Бурабай ауданының жас зерттеушілері – мақтанышымыз! 2024 жылдың 11 желтоқсанында Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінде облыстық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарын құрметтеуге арналған «Ғылым салтанаты - 2024» мерекесі өтті. Мерекеге Бурабай ауданы әкімінің орынбасары Мерей Рамазан қатысып, оқушылар мен олардың ғылыми жетекшілерін жетістіктерімен құттықтап, ақшалай сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етті. "Золотой фонд" номинациясы бойынша: - Амангельдина Айерке мен Нуртан Нурай (№9 мектеп-гимназия); - Естаева Мадина (№6 орта мектеп) марапатталды. Облыстық ғылыми жоба байқауының жеңімпаздарын аудандық білім бөлімінің басшысы Ахмеджанова Алтынай Маратовна құттықтап, бұл күн білімге құштарлық пен еңбекқорлықтың, талант пен ізденістің нәтижесі екенін атап өтті. "Серебряный фонд" номинациясы бойынша ауданымыздың 11 оқушысы облыстық деңгейде жоғары нәтижеге жеткені үшін ақшалай сертификаттармен марапатталды, ал олардың жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды. Облыстық ғылыми жоба байқауына қатысқан қатысушыларға жол ашып,демеу болып жүрген , ғылыми жоба жетекшісі Қадыров Олжас Кусаинович өз сөзінде бұл жеңістер ауданымыздың жас буынының талантын дәлелдейді деп атап өтіп, олардың табыстары ұстаздар мен ата-аналардың еңбегінің, сондай-ақ оқушылардың өз күш-жігерінің нәтижесі екенін айтты. "Бронзовый фонд" және "Будущее науки" номинациялары бойынша 10 оқушы облыстық деңгейде жоғары нәтижеге қол жеткізіп, ақшалай сертификаттармен марапатталды. Барлық оқушылар 40 000, 20 000, 10 000 және 5 000 теңге көлемінде ақшалай сертификаттарға ие болды. Біз шәкірттерімізді және олардың тәлімгерлерін мақтан тұтамыз! Бұл жеңістер – тек бастама. Алда әлі де үлкен жетістіктер мен жаңа белестер бар. Ғылымға деген құштарлық пен алға ұмтылыс ешқашан толастамасын! Сіздердің табыстарыңыз ел болашағының жарқын кепілі екеніне сенеміз.Бурабай ауданының жас зерттеушілері – мақтанышымыз!