02.12.2025
1 желтоқсанда "Көкшетау" сарайында Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналған облыстық іс-шара өтті. Акцияны Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы ұйымдастырды
Іс-шара аясында АИТВ-инфекциясы туралы білім деңгейін арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға, сондай-ақ медициналық және білім беру ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған профилактикалық және ақпараттық-ағарту жұмыстары жүргізілді.
АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу бағытындағы белсенді және жүйелі жұмыстың қорытындысы бойынша "Арман" балалар шығармашылығы орталығы облыстық ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес орталығының алғыс хатымен марапатталды. Алғыс мекеменің бас дәрігері — Нұрлан Сәлімұлы Ахильбековтың қолымен табысталды.
Әріптестерді құттықтаймыз!