Бүгін, 24 қазанда «Тұран» демалыс орталығында Қазақстан Республикасы күніне арналған патриоттық фильмнің көрсетілімі өтті.
🎥 «Томирис» тарихи фильмі – халықтың басын біріктіріп, азаттық үшін күрескен аты аңызға айналған патшайым туралы хикая.
🎞️Бұл фильм өткенімізді қозғап, ата-бабаларымыздың ерлігін жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді. Көргеннен кейін жігіттер өз әсерлерімен бөлісетін пікірталас болады.
Қызықты фильм және жаңа достар!