«Ақмола облысы білім басқармасының туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ 2024 жылғы 29 қарашада «Ақмола облысы білім басқармасының Көкшетау қаласы бойынша білім бөлімі Көкшетау қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында «Экологиялық-туристік-өлкетану қызметі-балалар мен жастарды патриоттық тәрбиелеу ресурстарының бірі ретінде» облыстық семинары өтті.
Семинардың мақсаты эко-туристік-өлкетану жұмысы арқылы білім алушылардың патриоттық тәрбиесін одан әрі жетілдіру, оқушылардың өз халқының экологиялық-туризм-өлкетану мұрасына деген құрметін қалыптастыру болып табылады.
Өлкетану блогында екі лектордың баяндамасы ерекше қызықты болды: "Археология арқылы өлкетануға қызығушылықты арттыру" - Оралов Ш.М., "Тарих сабақтарында өлкетану жұмыстарын тиімді жүргізу тәсілдері" - Базарова А.Ж. Практикалық сабақтың қорытындысы бойынша сертификат берілді. Семинар ұйымдастырушылары - Утебаева Ж.Т. және Биляловқа К.Б. алғысымызды білдіреміз, себебі алынған білімдер қызықты және іс-тәжірибеде өте пайдалы болмақ!