«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балғыншақ» клубындағы жарқын жаз

Жаз мезгілі – оқушылардың күнделікті мектеп өмірінен демалатын белсенді каникул кезі ғана емес, жұмысбасты ата-аналардың үш ай демалыста балаларының немен айналысатынына бас қатыратын уақыт.  

Мұндай кезде немерелерін қонаққа асыға күтетін ата-әжелерінен бастап, бүгін сөз ететін аула клубтары сияқты түрлі нұсқалар көмекке келеді.

«Арман» Балалар-жасөспірімдер шығармашылық жанында жұмыс істейтін «Балғыншақ» аула клубы Щучинск қаласының №5 жалпы білім беретін мектеп аумағында орналасқан. Бұл жер аталған шағын аудан оқушылары үшін жиналып, достарымен кездесіп, уақыттарын қызықты өткізетін сүйікті орынға айналған.

Клуб қабырғасындағы жұмыс жыл бойы қызу жүріп жатыр, тіпті жазда да мұғалімдер демалуға уақыт таппайды, өйткені олар оқушыларының демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуі үшін барлық жағдайды жасайды.

Кезекті клуб маусымының ашылуына арналған, бірнеше күн бұрын клуб қабырғасында өткен жарқын, керемет іс-шара сөзімізге айғақ болады.

Мерекелік әсермен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтындай безендірілген сахна төрінен жиналған ұлдар мен қыздарға ұйымдастырушы-маман Васильева Ольга Васильевна, педагогтер Абылкасов Жуматай Базарович, Олжанов Еркеш Кажатович, Белявская Асия Анатольевна құттықтау сөздерін арнады.

Ұстаздарымен бірге жас қонақтарымыз «жазғы балапандар» антын қабылдады және батыл қазына іздеушілер командасына қосылды.

Қазынаға барар жолда оларды «Дартс», «Мақалдату - Пословицыно», «Айырмашылығын тап – Найди отличие», «Эстафета», «Жұмбақтар әлемі – Загадкино», «Мульт» бекеттеріндегі аялдамалар тосып тұрды, балалар ондағы сынақтардан көңілді, бар ынталарын салып өтті. Әсіресе, көпшілігіне «Әуенді тап – Угадай мелодию» бекеті ұнады, ондағы қойылған әндерді қазына іздеушілердің өздері орындап, тіпті марапатқа ие болды.

Іздеу барысы «Құрастырушы – Наборщик» бекетінде аяқталды, мұнда команда мектеп бағында жасырылған қазынаға алып келген, әріптерден құралған ойға түсіру сөзін құрастырды.

Бірақ іс-шараның барлық қатысушылары үшін басты сыйлық, әрине, тамаша көңіл-күй, жаңа таныстар және қалыптасқан дәстүр бойынша балаларға жарқын, көңілді, есте қаларлық жазды қамтамасыз ететін көптеген спорттық, шығармашылық, оқу іс-шаралары болатын кезекті клуб маусымын күту болды.

 

А. Тургужина,

Ақмола облысы Бурабай ауданының

«Арман» БЖШО директоры

Жаңартылған күні: 27.07.2023 12:40
Құрылған күні: 27.07.2023 12:40

Текст