Бүгін "Арман" ЖББО базасында " Күмбірле, домбыра!" атты қазақтың дәстүрлі күйлері конкурсы өтті.
Байқау "Біртұтас тәрбие" тәрбие бағдарламасы аясында және қазақтың ұлы күйшісі Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдығына орай өтті.
Байқау ұлттық өнерді дәріптеу, дарынды балаларды қолдау және қазақ күйінің дәстүрлерін сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Қала және аудан мектептерінің қатысушылары "Үздік күй","Үздік термеші"атты екі номинацияда өнер көрсетті.
Қазылар алқасы қатысушылардың шеберлігін, орындау техникасын және көркемдік көзқарасын бағалады. Жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1. "Үздік күйші" номинациясы
1 орын: Сансызбай Али, ІТ лицей
2 орын: Шуленбай Дария, Зеленобор МГ
2 орын: Сапожников Давид, Ұрымқай ЖББМ
3 орын: Құмарбек Құндыз, Ұрымқай а. ЖББМ;
3 орын: Канқызы Кәусар, Ұрымқай а. ЖББМ
2. "Үздік термеші" номинациясы
1 орын: Байжанова Алтынай, № 3 ЖББМ Щучинск қ.; Жеңімпаздар Бурабай ауданы бойынша білім бөлімінің грамоталарымен марапатталды.