26.05.2022 ж.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
1. Педагогикалық этика.
2. Шығармашылық бірлестіктердің білім беру бағдарламаларын іске асыру қорытындысы туралы.
3. Оқушылар контингентін сақтау бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын тексеру қорытындысы.
4. Балалар қорғау күніне іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы .
Қатысқандар: 42 адам (пән мұғалімдері, шағын орталықтың тәрбиешілері, бөлім меңгерушілері, әдіскерлер)
Бірінші сұрақ бойынша: «Педагогикалық этика» туралы директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол ұжымды педагогикалық қызметкерлердің әдеп кодексімен таныстырды. Педагогтердің назарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы №190 «Педагогикалық әдеп туралы» бұйрығының негізгі тармақтарына аударды.
Қаулы етті:
- Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- «Арман» БЖШО педагогтері педагогикалық әдептің нормалары мен ережелерін сақтасын. Педагогам ЦДЮТ «Арман» соблюдать нормы и правила педагогической этики.
Екінші сұрақ бойынша: «Шығармашылық бірлестіктердің білім беру бағдарламаларын іске асыру қорытындысы туралы» директордың ОТЖ жөніндегі орынбасары Н. Юрченконы тыңдады, ол қатысушыларды орталық педагогтерінің білім беру бағдарламасын орындауына талдау жасау мақсатында электронды журналды тексеру қорытындысымен таныстырды.
Қаулы етті:
- Н. Юрченконың ақпараты назарға алынсын.
- «Арман» БЖШО педагогтері электронды журналды толтыру жұмысын жалғастырсын, оқу жылының аяқталуы бойынша сәйкестікке келтірсін.
Үшінші сұрақ бойынша: «Оқушылар контингентін сақтау бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын тексеру қорытындысы» туралы орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол педагогтердің назарына контингентті сақтау бойынша тексеру қорытындысын ұсынды.
Қаулы етті:
- А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
-Педагогикалық ұжым оқу жылының соңында оқушыларды шығару және келесі оқу жылына ауыстыру туралы рапорттарын дайындасын.
- Директордың орынбасары, бөлім меңгерушілері 2022-2023 оқу жылы бойына оқушылар контингентін сақтау бойынша жұмыстарын бақылауды жүзеге асырсын.
Төртінші сұрақ бойынша: «Балалар қорғау күніне іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жөнінде орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол педагогикалық ұжымды Балалар қорғау күнін өткізуге арналған жұмыс жоспарымен таныстырды.
Қаулы етті:
- А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
Бесінші сұрақ бойынша: «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы» орталық директоры А. Тургужинаны тыңдады, ол педагогикалық ұжымды мамыр айында көрсетілген мемлекеттік қызметтің қорытындысымен таныстырды, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бағаланатын негізгі критерийлермен таныстырды: 1. Ақпарат 2. Қол жетімділік 3. Қызметкерлер 4. Процедура 5. Мерзімі 6. Кері байланыс 8. Нәтижесі.
Қаулы етті:
- А. Тургужинаның ақпараты назарға алынсын.
«Арман» БЖШО директоры: А. Тургужина
Хатшы: Н. Юрченко