Байқаудың мақсаты: Театрлық-эстрадалық шығармашылық арқылы тұлғаның шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі танытуы үшін жағдай жасау және бос уақытты ұйымдастырудың жаңа нысандарын жетілдіру.
Міндеттері:
- жастар арасында юморина жанрын дамыту;
- Stand Up қатысушыларының арасында сахналық, артистік қабілеттерін дамыту;
- жастарды қызықты іске жұмылдыру.
Өткізу формасы: ZOOM платформасы арқылы
Өткізу күні: 2021 ж. 5 сәуір
Байқаудың шарттары: байқауға 5-7, 8-10 сынып оқушылары қатысады.
Ұйымдастырушылар: «Арман» БЖШО, Бурабай ауданы ЖРО, №9 мектеп-гимназиясы.
Байқау қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Қазылар алқасы:
Шайкенов Ербол - Бурабай ауданы ЖРО маманы
Ербатыров Азамат – «Арман» БЖШО бұқаралық бөлім меңгерушісі
Даньяров Олжас – Бурабай ауданы КВН бас редакторы
Рысалды Оспанова – «Арман» БЖШО әдіскері
Байқаудың шарттары:
Байқауға мектеп оқушылары командамен де, жеке де қатыса алады.
Байқау 2 кезеңде өтті:
1 кезең –«Stand Up» байқауы: 40 секунд ішінде күлкілі әңгіме, кез-кедген тақырыпқа әңгіме айту керек. Қазылар ұпай береді (максималды ұпай - 10 ұпай)
2 кезең –«Күлдіріп көр» байқауы:
- Қатысушының міндеті: бір минут ішінде қазылар алқасын күлдіру немесе тым болмағанда күлімдету керек.
- Егер қатысушы қазылар алқасын күлдірсе, ол 100 ұпай алады және тағы бір жеңіске жету үшін қосымша уақытпен (бір минут) ойынды жалғастыру құқығын алады. Ең жоғары ұпай 500 ұпай (қосымша уақыттың 5 кезеңі).
- Егер қатысушы ойынның кез-келген кезеңінде ұтылса, ол барлық ұпайларын жоғалтады.
Жеңімпаздар:
Гран при - Абылайхан атындағы Қызылағаш ауылының жалпы орта білім беретін метебінің 9-сынып оқушысы Жарқынбаев Мақсат Базарбайұлы
1 орын - №8 мектеп-гимназиясының 7-сынып оқушысы Алтынбек Рауан Асылханұлы
2 орын –№4 жалпы білім беру мектебі Щучинск қ. Гитляйн Максим
3 орын –А.И. Досов ат. ОМ Душкина Виктория