Бүгінгі таңда балалардың жол-көлік жарақаты мәселесі заманауи қаладағы өзекті мәселелердің бірі болып қала береді. Оның шешімін табуға атқарушы билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, жол полициясының қызметкерлері, мектеп мұғалімдері, оқушылардың өздері де қатысады.
2025 жылғы 16 мамыр күні «Арман» БЖШО базасында Бурабай ауданының қалалық және ауылдық мектептерінің 10 командасы (100 қатысушы) қатысқан «Қауіпсіз дөңгелек» Жас инспекторлар қозғалысы үгіт бригадасының аудандық жыл сайынғы дәстүрлі финалдық сайысы өтті. Конкурстың мақсаты балаларды жолдарда қауіпсіз жүріп-тұру ережелеріне үйрету және балалардың жол-көлік жарақат алуының алдын алу бойынша білім беру мекемелерінің қызметін жандандыру болып табылады.
ЖИҚ слетінің міндеттері: жол қозғалысы ережелері бойынша оқушылардың білім сапасын арттыру. Жолдардағы балалардың өзін ұстаудың қауіпсіздік ережелерін насихаттау бойынша білім беру органдары мен ЖИҚ отрядтарының озық тәжірибесін жинақтау.
Сайысқа қатысқан командалар: Зеленобор МГ, №3 ЖББМ, ,Сатпаев ат. ЖББМ, №8 МГ, Қарашілік ЖББМ, Окжетпес а. ЖББМ, №4 ЖББМ, Акылбай а. ЖББМ, С.Сейфуллин ат. ЖББМ, №6 ЖББМ.
Команда құрамында 12 мен 14 жас аралығындағы балалар қатысты.
Оқушылар сегіз түрлі сайыста бақ сынады:
1. «Сапта жүру бойынша сайыс»
2. «ЖЖЕ білгірлері»
3. «Мәнерлеп жүргізу»
4. «Жас реттеуші»
5. «Жас санитар»
6. «Үгіт бригадасы сайысы»
7. «Білімдар сайысы»
Аудандық сайысты өткізу қорытындысы бойынша нәтиже былайша көрінді:
Гран-при- Зеленобор МГ, бірінші орынды Қ.Сатпаев ат. ЖББМ алды, екінші орын - №3 ЖББМ, үшінші орынды №8 МГ иеленді, сонымен қатар үздік қатысушылар станциялардағы белсенді жауаптары үшін грамоталармен марапатталды.
Барлық қатысушыларға аудандық шараға белсенді қатысқандары үшін Алғыс білдіреміз және барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз!