Текст
Тақырыбы: "Су - біздің байлығымыз! Суды бірге үнемдейік"
Күні: 25 сәуір
Тәрбиеші Зукенова Сауле Капеновна
«Росток» тобы
Сабақ әңгімеден басталды, оның барысында балалар су туралы жұмбақ тауып, судың күнделікті өмірде қайда және қалай қолданылатынын айтты. Балалар қызығушылықпен алған білімдерін ортаға салып, талқылауға белсене қатысып, суды күнделікті өмірде ұқыпты пайдалану жолдарын ұсынды.
Сабақ достық және тәрбиелік атмосферада өтті. Балалар белсенділік, қызығушылық танытып, су туралы білімдерін кеңейтіп, табиғат байлықтарын күту дағдыларын шыңдады.