БЕКІТЕМІН
«Арман» МТОТЖО
МКҚК директоры
______________ А.Тургужина
Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі мен
ұлы Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында
«Күмбірле, сазды домбыра» атты
жас домбырашылардың онлайн-байқауын өткізу туралы.
ЕРЕЖЕ
- сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды жандандыру;
- оқушыларды патриотизмге және рухани-өнегелі тәрбиелеу, домбырада ойнауды кеңінен насихаттау.
- музыка саласында жаңа білімді меңгеруі мен өзін-өзі жетілдіруіне жас домбырашылардың кәсіби өсуі үшін жағдай жасау;
- балаларды мәдени құндылықтарды сақтауға үйрету;
- балаларды, педагогтерді желілік жобаларға қатысуға ынталандыру.
2.2 Байқаудың қатысушылары: қала және аудан мектеп оқушылары нақты берілген музыкалық шығарманы орындайды:
Бірінші жас санаты: 10-13 жас - Халық күйі – «Келіншек»
Екінші жас санаты: 14-17 жас - «Ерке сылқым» күйі
2.3 Байқау 2020 жылғы 26 сәуір мен 01 мамыр аралығында өткізіледі.
3. Байқаудың мазмұны мен рәсімделуіне қойылатын талаптар.
3.1 Байқауға қатысу үшін 1 қосымшаға сәйкес форма бойынша өтінімді толтырып жіберу керек.
3.2 Барлық байқауға қатысушылар жоғарыда аталған күйлерді орындаулары, бейнероликке жазуы және 2020 жылғы 1 мамырға дейін armanshuch@mail.ru почтасына жіберулері қажет.
3.2 Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар.
Қатысушылардың жеке аспабы болуы керек.
Орындаулар кеелсі критерийлер бойынша бағаланады:
а) музыкалық аспапты меңгеру деңгейі;
б) ойнау техникасын меңгеру деңгейі;
в) эмоционалдық орындау, артистизм, әсемдік;
г) эмоциялық әсер ету деңгейі.
5. Байқауға қатысуға байланысты барлық мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетінің өкіліне мына тел.бойынша хабарласуға болады: 87055185134 (Газезова Назгуль Каирбековна).
Қосымша 1.
Өтінім формасы
Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі мен
ұлы Абайдың 175-жылдығын мерекелеу аясында
«Күмбірле, сазды домбыра» атты
жас домбырашылардың онлайн-байқауы
№ р/с |
Қатысушының Т.А. |
Жасы |
Оқу орнының мекен-жайының атауы |
e-mail, байланыс телефоны |
Ескерту |
|
|
|
|
|
|