23 сәуір күні «Арман» балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының базасында Халық бірлігі мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Менің Отаным – менің Қазақстаным» атты облыстық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өтті. Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы жанындағы «Қоғамдық келісім» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесінің басшысы Нұғыманов Ермек Бекенұлы, «Ардагерлер ұйымы» Ақмола филиалы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, облыстық қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Төлеғұл Ғосман Төлеғұлұлы, Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы аналар кеңесінің төрайымы Рахимжанова Күляш Сабикенқызы , Бурабай ауданы мәслихатының хатшысы М. Нұрпанова , Бурабай газетінің редакторы Ж.Оспанов
қазылар алқасының құрамында байқауға қатысушылардың туындыларын таразы талқысына салды.
Көрмеге қойылған туындыларды сараптай келе, қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орынға ие болғандар:
1. Зикирина Алтынай Саукеновна бас жүлде .
2. Құдабаева Жанар Жұмашевна -1 орын .
3. Горлукович Константин Николаевич' 2 орын.
4. Махров Николай Николаевич- 3 орын .