Күй - қазақ халқының баға жетпес құнды музыкалық мұрасы. Ежелгі даналар айтқандай: "Ұлы Жаратушы туған әр қазақтың жүрегіне күйдің бір бөлігін салған". Ұлы дала халқының осындай жарқын өкілдерінің бірі композитор Дина Нұрпейісова болып табылады, оның туғанына 160 жыл толады. Дина Нұрпейісова - Құрманғазы Сағырбаевтың шәкірті, дәстүрлі күй жанрындағы домбыраға арналған шығармалардың авторы. Қазақ КСР Халық артисі. (Туған күны және жері: 1861ж., Жаңақала ауданы. Қайтыс болған күні мен орны: 31 қаңтар 1955ж., Алматы қ.) Бүгін жас домбырашыларға арналған орталықтың педагогтары (студия жетекшісі Ауенова Б.Д.) ұлы қазақ әртісінің мерейтойына арналған сыныптан тыс іс-шара өткізді. Іс-шараның құрметті қонақтары - домбырашы, аудандық мәдениет үйінің музыканы - Құдысбек Гүлім Думанқызы және педагог, музыкант Алишев Бекжан Дауылбай ұлы. Шара соңында жас домбырашылар сазгердің "Той бастар" күйін орындады.