«Біз қиын жолды бірге өткердік: біз өзімізге сендік, тәуелсіздік алдық, мемлекет құрдық, әлемге жаңа Қазақстанды аштық, өзімізді біртұтас және ұлы ел ретінде таптық»
Н. Назарбаев.
Мемлекеттің басты мерекесінің қарасаңында «Арман» БЖШО Қазақстан Республикасының 30 жылдығы мен «Жас Ұлан» Республикалық балалар-жасөспірімдер ұйымының 10 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жолы» атты аудандық форум өтті.
1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Содан бері бұл маңызды дата басты мемлекеттік мереке ретінде ел тарихында мәңгілікке қалды. Міне, биыл бәріміз жас тәуелсіз мемлекетіміздің 30 жылдығын жүрегімізде мақтанышпен атап өтеміз.
Мереке алдындағы күндердің бірінде біздің «Арман» орталығының базасында «Жас Ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары жиналды, олар білім, мәдениет және спорт саласында халықаралық, республикалық және облыстық деңгейлерде ауданның намысын қорғады. Олардың барлығын бір мезгілде Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «Жас Ұланның» 10 жылдығына арналған маңызды оқиға – форум біріктірді.
Ауданның, облыстың, еліміздің дамуына өз үлестерін қосып жүрген біздің қаланың сыйлы тұрғындары басқосудың құрметті қонақтары болды.
Жас бурабайлықтар Татьяна Петровна Федорованы, Гульсара Арманбековна Бекбулатованы, Константин Владимирович Помазайды, Олжас Байболатович Нурмагамбетовты, Алтынбек Дағыстанұлы Дағыстанды зор қошеметпен қарсы алды.
Қонақтар форумға қатысушылармен жүздесу барысында «Арман» орталығының Инстаграмм әлеуметтік желісінде тікелей эфирде де тыңдармандармен Тәуелсіз Қазақстанның аяғынан тұру барысында өз үлестерін қосқан тарихымен бөлісті.
Форумның ашылу салтанатында алғаш сөз алу құрметі көп жыл аудандық білім бөлімінің жұмысына арнаған педагогикалық еңбек ардагері, білім беру үздігі Татьяна Петровна Федороваға берілді. Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Татьяна Петровна оларды мерекелерімен құттықтап, өткізілетін іс-шараның маңыздылығы мен өзектілігін атап өтті.
Сондай-ақ, Татьяна Петровна мектеп оқушыларымен әңгімесінде өз елінің және туған өлкесінің тарихын білу қаншалықты маңызды екеніне ерекше назар аударды, аудандық білім бөлімінің базасында, оның редакциясымен жарық көрген «Менің кіші Отанымның энциклопедиясы» басылымын көпшілік назарына ұсынды.
Балалар ардагер ұстаз әрі мәртебелі ұстаз марапаты – Ыбырай Алтынсарин ат. төсбелгі иегерін ықыласпен тыңдады, Татьяна Петровнаға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Осылайша, олар қайта құрудың қиын кезеңінде білім беру жүйесінің қандай қиындықтарға тап болғаны, мектеп директорлары мен мұғалімдер оқулықтардың жетіспеушілігі мәселелерін қалай шешкені, балаларға оқу үшін қолайлы жағдай жасауға тырысқаны туралы ақпаратты үлкен қызығушылықпен қабылдады.
Ұрпақтар диалогында өткен 30 жыл ішінде жағдай қаншалықты өзгергені атап өтілді.
Форумға қатысушылар спорт тақырыбында да қызу пікір алмасты. Себебі, құрметті қонақтардың екеуі осы саланың өкілдері болып табылады.
Константин Владимирович өз сөзінде оқушыларға аудандағы бұқаралық спорттың дамуы туралы әңгімеледі, еліміздің оң мәртебесін қалыптастыру үшін спорттық жетістіктердің маңызына тоқталды. Біздің ауданымызда даңққа жету жолын бастаған республиканың атақты спортшылары туралы еңбек сіңірген жаттықтырушының әңгімесін балалар қызығушылықпен қабылдады.
Спорт тақырыбына әңгімені «Шидай» спорт клубының жетекшісі Олжас Нурмагамбетов жалғастырды. Тәуелсіздіктің құрдасы Олжас Байболатович еліміздің ертеңі үшін үлкен жауапкершілікті сезінетінін айтты. Сондықтан ол өзі үшін бапкерлік жұмысты таңдап, спортпен шұғылдануға барынша көп жас Бурабай жастарын тартуға қолдан келгеннің бәрін жасап жүр.
Көреремендер мен тыңдаушылардың атынан Олжас Байболатовичтің де атына сұрақтар көптеп түсті. Ол сұрақтардың барлығына ыждаһатпен жауап берді. Сөзінің соңында «Шидай» клубының жетекшісі қатысушыларды белсенді болуға, спортпен айналысуға, өздерінің алдына маңызды мақсаттар қоюға және оған жетуге тырысуға, өз елінің шынайы патриоты болуға шақырды.
Патиротизм тақырыбына арналған әңгімені Тәуелсіздіктің тағы бір құрдасы Алтынбек Дағыстан жалғастырды.
Алтынбек Дағыстанұлы С. Сейфуллин ат. орта мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. Еңбек еткен жылдар ішінде ол өзіндік педагогикалық стилін қалыптастырды: өз сабақтарында дарынды мұғалім балаларға мемлекеттік тілді үйретіп қана қоймай, өз елін сүю, оның тарихын білу, оның дамуына елеулі үлес қосқандарды еске алу қаншалықты маңызды екенін үйретеді.
Дегенмен, ол аудан тұрғындарына өзінің педагогикалық жетістіктерімен ғана танымал емес. Ол – аудандық салтанатты іс-шаралардың белсенді қатысушысы, дарынды вокалист әрі жүргізуші.
Форумға қатысушыларға арнаған сөзінде педагог "Жас Ұлан" Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қалыптасуында маңызды рөл атқаратын патриотизмнің маңыздылығын атап өтіп, қазіргі және болашақ "жасұландықтарға" олардың жолында табыс тіледі.
Бурабай ауданының білім бөлімінің әдіскері Гүлсара Арманбекқызы Бекбулатова да жиналғандарға өз сөзінде "Жас Ұлан" ұйымының басты мақсаттарын белгілеп, кездесуге қатысушылардың барлығын келе жатқан мерекелермен құттықтады.
Бурабай ауданының Ұланбасы, №8 МГ 10 сынып оқушысы Ильдар Исламов құрметті қонақтарға алғыс сөздерін айтты.
Ильдар өз сөзінде «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі жасөспірімнің азамат және патриот ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін, ауданымыздың «жасұландықтарының» жетістіктерін атап өтті.
Кездесудің жалғасы ретінде оқуда, спортта, шығармашылықта айтарлықтай табыстарға қол жеткізген ауданның үздік мектеп оқушылары республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына мүшелікке қабылдады.
Салтанатты түрде құрметті ант берілді. Форумның құрметті қонақтары «жасұландықтарға» символикалық галстуктерін мойындарына тақты.
Рәсімнің соңында 10 жыл бойы бүкіл елдің оқушыларын біріктіретін және оларда ең бастысы – Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелейтін балалар ұйымының әнұраны орындалды.
Форумның соңында қонақтарға арнап «Арман» орталығының шәкірттері мерекелік концерт қойды.