2025 жылға арналған аудандық іс-шаралар жоспары негізінде 2025 жылғы 10 Сәуірде 15. 00 барлық лигалардың пікірсайыс клубтарының басшылары үшін онлайн форматта аудандық семинар өтті.
Семинар тақырыбы: аудандық пікірсайыс турниріне мектеп командаларын дайындау ерекшеліктері. 2025 жылғы 25 ақпандағы пікірсайыс турнирін талдау.
Модератор: аудандық пікірсайыс клубының басшысы Ж. М. Төлегенов
1. Аудандық пікірсайыс клубының басшысы Ж.М. Төлегеновтың пікірсайыс турниріне оқушылар командасын дайындау тақырыбы бойынша сөйлеген сөзі.
2. Аудандық пікірсайыс клубының жаттықтырушысы А. Т. Сүлейменованың 27.02.2025 жылғы пікірсайыс турнирін талдау тақырыбы бойынша сөйлеген сөзі .
3. Аудандық пікірсайыс турнирлерінің бас төрешісі Алтынбек Дағыстанұлының пікірсайыс турнирлерін өткізу кезіндегі негізгі қағидаттар, ережелер мен критерийлер тақырыбы бойынша сөйлеген сөзі.
4. Аудандық пікірсайыс клубының жаттықтырушысы А. Е. Нұржасарованың кейс қалыптастыру; талаптар, тәсілдер және құрылым тақырыбы бойынша сөйлеген сөзі.