6 желтоқсан күні Республика Тәуелсіздігі күніне орай «Арман» ОҚК-нің Кубогына шахмат турнирі өтті. Турнирге біздің мектеп оқушылары: 8 «Б» сыныптан Тошев Николай, 7 «Б» сыныптан Қасен Әлижан, 7 «Б» сыныптан Грищук Артур және 2 «А» сыныптан Хамит Диана қатысты. Оқушыларымыз жоғары деңгейде ойын көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Олар өздерінің білімі мен шеберлігін ғана емес, сонымен қатар командалық жұмысын да танытып, жеңіске жетуге мүмкіндік алды. Бұл турнир елімізде шахмат спортын дамыту, сондай-ақ жастар арасында осы ойынды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Турнирге қатысу жас шахматшыларымыз үшін нағыз сынақ болды. Біз оқушыларымызбен мақтанамыз және оларға спортта да, оқуда да үлкен жетістіктер тілейміз!