Текст
13.10.2025
22-25 қыркүйек күндері Зеренді к. жас туристердің облыстық слеті өтті.
"Арман" орталығының тәрбиеленушілері Бурабай ауданының намысын қорғап, белсенді өнер көрсетті.
Балалар 5 туристік сайысқа қатысты: логикалық кедергілер, шатырды тігу және жинау, туристік ән, туристік кедергілер, туристік түйін. белсенді қатысқандары үшін балаларға туристік арқан сыйлыққа берілді. Сонымен қатар Спорт және туризм орталығы жартасқа өрмелеуден жарыс өткізді. Қыздар арасында Лизанец Валерия үздік өнер көрсетіп, тұсбағдар (компас) ұтып алды.