Текст
/public/files/2020/4/23/230420_182240_. 23 сәуір - 2010 жылғы БҰҰ шешімі бойынша ағылшын тілі күні болып белгіленген. Дәл осы күн ағылшынның ұлы жазушысы, ақыны әрі әлем мойындаған драматург Уильям Шекспирдің туған күні. Шекспирдің қаламынан 5 поэма, 10 хроника, 17трагедия, 17 комедия және 154 сонета туындаған. Дүние жүзінің сахналарында қойылып келе жатқан, кез-келген адамға таныс "Ромео мен Джульетта", "Отелло", "Гамлет, дат ханзадасы", "Король Лир" т.б. шығармалардың авторы. Аталған мереке аясында бүгінде "Арман" Орталығының ағылшын тілі үйірмесінің шәкірттері (педагог Родионова А.В.) онлайн-викторинаға қатысады.