«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы

2011 жылғы 11 ақпанда өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылғы 6 шілдеде «Елорда күніне» орайластырылып жастар ұйымдары көшбасшыларынан бастамашыл топ ««Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.

Ұйымның мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Ұйымның  төменгі буынына («Жас Қыран») - 1-4 сынып оқушылары, жоғарғы буынына («Жас Ұлан») - 5-11 сынып оқушылары қабылданады.

2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.

2011 жылғы қазан-қараша айларында еліміздің барлық өңірлерінде ұйым жұмысымен таныстыру мақсатында көшпелі жиналыстар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жұлдызды күн» шеңберінде 3 желтоқсан – «Жастар күні «Жас Ұлан» қатарына Қазақстанның барлық өңірлерінде бір уақытта 20 000 оқушы салтанатты түрде қабылданды.

         2012 жылғы 26-29 қаңтар аралығында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының өңірлік үйлестірушілеріне арналған «Балдәурен» республикалық оқыту-сауықтыру орталығында кеңейтілген семинар өткізілді.

2012 жылғы 28 қаңтарда «Балдәурен» республикалық оқыту сауықтыру орталығында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты  қабылдау рәсімі өтті.   Жаңаөзен қаласының ең үздік 150 оқушысы «Жас Ұлан» қатарына қабылдануы - аталған шараның ерекшелігі болып табылды.

         2012 жылғы 30 қаңтарда «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының өңірлік үйлестірушілерінің Қазақстан Республикасы Білім және ғылым  вице-министрі М. Н. Сарыбековпен кездесуі өтті. Кездесу барысында «Жас Ұлан» ұйымының одан әрі жұмысына байланысты өзекті сұрақтарға жауаптар алынып, бірнеше мәселелер талқыланды.

2012 жылғы 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай бүкіл ел бойынша Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау рәсімі өтті.Осы күні бүкіл еліміз бойынша 700 000 оқушы «Жас Ұлан» қатарына қабылданады.

2012 жылғы 6 шілдеде Елбасының тапсырмасымен Елорда күнінде құрылған «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер  ұйымына бір жыл толады. Осыған орай, «Балдәурен» Республикалық оқыту-сауықтыру орталығының базасында І Республикалық «Жас Ұлан» көшбасшылар форумы және салтанатты іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Жаңартылған күні: 20.04.2020 21:03
Құрылған күні: 20.04.2020 21:03

Текст