Бүгін ұлы дата – Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында мектебімізде спортшылар, ұстаздар, мектеп оқушылары мен мереке қонақтарының басын қосқан «Арман» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының кубогы үшін волейболдан аудандық турнир өтті.
Турнирдің басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттап қана қоймай, өскелең ұрпақтың бойына отансүйгіштік сезімін ояту, басымыздан бейбіт аспан сыйлаған ата-бабаларымыздың ерлігін қастерлеу.
Турнирге 6 команда қатысты, оның ішінде «Білім-Инновация» IT мектеп-лицейі, Щучье қаласының №2 мектебі, Щучье қаласының №8 мектебі, Зеленый Бор ауылының мектебі, Қарашілік ауылының орта мектебі және Урумқай ауылының орта мектебінің командалары.
Жарыстар шиеленісті, бірақ достық жағдайда өтті. Жанкүйерлер өз командаларын белсенді түрде қолдап, мерекелік көңіл-күй мен эмоционалды қолдау көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша тамаша ойын, ауызбіршілік танытып, Ұрымқай мектебінің командасы жеңіске жетті.
2 орын – Зелений Бор мектебінің командасы
3 орын – «Білім-Инновация» IT мектеп-лицейі
Щучье қаласының №8 мектебінің командасы «Жеңіске деген ерік-жігері үшін» сертификатымен марапатталды.