БІЗДІҢ ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗ!
Бүгін Ақмола облысының қосымша білім беру ұйымдары мен ведомствоаралық құрылымдарының қызметкерлері арасында өткізілген "BS-Жалын" I спартакиадасының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Спартакиада барысында қатысушылар рухтың күшін, табандылығын және нағыз командалық жұмысты көрсетті.
"Арман" балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығы педагогтерінің командасы спорт пәндерінің 9 түріне және вокалдық конкурсқа қатысып, жоғары дайындық пен бірлікті көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша біз жүлделі 2 орын алдық!
👏 Біз энергиясы, табандылығы және жеңіске деген ұмтылысы барлығына үлгі болған әріптестерімізді мақтан тұтамыз!
🙏 Әр қатысушыға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ ұйымдастырушыларға жарқын спорт мерекесі үшін алғыс айтамыз!
Жарайсыздар 👍
Рахмет @bolashak_sarayi_sport @bs_aqmola
спартакиаданы ұйымдастырғаны үшін