«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хаттама №2 «Арман» БЖШО әдістемелік кеңесінің отырысы 2022 жылғы 24 қараша

Хаттама №2

«Арман» БЖШО әдістемелік кеңесінің отырысы
2022 жылғы 24 қараша

қатысқандар: Абылкасов Жуматай Базарович, Азербаев Даулет Нурболатович , Алишев Бекжан Дауылбаевич, Андросова Тамара Ивановна, Анисимова Галина Аркадьевна, Ауенова Бибигуль Дюсембаевна, Ахметжанов Айдар Кайрханович, Белявская Асия Анатольевна, Гаврилов Виталий Петрович, Глинов Владимир Петрович, Горлукович Константин Николаевич, Ерёменко Татьяна Викторовна, Ербатыров Азамат Батыргалиевич, Жариков Виктор Владимирович, Жетписбай Сымбат, Жуков Андрей Викторович, Жуков Павел Викторович, Закрин Талгат Мухтарович, Квачёв Владимир Митрофанович, Кононец Игорь Сергеевич, Куандыков Оразбек Базарбаевич, Кузнецов Виталий Александрович, Матвеева Наталья Александровна, Мухамеджанов Куаныш Максутович, Никитина Наталья Иосифовна, Нурпеисов Канат Султангалиевич, Пядышев Юрий Сергеевич, Алимбекова Юлия Анатольевна, Рублевский Сергей Сергеевич, Рыгина Фарида Рагибовна, Васильева Ольга Васильевна, Слабунов Николай Максимович, Сухопарова Ирина Викторовна,Темиров Орынбай Амангельдинович, Токанов Толеби Сайронович, Тулегенова Гульмира Бегайдаровна, Тургужина Айгуль Айтжановна, Юрченко Наталья Анатольевна, Алимбеков Юрий Александрович, Кусаинов Ермек Баяхметулы , Бойко Алина Михайловна, Бутеев Сагат Карсыбаевич, Подгорнова Нина Владимировна, Газезова Назгуль Каирбековна, Егембердиева Ляззат Картаевна, Байздрахманова Карлыгаш Атымтаевна

 

Күн тәртібінде:

  1. Тәжірибе алмасу. Қашықтықтан оқыту формасы инновациялық білім беру моделі ретінде.
  2. Күнделік.kz  жүйесіндегі жұмыстың талдауы, «Ұлттық білім беру деректер базасының» толу мониторингі.
  3. Балалардың облыстық, республикалық байқауларға, жарыстарға, турнирлерге қатысуының талдауы. Каникул аптасының талдауы.
  4. Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын заманауи талаптар. Құжаттарды тексеру қорытындысы.
  5. №1 әдістемелік кеңестің ұсыныстарын іске асыру.

Бірінші сұрақ бойынша: «Тәжірибе алмасу. Қашықтықтан оқыту формасы инновациялық білім беру моделі ретінде» жөнінде қосымша білім беру педагогі Н. Слабуновты тыңдады, ол қашықтықтан оқыту форматындағы тәжірибесімен бөлісті.  Николай Максимович қазіргі уақытта қашықтықтан оқытуды оқытушының бақылауымен интернет арқылы білім алуға мүмкіндік беретін оқытудың инновациялық түрі ретінде қарастыруға болатынына назар аударды.

Қаулы етті:

-        Н. Слабуновтың ақпараты ескерілсін.

   Екінші сұрақ бойынша: «Күнделік.kz  жүйесіндегі жұмыстың талдауы, «Ұлттық білім беру деректер базасының» толу мониторингі» жөнінде директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол «Арман» БЖШО қосымша білім беру педагогтерінің 2022 жылғы 14-19 қараша аралығындағы электронды журналдарын тексеру нәтижесімен таныстырды.

Тексеру барысында белгілі болғандай, журналдар қанағаттанарлық жағдайда. Бағдарламаның теориялық және практикалық жағы аталған кезеңде толтырылған.

"Кинематография және мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сәйкес 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеу мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Осыған байланысты кунделик кз журналына түзетулер енгізу қажет. "Кинематография және мәдениет мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сәйкес 1 желтоқсанда Тұңғыш Президент күнін мерекелеу мемлекеттік мерекелер қатарынан алынып тасталды. Осыған байланысты кунделик кз журналына түзетулер енгізу қажет.

2022 жылғы желтоқсан айында аптасына бес күндік жұмыс аптасында демалыс күндері: 16,17,18 желтоқсан, алты күндік жұмыс аптасында: 16 және 18 желтоқсан.

Қаулы етті:

- Н. Юрченконың ақпараты ескерілсін.

- Педагогтер сабақ өткен күні сабақ тақырыбы мен үй тапсырмасы бойынша мәліметтерді 21-00 сағ. дейін толтырсын.  

- Бөлім меңгерушілері педагогтермен бірлесіп күнделік.кз жүйесіне есептек кезең үшін түзетулер енгізсін.

- «Арман» БЖШО барлық қызметкерлері Ұлттық білім беру деректер базасын толтыру үшін қажетті барлық мәліметтерді дер кезінде тапсырсын. (НОБД).

-Бөлім меңгерушілері Газезова Н.К., Закрин Т.М., Алимбекова Ю.А. 2022 жылғы 02 желтоқсанға дейін педагогтердің курстық қайта даярлаудан өту кестесін ұсынсын.

Үшінші сұрақ бойынша: «Балалардың облыстық, республикалық байқауларға, жарыстарға, турнирлерге қатысуының талдауы. Каникул аптасының талдауы» туралы бөлім меңгерушілері Газезова Н.К., Закрин Т.М., Алимбекова Ю.А. тыңдады, олар каникул кезіндегі жұмыстың талдауын, сонымен қатар балалардың облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға қатысуы туралы ақпаратты  ұсынды.

Қаулы етті

- Бөлім меңгерушілерінің ақпараттары ескерілсін.

- орталық педагогтері бөлім меңгерушілерімен бірлесіп балалардың облыстық, республикалық, халықаралық байқауларға, турнирлерге, жарыстарға қатысуын жандандырсын. Аталған уақыттағы қатысу пайызы 2021-2022 оқу жылымен салыстырғанда төмен.

Төртінші сұрақ бойынша: «Балаларға қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларына қойылатын заманауи талаптар. Құжаттарды тексеру қорытындысы» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол қосымша білім берудің авторлық бағдарламасын дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстарды, сондай-ақ орталық педагогтерінің бағдарламаларын тексеру бойынша талдауды ұсынды.  

Қаулы етті:

-Н. Юрченконың ақпараты ескерілсін.

- Педагог қызметкерлер бағдарлама құру кезінде әдістемелік ұсыныстарды пайдалансын.

Бесінші сұрақ бойынша: «№1 әдістемелік кеңестің ұсыныстарын іске асыру» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол педагогтерге №1 әдістемелік кеңестің ұсыныстарын іске асыру бойынша жұмыстың талдауын ұсынды.  

Қаулы етті:

- Н. Юрченконың ақпараты ескерілсін.

-  Педагогикалық ұжым әдістемелік материалды таратуға белсенді қатыссын, өзінің педагогикалық жұмыс тәжірибесін таратсын, жұмыс бағыты бойынша түрлі конкурстарға қатыссын.

Жаңартылған күні: 13.01.2023 17:29
Құрылған күні: 13.01.2023 17:29

Текст