина
Хатшы: Н.А.Юрченко