Текст
13.10.2025
№4 ЖББМ базасында "Жеткіншек" аула клубында Мектептен тыс күнге арналған "Спорттық драйв" өтті.
Іс-шара жарқын флешмобтан басталып, қатысушыларды энергиясымен баурап алды. Одан кейін балалар эстафетаға қатысып, жылдамдық пен ептілік сыналатын сайысқа түсті, бір-біріне қолдау көрсетті және уақыттарын керемет өткізді!