«Ақмола облысы білім басқармасының Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Щучинск қаласының «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Государственное коммунальное казенное предприятие «Центр детско-юношеского творчества «Арман» города Щучинск при отделе образования по Бурабайскому району управления образования Акмолинской области» 

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Осыдан 33 жыл бұрын Тәуелсіздік алып, Егеменді ел болдық.

18.12.2024

Осыдан 33 жыл бұрын Тәуелсіздік алып, Егеменді ел болдық. Тарихи тұрғыдан алғанда отыз үш жыл аз уақыт. Дегенмен, Қазақстан аз уақыттың ішінде әлем алпауыттарын қуып жетіп, әлем жұртшылығына таныла білді. Ал Алматыда болған атақты Желтоқсан оқиғасына 38 жыл толды. 1986 жылы Кеңес өкіметінің қаһарынан қорықпаған қазақ халқының ұл-қыздары ұлт намысын қорғау үшін көшеге шықты. Міне, тура бес 5 жылдан кейін Тәуелсіздігіміздің жарияланғаны символдық. «Желтоқсан-Тәуелсіздік шежіресі» тарихи сағатында «Науқастарды күту жөніндегі кіші медбике» кәсіптік курсының (орталық психологы: Анисимова Г.А.), «Дәнекерлеу ісі» курсының (мұғалім: Квачев В.М.), сонымен қатар «Автодело» курсының студенттері қатысты. (мұғалім: Слабунов Н.М.) туралы әңгімені мұқият тыңдады осы іс-шараларға қатысушылар – Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова, авторы Әбиірбек Тіналиев «Желтоқсан желі» әнінің шығу тарихын білді,
сөзін жазған Әбдірахман Асылбеков. Одан кейін «16 желтоқсан – Қазақстан Тәуелсіздік алған күні», «Желтоқсан ызғары» атты бейнероликтер көрсетілді. Шара соңында «Арман» орталық балалар жасөспірімдер орталығының этно-өлкетану мұражайы қорынан жасалған КСРО дәуірін бейнелейтін экспонаттар көрмесіне танымдық шолу жасалды. Қазақстан мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңдері.

Просмотров: 7


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст