«Арман» БЖШО әдістемелік кеңесінің отырысы №2 хаттама
2021 жылғы 23 желтоқсан
қатысқандар: Тургужина А.А., Юрченко Н.А., Савкина О.В., Абылкасов Ж.Б., Белявская А.А., Никитина Н.И., Жуков А.В., Алимбекова Ю.А., Алишев Б.Д., Слабунов Н.М., Квачев В.М., Пядышев Ю.С., Кузьмин В.В., Горлукович К.Н., Артемьев С.Ю., Закрин Т.М., Анисимова Г.А., Шаймуратов Е.К., Новиков В.В., Корниенко И.Э., Бардащук К.Н., Байздрахманова К.А., Мухамеджанов К.М., Матвеева Н.А., Гаврилов В.П., Ахмеджанов А.К., Нурпеисов К.С., Коломиец П.В., Кононец И.С., Куандыков О.Б., Алимбеков Ю.А., Сухопарова И.В., Жариков В.В., Глинов В.П., Жуков П.В., Кузнецов В.А., Рублевский С.С., Темиров О.А., Азербаев Д.Н., Токанов Т.С., Газезова Н.К., Егембердиева Л.К., Зоненберг Ю.Р., Кампышева Б.Б., Малышева А.П., Кусаинов Е.Б., Подгорнова Н.В.
Күн тәртібінде:
Бірінші сұрақ бойынша: «Оқу-тәрбие үрдісін бағдарламалық-әдістемелік қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламасын құруға қойылатын талаптар, ішкі сараптама және шығармашылық бірлестіктерді рецензиялау» жөнінде «Арман» БЖШО әдіскері Елена Владимировна Вотинованы тыңдады, ол ұжымды білім беру бағдарламасын құру бойынша әдістемелік ұсыныстармен, ішкі сараптамамен және оларды рецензиялаумен таныстырды. Шешім етті:
- Педагогикалық ұжым білім беру бағдарламасын әзірлеу барысында әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алсын.
Екінші сұрақ бойынша: «Күнделік кз жүйесіндегі жұмысқа талдау жасау, ҰББМБ толтыру мониторингі» жөнінде директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н.Юрченконы тыңдады, ол қатысушыларды Күнделік кз электронды журналын, сонымен қатар ҰББМБ толтыруды тексеру қорытындысымен таныстырды.
Шешім етті:
- «Арман» БЖШО педагогтері әрі қарайғы жұмыстарында электронды журналдарын дер кезінде толтыру бойынша барлық шараларды қолдансын.
Үшінші сұрақ бойынша: «Балалардың облыстық, республикалық сайыстарға, байқауларға, турнирлерге қатысуына талдау жасау» туралы бөлім меңгерушілері Егембердиева Л.К., Газезова Н.К., Закрин Т.М., тыңдады, олар педагогтер назарына 2021-2022 оқу жылының І жартыжылдығы бойынша жұмыс қорытындысын ұсынды.
Қаулы етті:
- Педагогикалық ұжым жыл бойына әдістемелік материалдарды таратуға, өзінің педагогикалық тәжірибесін таратуға, осы бағыттағы түрлі байқауларға белсенді қатыссын.
- Директордың орынбасары Н. Юрченко, бөлім меңгерушілері Л. Егембердиева, Н. Газезова, Т. Закрин оқу жылы бойына педагогтердің аталған бағыттағы жұмыстарын қадағаласын, оқу жылының соңында сараптамалық анықтама жасасын.
Төртінші сұрақ бойынша: «Ашық микрофон «Педагогтерді аттестаттауға дайындау» жөнінде директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады. Педагогтер «Ашық микрофон» сұрақтарын талқылауға белсенді қатысты.
Қаулы етті:
- Директордың орынбасары Н. Юрченко, бөлім меңгерушілері Л. Егембердиева, Н. Газезова, Т. Закрин педагог қызметкерлерді аттестаттау бойынша мәліметтер базасын жасасын. «Арман» БЖШО педагогтері дер кезінде курстық қайта даярлау бойынша ақпаратты, педагогтер мен шәкірттердің марапаттары мен жетістіктері бойынша ақпаратты ұсынсын.